Бір атаның балалары (үзінді)
Ал, ағайын, тегіс жиналсаң сөзіме құлақ сал, – деді басқарма. — Өздерің
білесің, мен: «Жұмысшы әкелем!», – деп кеттім... Үкімет біздің Бұлғыртау ауда-
Hының тоғыз қолқазына елу төрт бала жіберген екен. Жер аяғы шалғай, мен
барғанша ересектерін бөліп әкетіпті. Менің әкелгенім – алты-ақ бала. Бәріңе
жетпейді. ... Əзір қолда барын Құдай жолымен бөлем...
...Ал, Дәуренбек,
— деді басқарма. – ...Дүкіметіңді оқы, балалардың мән-
жайын айт.
Стройдың басында тұрған екеу – қазақ балалары, үлкені сегізде, кішісі алты-
да. Мынаусы — Ертай, анаусы — Нартай, екеуі ағайынды. Бұлардан соңғы — татар
баласы, аты — Рашид, жетіде. Көзі сығырайған жалпақ бет, тақырбас қара —
әйел бала, қалмақ я дүнген, жасы алтыда. Қасындағысының аты Яков, Тоғызда,
қолағаштай мұрнына қарағанда, жойыт тәрізді, бірақ документте: «орыс», - деп
жазылған, қайдан кеп, қайдан тұрғаны белгісіз әрі мылқау. Ең соңындағы — жаңа
алдымен шыққан қасқа, жетіде. Сіздерден жасыратын не бар, тегі жаман: неміс.
Бұл баланың орны детдом емес еді, әке-шешеден бірдей айырылып, панасыз
қалған соң алынған екен. Өкіметтің кеңшілігі көп. Енді осы араға келіп тұрған
жайы бар.
...Ахмет шал балаларды жағалай басынан сипап өтті де ең шетте тұрған неміс
баласының қолынан ұстады.
Мен осы мықтының өзін қаладым. ...Баламның атын айт,
Зигфрид Вольфганг Вагнер. Қарық болдыңыз! — деді Дәуренбек мырс етіп,
- Е, жөн-ақ, деді Ахмет ақсақал. — Келісті жақсы ат екен. Айналайын, жүр
үйге, кеттік. Апаң күтіп отыр...
...Жылы қымтаулы төсекте жатқан, ет желініп бітпей-ақ ұйқыға кеткен Зигфрид
Вагнер ертеңіне таңертең «Зекен Ахметұлы Бегімбетов» болып оянды.
составьте 4 вопроса
менің сабағымның сенің сабағыңның оның сабағының
менің сабағыма сенің сабағыңа оның сабағына
менің сабағымды сенің сабағыңды оның сабағын
менің сабағымда сенің сабағыңда оның сабағында
менің сабағымнан сенің сабағыңнан оның сабағынан
менің сабағыммен сенің сабағыңмен оның сабағымен
сіздің сабағыңыз, сіздердің сабақтарыңыз
сіздің сабағыңыздың, сіздердің сабақтарыңыздың
сіздің сабағыңызға, сіздердің сабақтарыңызға
сіздің сабақты, сіздердің сабақтарыңызды
сіздің сабақта, сіздердің сабақтарыңызда
сіздің сабақтан, сіздердің сабақтарыңыздан
сіздің сабақпен, сіздердің сабақтарыңызбен
сендердің сабағың, олпрдың сабағы
сендердің сабақтарыңның, олардың сабақтарының
седердіңсабақтарыңа, олардың сабақтарына
сендердің сабақтарыңды, олардың сабақтарын
сендердің сабақтарыңда, олардың сабақтарында
сендердің сабақтарыңмен, олардың сабақтарынан
сендердің сабақтарыңмен, олардың сабақтары
Жеміс – жидек пен көкөкністің адам ағзасына пайдасы.
Үнемі жеміс – жидек пен көкөністерді тағамға пайдалану адам өмірін ұзартып, ағзаға оң әсер етеді. Әр жеміс – жидек пен көкөністің құрамында өзіндік ерекше табиғи дәрумендері болады. Пісу маусымына байланысты жылдың әр мезгілінде жеміс – жидек пен көкөністі үстеліңізден үзбей қолданған абзал, әсіресе, маусым арасында мұндай табиғи дәрумендердің маңызы арта түседі.
Ғалымдардың соңғы зерттеулеріне сүйенер болсақ, кейбір көкөністер мен жемістер кей аурулардың алдын алуға да септігін тигізеді. Мысалы, жасыл және сары түсті көкөністер: саумалдық, бұрыш және де шаршыгүлді өсімдіктерді, оның ішінде түсті қырыққабатты пайдалану қатерлі ісіктің алдын алуға үлкен септігін тигізеді. Ал жүрек-қан тамырлары ауруларын алдын алу үшін алма, алмұрт, цитрусты жемістерді көптеп пайдаланып, крестгүлді өсімдіктерден түрлі салаттарды дайындап жеген пайдалы. Сонымен қатар, көкөніс пен жемістерді күнделікті пайдалану ағзадағы холестерин деңгейін төмендетіп, қан қысымын қалыпты нормада ұстап, қан айналым жүйелерін ретке келтіріп және де иммундық жүйені жақсартуға ықпал етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кем дегенде тәулігіне бес мәрте (400 грамм шамасында) кез-келген, тіпті мұздатылған, көкөніс пен жемістерді қабылдауға кеңес береді.