В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
marinakrivoshe
marinakrivoshe
27.12.2020 15:28 •  Қазақ тiлi

Бір күні қожанасыр бақшада жұмыс істейді. түс мезгілі болатын. қожанасыр түскі астан кейін ағаштың астында демалады. ағашта өсіп тұрған өрік пен жердегі асқабақты көріп: «осы табиғатқа таң қаламын. өрік ағашы өте үлкен. бұтақтары, жапырақтары өте мықты. бірақ жемісі өте кішкентай әрі жұмсақ. асқабақтың сабағы мен жапырағы өте әлсіз. ал жемісі өте үлкен әрі қатты. бұл дұрыс емес. өйткені өрік пен асқабақтың жемісі ауысып кеткен», - деп ойланады. дәл сол кезде басына өрік келіп түседі. орнынан атып тұрған қожанасыр былай дейді жауабы: орнынан атып тұрған қожанасыр былай дейді: «осыдан былай табиғатқа тіл тигізбеймін. табиғаттағы барлық нәрсе өз орнында. егер өріктің орнында асқабақ болса, мен тірі қалмайтын едім». неге екен? жауабы: шынында да табиғатта үлкен тепе-теңдік бар. әрқайсысының өз орны бар. әрбір нәрсе өте керемет жасалған. және бұл табиғат заңына бағындырылған. бұның бәрі тегіннен-тегін емес. соны ойланған бар ма?

Показать ответ
Ответ:
8479
8479
23.05.2022 05:44

Мәтіннің атауы:Тіл

Тірек сөздер:тіл,үлкен өнер,ерекше қабілет,рухани даму,ұлы қасиет,жетісьіктерге жету,қаоым қатынас.

Негізгі ақпарат:Тіл ұлы қасиет.

Қосымша ақпарат:Тілім менің

Тілім менің - таусылмайтын байлығым. Ең құдіретті де қастерлі өз ана тілім. Шыр етіп дүниеге келгеннен бері ана тіліммен өсіп келемін. Ана тілі арқылы алғашқы әліппені таныдым. Содан бері міне, өз ана тіліммен сусындап келемін. Өз тарихымды танып білдім. Туған тіліміздің абыройын асқақтату – әрбір азаматтың борышы. Себебі, біздің болмысымыз, салт - дәстүріміз, дініміз, мәдениетіміз осы тілімізде жатыр. Тәуелсіз елдің жас ұрпағын парасатты, білімді, іскер, қабілетті, ұлтжанды етіп қалыптастыруда мемлекеттік тіліміздің атқаратын қызметі өте жоғары. Сондықтан да туған еліміздің мемлекеттік тілін білуге міндеттіміз. Өйткені, тіл - ата - бабамыздан бізге қалған аманаты. Ата - баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз. Тіл арқылы ақындарымыз бен жазушыларымыздың. даналардың сөздерін, өлең - жырларын оқып білеміз, олардан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Елінің болашағын ойлаған,. құрметпен қараған әрбір азамат ана тілін сақтап қалуы үшін қолынан келген көмегін аямауы тиіс. Асыл қазынамызға айналған қазақ тілінің құндылығының арта беруіне әрдайым өз үлесімді қосамын. Тәуелсіз Қазақстанның көгінде көк байрағымыз желбіреді, әр қазақтың жүрегінде Әнұранымыз айтылды, өзіміздің қазақ тілімізбен қайтадан қауыштық. Қазақстан Республикасының тіл туралы Заңы қабылданды. Бұның бәрі Елбасының көреген саясатының арқасында деп білемін. Ендігі біздің міндетіміз тілімізді сақтап, сол тілде сауатты жазып, ойымызды қазақ тілінде таза жеткізу, ардақтап құрметтеу.

Лайк за старания

0,0(0 оценок)
Ответ:
45df45
45df45
23.05.2022 05:44

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ мәдениетінің тарихында үлкен бір дәуірді алып жатқан алып тұлға. Ол өзінің құдай берген талантын туған халқына деген сүйіспендікпен суғарып, толассыз еңбекпен шыңдаған қайсар да қаһарман ғалым. Ол – қараңғылық тұңғиығынан жарық жұлдыздай жарқырап шығып, айналасына нұр, шуақ себумен өткен ағартушы. Не оқыту жүйесі, не өзіндік жазуы қалыптаса қоймаған, мал соңына ерген, малмен бірге ұйықтап, малмен бірге жусаған қалың ұйқыдағы халқының қамын жеп, сауатын ашпақ боп сары масадай ызыңдаған үлкен ақын, тілім деп түн ұйқысын төрт бөлген талантты тілші, шебер аудармашы, түркі тілдес халықтар тұлға тұтқан түрколог қоғам ісіне араласқан мемлекет қайраткері. Бұл санамалап отырған атақ, дәреже, лауазымдардың өзінен өзі келмегені мәлім. Ол талмай ізденіп тамаша туындылар берген. Өмірдегі өзінің басты мақсатын – туған халқына қызмет ету деп түсінген Ахаң (Ахмет Байтұрсынов) небір тар, тайғақ кешулерден өте келе тамаша еңбегімен қазақ халқының ары мен ұятына айналған өте күрделі де, көсем тұлға.

Оның дүниеге келер тұсы патша ағзамның бұратана елдерді билеп төстеудің айла-шарғыларын емін-еркін іске жаратып жатқан кезі болатын. Қазақтың әлденеше ғасырға ұласқан хандық, билік құрылымының быт-шыты шығып, «күштілерім сөз айтса, бас имеймін шыбындап» деп тұрған сәті еді. Ахметтің дүниеге келуі қалыптаса бастаған халықтың тұтастығының береке-бірлігінің сәні кетіп, ел-жұрты «балапан басымен, тұрымтай тұсымен» жүріп жатқан дәуір еді.

1873 жылдың қаңтар айының соңғы күндерінің бірінде бұрынғы Торғай уезі Тосын болысына қарайтын Ақкөл жанындағы Сартөбек деген жерде Байтұрсын шаңырағында Ахмет есімді сәби келеді дүниеге.

Текті тұқым, жақсы тәрбие, құнарлы топыраққа түскен дән тәрізді, жемісін молынан береді емес пе? Ахмет те тумысынан зейін де зерек бала болып өседі. «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» демекші Ахаң ең алғашқы тағлымды, жөн-жосықты өз шаңырағынан алады. Өз әкесі Байтұрсын, оның әкесі Шошақ Үмбетей еліндегі көзі ашық, көкірегі ояу, пікірін ашық та айқын айта білетін өте батыл болғанға ұқсайды. Әуелі Шошақ, кейін Байтұрсын балаларын Араб елдері мәдениетінен сусындатқысы келген. Иран, Түркияға жіберіп те оқытуды ойлаған.

Сонымен бірге Шошақ әулеті, әсіресе Байтұрсындар ешқандай әділетсіздікке төзбейтін қайсар тұқым болса керек. Көпшілікке белгілі оның бір мысалы – осы аймаққа билігін жүргізіп тұрған ояз Яковлевтің оспадар қылығына, озбырлығына шыдай алмай Байтұрсынның қарсылық білдіргені. Ал Яковлев шабармандары Байтұрсынның әділ талабына құлақ асудың орнына, таяқтың астына алады. Бұған да төзген ол Яковлевтің өзіне: «Мына бассыздық пен заңсыздықты тоқтатыңыз» дейді. Сөйтсе ояз «Сен, киргиз ит, жөніңді біл!» деп оны бетіне түкіріп жіберсе керек. Міне, бұл қорлыққа көне алмаған Байтұрсын Яковлевті аттан жұлып алып басын жарады да, жандайшаптарына тұра ұмтылады.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота