Бір мәтінді таңдап, көтерілген мәселе туралы әңгімелеңіз. Тыңдалған ақпарат бойынша 2 сұрақ қойыңыз. Сұрақ қою мен жауап беруде сөз әдебі және сөйлеу этикеті формаларын қолданыңыз.
1-оқушы 1990 жылдардағы демократия, теңдік, адам құқығы мәселесі Қазақстанға сырттан келіп таңылды. «Біз де жұрттан қалмайық» деген үрдіспен өзімізде мұндай проблема болмаса да, бар сияқты көтере бастадық. Сөйтіп, керек десеңіз ол мәселе жоғары деңгейде де қозғала бастады. Қазіргі күні осы тақырыпқа орай арнайы жобалар жасалып, қаражат бөлінетін болды. Шындығында, бұл негізінен Батыс елдерінің өзекті мәселесі. Мысалы, кезінде Америка мектептерінде директор болып қызмет ететін ер адам мен әйел адамның жалақысы екі түрлі болатын. Қазір енді ғана теңестіріліп келеді. Өйткені оларда барлығы бірдей тарифпен есептелмейді. Өздерінің қамқоршылық кеңестері бар. Сондықтан жалақы да әртүрлі болуы заңды. Ер мен әйелдің тең құқылығы осы тұста туындайды. Неліктен? «Екеуміздің жұмысымыз бірдей, екеуміз де мектеп директорымыз, неге ерлер көп алады, неге біз аз аламыз?» Міне, бұл жерде әйел адамды кемсітушілік бар. Еңбекке ақы төлеудің теңдігі сақталмай отыр деген сөз. Ал бізде бұл мәселе жоқ. Әйел адам болсын, ер адам болсын, директордың жалақысы бірдей. Бұл – бір ғана мысал. Соған байланысты Батыс елдерінде ер мен әйелді жасанды түрде теңестіру мәселесі басталды. Мысалы, Скандинавия елдерінде парламент депутаттарының 50 пайызы әйел, 50 пайызы ер адам болуы міндетті деген сияқты арнайы заңдар қабылданған. Баяғы Кеңес үкіметі кезінде депутаттардың 30 пайызы еңбекшілерден, 20 пайызы шаруалардан, 10 пайызы интеллигенциядан болуы керек деген сияқты ережелер болды
Братья в ладу – коней много, невестки дружны – еды много. – Ағайын тату болса ат көп. Абысын тату болса ас көп.
Болезнь с ветром приходит, а с потом выходит. – Ауру желмен келiп, термен шығады.
Богатство бедняка – его здоровье. – Жарлының байлығы – дененiң саулығы.
Возьми замуж дочь, прежде узнав, кто её мать. – Анасын көріп қызын ал.
В дружном доме вся еда вкусная. – Тату үйдiң тамағы тәттi.
Все земли хороши, но своя – лучше всех. – Ел-елдің бәрі жақсы, Өз елің бәрінен де жақсы.
В своей норе и крот чувствует себя сильным. – Өз елінде кортышқан да батыр.
Глядя на отца, растёт сын. – Әкеге қарап ұл өсер.
Где-то, говорят, золото валяется, а пойдёшь – меди не найдёшь. – Пәлен жерде алтын бар, Іздеп барсам мыс та жоқ.
Голод еду не выбирает. – Аштық ас талғатпайды.
Где-то, говорят, золота навалом, но родина лучше и без золота даром. – Пәлен жерде алтын бар, Өз жеріңдей қайда бар.
Дырявый шалаш матери лучше, чем золотой дворец родичей. – Ағайынның алтын сарайынан ананың жыртық лашығы артық.
Дом с детьми, что базар – шумлив и весел; дом без детей, что могила – тих и печален. – Балалы үй — базар, баласыз үй – мазар.
Добрая слава отца сорок лет служит непутёвому сыну. – Жақсы әке — жаман балаға қырық жылдық ризық.
Добрый знакомый лучше плохой родни. – Жаман туыстан жат артық.
Даже если трижды на себе мать в Мекку перевезёшь – с долгом перед ней не рассчитаешься. – Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың.
Если родня богатая – маслом будешь закусывать. – Ағайының бай болса, асағаның май болар.
Еда человеку силы даёт. – Ас – адамның арқауы.
Если будешь закаляться – будешь здоровым. – Шынықсаң – шымыр боласың.
Если не нашёл счастья дома, не обретёшь и на чужбине. – Үйде оңбаған, Түзде де оңбайды.
Завершенному делу критиков найдется немало. — БІТКЕН ІСКЕ СЫНШЫ КӨП.
Зять – на сто лет, сват – на тысячу. – Күйеу жүз жылдық, құда мың жылдық.
Здоровый телом и духом здоров. – Тәнi саудың жаны сау.
И лук на родине сладок. – Туған жердің жуасы да тәтті.
Кто с роднёй в мире не живёт, тот в просторном мире места не найдёт. – Туғаныңмен сыйы кең дүниеге сыймассың.
Любовь к родине у семейного очага зарождается. – Отанды сүю – от басынан басталады.
Маленький воробей и тот своё гнездо оберегает. – Құртақандай торғай да, Өз ұясын қорғайды.
Не умеющий расчёсывать шёлк, превратит его в шерсть, не умеющий заботится о дочери, превратит её в рабыню. – Жібекті түте алмаған жүн етеді, қызды күте алмаған күң етеді.
Не велико заблуждение, коль назад нашёл дорогу к своим. – Адасқанның айыбы жоқ, Қайтып үйірін тапқан соң.
На свежем воздухе долго быть – долгую жизнь прожить. – Тыста ұзақ жүргенiң – ұзақ өмiр сүргенiң.
Нет приятной болезни, нет сладкого лекарства от неё. – Аурудың жақсысы жоқ, дәрiнiң тәттiсi жоқ.
Нет земли лучше родины, нет людей лучше, чем на родине. – Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
Ноша отца тяжела, как вьюк верблюда. – Атаның жүгі — атанның жүгі.
Никудышняя родня успехам завидует, а в нужде не может. – Жаман ағайын бар болсаң көре алмайды, Жоқ болсаң, бере алмайды.