Бір тақырыпқа таңдау жасап,сол тақырып бойынша жұбыңызбен диалогке түсіңіз (10-11 сөйлем).Диалог құрауда сөз әдебі мен сөйлеу этикетін ескеріңіз. Ұсынылатын тақырыптар: 1.Қазақ жазуының қалыптасуы және даму тарихы туралы сөйлесіңіз. 2.Көшпенділер мәдениетін көз алдыңызға елестетіп,әңгімелеңіз. 3.Бұрынғы кездегі жолаушы мен қазіргі кездегі жолаушының айырмашылығы қандай? 4. І. Есенберлиннің "Көшпенділер" трилогиясынан ұнаған эпизод қандай? 5.Латын графикасына көшудің қандай басым тұстары бар?
Петропавл (қазақша кеңінен қолданылып жүрген атауы «Қызылжар») — Солтүстік Қазақстан облысының қаласы, облыс орталығы (1936 жылдан). Қаланың негізі Есіл өзеннің оң жағалауында 1752 жылы қаланған.[4]Паланың іргесі 1752 жылы патшалық Ресейдің қазақ жерін отарлау саясатына сәйкес Петр І-нің әскери бекінісі ретінде қаланған. Алғашында әскери форпост, кейіннен сібір татарларының (түркілердің) қаласы атанып, Ресейдің Солтүстік және Орталық Қазақстанды отарлау кезіндегі негізгі тірек пунктіне айналды. 1838 жылы Есіл округінің, 1868 жылы Ақмола облысының құрамына еніп, уездік қалаға айналды. 1868 жылдан кейін Петропавл Сібір менТүркістан сауда жолының бойында орналасуына байланысты Ресей мен Орта Азия хандықтарының және қазақ даласы арасындағы сауда қатынасының ірі орталығы болды. Мұндай ірі сауда орталығына айналуына Абылай сұлтанның Орынбор және Сібір губернаторларынан Қызылжарда (қазіргі Петропавл қаласында) ірі сауда орталығын ашуға рұқсат алуы болды. Петропавлдегі сауда айналымы жылдан жылға ұлғая түсті және орыс көпестері менОрта жүз қазақтары арасында сауда-саттық жүрді. 18 ғасырдың соңында шағын елді мекеннен (форштадт) ірі сауда орталығына айналды. Патша өкіметі Петропавлда сауданың дамуына көмек беріп, онда қалалық Қоғамдық банк ашты (1871). Кейін ол Мемлекеттік банк болды (1880). 1849 жылы 7 май, 7 былғары, 4 сабын, 17 кірпіш зауыты, диірмендер, т.б. кәсіпорындар жұмыс істеді. 1912 жылы мұнда 600-ге жуық сауда мекемесі болды. Қаланың одан әрі дамуына Транссібір темір жолының салынуы үлкен әсер етті.етропавл автомобиль, әуе, өзен және темір жолдарының ірі торабы. Батыс Сібір ойпатының оңтүстік-батысындағы Есіл жазығының орманды-дала белдемінде, Есіл өзененнің оң жағасындағы «Қызылжар» деп аталатын ежелгі қазақ қонысының орнында орналасқан. Тұрғыны 204,8 мың адам (2011 жылғы 1 мамырғы жағдайына сәйкес)
1.Ата-ана – отбасының негізгі діңгегі, бастапқы дәнекері. Дәстүрлі қазақ отбасында ата-ананың қадірі ерекше әспеттелген. Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ. Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды. Бала, бала, бала деп, Түнде шошып оянған. Түн ұйқысын төрт бөліп, Мұзды бесік таянған, - да ана, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана. Халықтың халықтығының басты нышаны – туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын да ана. Сондықтан әрбір ұлттың рухани өзегі, қан тамыры болып табылатын тілі – Ана тілі деп аталады.
Әсіресе, тіршіліктің қайнар көзі, махаббаттың шуақ күні, мейірімнің кәусәр бұлағы – Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ. Сондықтан ананы ардақтамайтын халық та жоқ.
Ана баланы тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймайды.
Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған.
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Мұзды бесік таянған, -
да ана, көзінің қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да ана. Халықтың халықтығының басты нышаны – туған елінің тілін үйретіп, сазына қандыратын да ана. Сондықтан әрбір ұлттың рухани өзегі, қан тамыры болып табылатын тілі – Ана тілі деп аталады.