Бір тойым болатыны сөзсіз менің, Дәл қай күні екенін айта алмаймын.
Бірақ… бірақ…
Ешкімді де билетпей қайтармаймын.
Онда ортаға тасталар ұран сондай:
Қайта алмайды қартың да бір ән салмай,
Жиырма бестің бәрін де сабылдыртам, ..
Мен өзім де ән салам түн ауғанша,
Менің жаным бұл күнге құмар қанша!
Бәйге берем жығылған палуанға да,
Адалдығы сезіліп тұрар болса.
Қыз қуатын жігітке ат беремін,
Жанам деген жүрекке от беремін.
Мен әйтеуір бар жиған-тергенімді
Бір тамаша той қылып өткеремін.
Біздің үйді сол күні бетке ал, қауым, Нысанаға ап
қуаныш тоқталмауын.
Мен бұл тойдан тілеймін жылап тұрып,
Қазанымда бір асым ет қалмауын...
Төлеген Айбергенов.
1-тапсырма. ПОПС формуласы. Мәтіндегі автордың түрлі көңіл күйін
сипаттай отырып, өлеңнің идеясын талдаңыз.
Бірінші сөйлем «Менің ойымша, өлеңде автордың ... (көңіл күйі) байқалады».
Екінші сөйлем «Себебі оны былай түсіндіремін (өлеңдегі көңіл күйге қатысты
ақпарат)… »
Үшінші сөйлем «Оны мына мысалдармен дәлелдей аламын (өлеңнен дәлел) … »
Соңғы сөйлем «Осыған байланысты мынадай қорытынды шешімге келдім (идея) ».
Жазылым. «Достық қиындықта сыналады» деген тақырыпта эссе жазыңыз. Бұл
пікірмен келісесіз бе әлде келіспейсіз бе? Өз ойыңызды дәлелдеу үшін бірнеше
аргумент ұсыныңыз. 120-130 сөз.
Қазақстан. Құшағы ыстық, құлашы кең байтақ өлке. 130-дан астам ұлт өкiлiнiң бiр атаның баласындай ырыс пен ынтымақта өмiр сүрiп келе жатқандығы бұл сөзiмiзге айғақ. Мен қазақ халқының мұндай мейiрбандығын, қонақжайлылығын кең пейiлдiлiгiн үнемi мақтан етiп келемiн. Осыншама ұлт пен ұлыстың өкiлi бiрге тұрып, бiрге жасап, бiр мақсатқа жұмылып өмiр сүрiп келе жатқандығы Елбасымыздың дана саясатының нәтижесi болса керек. Алматының өзiнде ғана 30-дан астам түрлi ұлттардың мәдени орталықтары бар. Олар Қазақстан халқы ассамблеясының үлкен шаңырағы астына топтасқан.
Ұлтаралық қатынастың жақсы жолға қойылуы, халықтар достығының нығаюы, әсiресе, бiздiң Қазақстан сияқты көп ұлттың өкiлi тұратын, демократиялық жолмен дамып келе жатқан республика үшiн өте қажет. Бұл бағытта елiмiз егемендiк алғалы қыруар шаруалар жүзеге асты және асырыла бермекшi. Солардың ең негiзгiсi Қазақстан халқы ассамблеясының құрылуы. Ассамбляның негiзгi бағыты – елiмiздiң тарихына терең үңiлiп, ұлттық дәстүр мен мәдениеттi, ана тiлiмiздi сақтау және дамыту және ұлтаралық ынтымақтастық пен сабақтастықты мейлiнше өркендету. Осы орайда Қазақстан Республикасының Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбегi ұшан-теңiз екенiн айтуымыз керек. Елбасы «Қазақстан 2050 Стратегиясын» жасап әр ұлт өкiлдерiнiң мiндеттерiн айқындап бердi. Ал Ассамблея ұлттар достығының алтын көпiрiне айналып отыр. Бүкіл дүниежүзінде халықтар мен этностардың мүддесін ойлайтын аса мәртебелі Біріккен Ұлттар Ұйымы ҚХА-ның республикамызда қоғамдық өмірдегі атқаратын рөлін кішігірім біріккен ұлттар ұйымы деп атауы тегін емес. Себебі ҚХА дүниежүзілік деңгейде, Біріккен Ұлттар Ұйымында, ЕҚЫҰ-да өзінің жоғары бағасын алды. Қазақстан Халқы Ассамблеясы өз болмысы арқылы барлық ұлттар мен ұлыстардың басқа кез келген халықпен терезесінің тең, керегесінің кең екендігін көрсетіп отыр. Міне Елбасымыздың ұлтаралық мәселені шешудегі ұлылығы, көрегенділігі мен даналығы осында деп білемін.
менің ойымша, Қазақстанның табиғаты өте сұлу әдемі жәнеде өте сирек кездесетін табиғат
Себебі, біздің елде әдемі таулар, көркем жерлер, үлкен ұлы дала, көптеген қызыл кітапқа енген жануарлар бар. Біздің Қазақстанда әдемі жерлер әрбір қалада бар.
Мысалы, бурабай таулары. Ол жақта Оқжетпес тауы бар, үлкен қол бар және ақ қайың бар Бурабай Көкшетауда орналасқан ол жақта көптеген турист адамдар барады.
Қорыта айтқандай, Қазақстан ол көркем дала жәнеде биік бейнелі ел.
могу перевести на русский если нада)