В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
VasyaKotikSnake
VasyaKotikSnake
21.02.2021 01:18 •  Қазақ тiлi

Бірде төле би Мойынқұмдағы​

Показать ответ
Ответ:
Flarissa163
Flarissa163
05.11.2022 02:30

Минералды судың пайдасы туралы диалог құрастыру.

Серікжан: Әке, бізге үй тапсырмасында минералды судың пайдасы жайлы жазуды тапсырған болатын, маған көмектесе аласыз ба?

Әкесі: Ия, балам. Жалпы, тек минералды су ғана емес, сонымен қатар ауыз су да адам ағзасына пайдалы, оның ағза үшін маңызы зор екенін білесің бе?

Серікжан: Ия, әке, ол туралы алдыңғы сабақта оқығанбыз. Адам ассыз 20 күн өмір сүре алады, бірақ сусыз бір апта да жүре алмайды, өйткені біздің ағзамыз 70-80% судан тұрады.

Әкесі: Дұрыс айтасың. Судың біз білмейтін өзге де қасиеттері бар:

1. Иммунитет жүйесін құрайтын жілік майының түрлі ауруға қарсылығын күшейтеді.

2. Су – азық, дәрумен және минералдардың негізгі еріткіші.

3. Су азық құрамындағы керекті элементтердің ағзаға сіңуін арттырады.

Серікжан: Ал минералды судың пайдасы қандай?

Әкесі: Өз атынан белгілі болып тұрғандай, ол судың құрамы табиғи минералдарға бай.  Тазартылған және асханалық ауыз судан табиғи минералды судың айырмашылығы ол құрылымы жағынан жақсы, ағзаға қуат береді, осылайша түрлі вирустар мен инфекцияларға қарсы тұруға көмектеседі.

Табиғи минералды су ағза тонусын жақсартады, сондықтан дәрігерлер мұндай суды ауқымды ақыл-ой еңбегі және физикалық жүктемелер кезінде ішуге кеңес береді. Сонымен қатар, ол жүйке жүйесіне, артериялық қысым көрсеткішіне оң әсер етеді.

Серікжан: Жай судың өзінде сонда емдік қасиеттер бар екен ғой, қызық.

Әкесі: Ия,балам, жай су болғанымен, ол судың өмірімізде маңызы аса зор екенін ұмытпа.

0,0(0 оценок)
Ответ:
Angela280
Angela280
28.07.2022 06:18
Ақтау қаласында ЖАҢА МҰРАЖАЙ АШЫЛДЫ

Белгілі жыршы-термеші Сүгір Бегендікұлын кім білмейді? Оның орындауындағы шығармалар мәдениетіміздің ұлттық қазынасына айналды. Әсіресе, батыс өңірінің, соның ішінде Маңғыстаудың дәстүрлі ән, жыр мектебін қалыптастыруда оның өзіндік үлесі мен қолтаңбасы бар. Бүгінде Сүгірдің сазы, Сүгірдің термесі кең-байтақ қазақ елін шарлап кетті. Шет елдерде де орындалып, қазақ деген халықтың терме өнерінің құдіретін әлемге таратып, паш етті. Оның шығармасын орындаушылардың бүтін бір тобы қалыптасты.

С.Бегендікұлы жақсы орындаушы болумен бірге, өзі ән-терме шығарып, өзіндік мектеп қалыптастырған белгілі сазгер де. Мәселен, қазіргі күнде сахнадан түспей орындалып жүрген «Сүгірдің термесі» соның бір мысалы. Оның қайталанбас, өзіндік мақамын айтыс ақындары да пайдаланып жүр. Осындай тума талантқа өзінің кіндік қаны тамған жерінде құрмет те аз көрсетіліп жатқан жоқ. Кызылсай ауылындағы орта мектеп оның атымен аталады. Мектеп алдына келісті ескерткіші де қойылды. Осының барлығы белгілі өнер иесіне деген халықтың ыстық ықыласы деп білген жөн.

Қашан да тума таланттар мен шығармашылық азаматтарға қамқор болып, қолдап жүретін Жаңаөзен қаласының әкімдігі өнер сүйер қауымның өтініші мен тілегін ескере отырып, термеші сазгердің Қызылсай ауылынан жеке мұражайын ашуға мұрындық болды. Және осы игілікті істің басы-қасында жүрген ауыл әкімдігі мен ақсақалдар кеңесінің еңбегін де ұмытуға болмайды.

Жаңа мұражайдың ашылуы ауылда үлкен той ретінде өтті. Ақындар айтысы мен мүшәйрасы, түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылды. Сүгірдің шығармаларын қазіргі жас өнерпаздар келстіре орындады. Салтанатқа Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Исахан Сағынбаев қатысып, жаңа нысанның ашылуымен ауыл тұрғындарын құттықтап, Сүгірдің ізбасарлары жас толқынға дәстүрлі халық өнерін дамытып, насихаттауда ақ жол тіледі. Шараны ұйымдастырып, өткізуге атсалысқан  бір топ азаматтарды марапаттады.

Осы арада айрықша бір айта кетер мәселе, соңғы жылдары аймақтың шығармашылық азаматтары мен жастарын көтермелеп, қолдау білдіру де жақсы бір дәстүрдің қалыптасып келе жатқандығы. Бұған бірнеше жергілікті авторлардың кітабының шығып, шығармашылық кештерінің өтуі куә. Соның бір мысалы ретінде жақында ғана елімізге белгілі дүлдүл күйші Сержан Шакраттың 75 жылдық мерейтойының аймақ көлемінде аталып өтуі. 

Қазір Маңғыстауда рухани түлеу мен жаңару бар. Халықтық дәстүр мен өнерді құрметтеп, көкке көтеру бар. Бұл аймақтың жан- жақты кемелдене түскендігін көрсетеді. Жерлесіміз Сүгір Бегендікұлына көрсетілген құрмет соның бір мысалы.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота