Бірде Төле би Мойынқұмдағы елдің дау-дамайын шешіп, ауылына қарай қайтқанда, бір топ қарақшының қолына түседі. Сонда Төле би: «Әй, сендерге керегі мал ма, жан ба, жан керек десеңдер, қинамаңдар, тез өлтіріңдер, мал керек десеңдер, алдарыңа айдатып әкелдірейін, бізді босатыңдар», - дейді. Қарақшылар: «Бізге мал керек», - дейді. Сонда Төле би: «Менде мал көп, бай адаммын. Бірақ сендер сенбейсіңдер. Сондықтан біреуің менің атыма мініңдер, киімімді киіңдер, мен хат жазып жіберейін», - дейді . Хатты былай жазады: «Кенже ұлыма құда түстім. Соған 40 құнан атан, 20 бура, 8 ақбас атанымды осы барған адамнан айдатып жіберіңдер. Бұған қоса оң босағамда тығулы алтынымды, сол босағамдағы күмісімді қоса беріңдер». Қарақшылар екі жігітті бидің аулына жібереді. Ауыл адамдары бидің бұл хатын түсіне алмай, қатты дал болады. Сонда келіні Данагүл былай дейді: «Жоқ, би атам 40 қарақшының қолына түскен екен . 40 құнан атан дегені – 40 мықты жігіт, 20 бура дегені – 20 палуан, 8 ақбас ата дегені – 8 ақсақал кісі, ал атаған алтыны мен күмісі – баласы және келіні – мен ғой . Қой, тез жетіп, би атамды құтқарайық». Сөйтіп Данагүлдің ақылымен хатта көрсетілген малды екі қарақшының өзіне айдатып , олардың соңынан 40 жігіт, 20 палуан, 8 ақсақал, әрі Төле бидің баласы және келіні Данагүл көрінбестен қоса еріп отырады. Осылайша бұлар Төле би мен оның серігін босатып алады. Осы оқиғадан соң, Данагүлдің ақылдылығы мен тапқырлығы елге жайылыпты. Мәтіндер Стилі Тақырыбы Мазмұны
Көгершін - бейбітшілік құсы.
«Ақ көгершін, көгершін,
Қолқанат құс сен едің,
Бар кезіп қайт ел үшін,
Кең дүниенің көлемің ...» деп Ахмет Жұбанов атамыздың өлеңінде айтылғандай, барлығымыз үшін көгершін құсы – бейбітшілік пен достықтың символы іспеттес болып кеткен. Сонымен қатар ертеде көгершіндер алыс елдерден хат тасушы ретінде арнайы жаттықтырылған.
Көгершін көп халықтарда бейбітшілік белгісі, ол жер бетіне тыныштық пен береке әкелетін құс деп саналады. Ал атамыз қазақ тек көгершінді ғана емес, сонымен қатар аққуды – махаббаттың, қарлығашты – мейірімнің, бүркітті – ержүректіктің нышаны ретінде қарап, тіршілік иелерінің бәрін құметтей білген.
Осынау кішкентай ғана тіршілік иесі қалай және неліктен «бейбітшілік белгісіне» айналды екен, соны айта кетейік.
Талайларды боздатып, қаншама адамның өмірін жалмап, тағдырын қан жылатқан Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталысымен АҚШ пен КСРО сынды әлемдегі екі алпауыт мемлекет атом бомбасын жасап, тіпті бірі Жапонияның екі қаласына тастап та үлгеріп еді. Осы әрекеттен кейін 1949 жылдың 20-25 сәуірі аралығында Париж және Прага қалаларында бір мезгілде бейбітшілік жақтаушыларының Бүкіләлемдік Конгрессі өтеді. Енді деректерге сүйенсек, бейбітшілік жақтаушылары аты төрткүл дүниеге әйгілі болған суретші Пабло Пикассодан өздеріне танымбелгі жасап беруін өтінген көрінеді. Міне, осылайша дүниеге кішігірім және көзге бірден түсетін тұмсығымен зәйтүн бұтағын алып бара жатқан ақ көгершіннің сұлбасы келген екен.
Жауабы: жалпы барлық қабырғалар ауданы 158 м^2, еден ауданы 40 м^2
Объяснение:
a=8 см, b=5 cм, c=3 см
Бізге табу керек ең алдымен S(еден ауданы)=?
S= a × b (еден ауданын табу үшін)
S= 8 × 5 = 40 м^2 (еден ауданын таптық)
Енді табамыз жалпы қабырғалар ауданын, S= 2×(ab+ac+bc)
S=2×(8×5+8×3+5×3)=158 м^2
Бізге берілген есік пен терезе ауданында ескергеніміз жөн. Себебі олар қабырғаның ауданы бола алмайды. Сондықтан есік пен терезенің ауданын тауып, екеуін қосып жалпы қабырғалар ауданынан алып тастаймыз.
S(терезе ауданы)=2×2=4м^2
S(есік ауданы)=2×1=2м^2
Сонда, Sж.а-( Sт.а + Sе.а)= 158-(4+2)=158-6=152 м^2
Ескерту: (м^2 дегенім метр квадрат) Ұялы телефон болғандықтан метрдің шекесіне квадратын жаза алмадым. Ондай функция жоқ!