Көшпелі халықтардың таным-түсінігінде қыран бүркіт – батылдықтың, батырлықтың, мықтылық-тың, қайсарлықтың, еркі-
ндіктің символы. Қазақ-стан Республикасының Туында бүркіт азаттықтың айбыны ретінде бейнеленген. Қазақтар бүркітті пір тұтатындықтан, оның
атын қастерлеп, бүркіт-тей қыран, өжет, қайсар болсын деп жаңа туған балаларына да оған қатысты аттарды қойған. Олар: Бүркіт, Бүркітбай, Бүркітхан, Бүркітбек тәрі-зді есімдер. Тастүлек, Тірнек, Тірнекбай, Балапан сияқты есімдер де бүркітшілердің ырымдап қойған аттары. Қазақ халқы тіпті, бүркіт мекен ететін тауларды: «Бүркіт тау», «Бүркіт шың» деп, бүркіт ұя салатын жерлерді «Бүркіт ұя», «Бүркіт тас» деп те атаған. Және өздері-
нің ұлттық ою-өрнек, әшекейлерінде «құс тұм-сық», «бүркіт тұмсық», «бүркіт аяқ» деген де кескіндерді бейнелеп, «Бүркіт биін» билеген.
Бұрындары қазақ хал-қы бүркітті киелі құс санап, оларға «Дала сер-мендесі», «Көк тәңірі», «Аспан еркесі», «Құс патшасы», «Қанаттылар ханы», «Құдайдың қазаққа
еншілес берген құсы», - деп те мақтау мен мада-қтау айтқан. Моңғолдар да бүркітті қастерлеп, оның атауын «бургэд» деген. Осыдан-ақ байқалып отырған шығар, бүркіттің түркі тектес халықтарда «ортақ атауға» ие екені. Жалпы, моңғол жұрты бүркітті «Құс патшасы» деп қастерлейді, түркі тектес Тыба сүйектілер бүркіт ұстаған аңды айырып алып, оны сояды да, «бақыт әкеледі», - дептерісін үйлеріне іліп қоя-ды, ауылға бір құсбегі келсе, білдірмей бүркітінен бір қауырсынды үзіп алып үйіне іліп, оны қасиетті зат санайды.