Бұрын бір ел болыпты, халқының бәрі ұры екен. Кеш батса болды, көршісінің үйіне ұрлыққа түседі екен. Ұрылар үйіне келсе, олардың да үйін де біреулер тонап кететін көрінеді. Ұрылар елі осылайша өмір сүріпті. Бір күні осы елге бір адал кісі көшіп келеді. Әлгі адам кешті өз үйінде кітап оқумен өткізеді. Түн болғанда ұрлыққа келген ұрылар шамы жанып тұрған үйден адамды көреді де, өз жөндеріне кетеді. Осылайша біраз уақыт өтеді. Енді жұрт адал адамға ренжи бастайды. Адал адам жұрт тілегіне қарсы келе алмай, ол да кеш бата үйінен кетіп, таң ата оралып жүреді. Тек жұрт сияқты ұрлыкка бармайды. Ол түнді өзен жағасында аспандағы айға, ағып жатқан суға қарап, көпір үстінде өткізіп жүреді. Таңертең үйіне келес, ұрылар үйін тонап кетеді скен. Біраз уақыттан кейін адал адам кедейге айналады. Ал ұрлықпен айналысып жүрген отбасылар байып, ұрлықпен айналыспайтын болады. Адал адамның үйіне ұрлыққа түскен ұрылар ештеңе таба алмай, кедей бола бастайды. Байығандар адал адам сияқты түнде табиғатты тамашалап, көпір үстінде жүруді әдетке айналдырады. Осыдан қала халкы бай, кедей болып бөлінеді. Еңді бай адамдар өздері ұрлық істемейді, бірақ кедейлерге ұрлық істетеді. Осылайша байығандар одан әрі байып, кедейлер кедейлене береді. Бірте-бірте байлар өздері ұрлауды да, өзгелерді ұрлыққа жалдауды да қояды. Бірақ енді байлығын ұрылардан қорғауды ойлайды. Содан ақылдаса келіп, сақшы жиып, түрме салады. Арада біраз жыл өткенде әлгі қаланың тұрғындары «ұрлық» деген сөзді ұмытады. Өздері ұры болса да, енді олар «бай», «кедейміз» дейді екен. Сонда баяғы адал адам ғана өзгермеген еді. Бірак ол да ұзамай өмірден өтіпті. Елдің айтуына қарағанда аштан өліпті. Мәтіннен 1 қоғамдық, 1 тұрмыстық мәселені анықтаңыз.
скорее
Отанға, сол Отанның жүрегі — Москваға, қатерлі, қатал жау суық қолын созған кезде, сіздің атыңыз қараңғы түнде тұнық аспанға атылған жай оғындай жарқ ете қалды. Майдандағы әскерлерге нұрын шашты.
Ол — мың басы. Мың қолды бастаған отыз бір жастағы Момышұлы — Намысұлы боп шыға келді. Отанның әрбір адым жері үшін табан тіреп, қайсарланып, өжеттеніп тұрып алды. Қоршаудың өзін ерлікпен, өжеттікпен қаймықпай бұзып өтті.
Сол шақта астананы қорғаған мыңдар мен миллиондар арасынан «Момышұлының батальоны» өзгеше аталды, ерекше көзге түсті.
Оны генерал И.В.Панфилов мақтады. Газеттер жазып жатты. Ер еліне еткен еңбегін ерекшелігім демей, еліріп мақтан етпей, сол бір табиғи қалыпта қала білді. Мұнда ерлікке тән азаматтық көрінді. Сөйтіп, Бауыржан бастаған батальон Москва түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті. (113 сөз)