«Біржан - Сара» айтысы 1-тапсырма. Айтыстағы Біржанның жеңісі - әділетті жеңіс. Ойыңды 3-4 сөйлеммен дәлелде.
1. Бұл пікірмен кім келіседі?
2. Кім келіспейді?
3. Қалыс қалушы, күмәнданушы бар ма?
2-тапсырма. “Попс формуласы” арқылы берілген мәтінге қысқаша баяндау жаса.
Менің ойымша...
Себебі, ...
Оны мен мына мысалдармен, фактілермен дәлелдей аламын. ...
Осыған байланысты мынадай шешімге келдім...
Есімбек боққа сатпа асылыңды,
Сыйлай көр қыз да болса нәсіліңді.
Ұқпасаң Арғын жоқты айтты дерсің
Есеке, құлағыңа ал осынымды.
Тұрысбек, Есімбекпен сау тұр Маман,
Таянды қайтар уақытым елге таман.
Айналып, ендігі жыл бір келермін,
Тысқары топырақтан болсам аман.
Сараны, Жиенқұлға бере көрме,
Қыз түгіл ер құнына келер шамаң.
Байлаулы бала құстай Сара сорлы,
Жоқ екен осы күнде мұнан жаман.
3-тапсырма. «Біржан-Сара» айтысы мен осы күнгі айтыстың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын жаз. Венн диаграммасына немесе кестеге сал.
4-тапсырма. Сұрақтарға жауап бер.
1. «Біржанның өзге ауылда жүре тұра, оның беткеұстар ақын-қызының әкесін, күйеуін кемсітуі мақсатты әрекет пе, әлде шалыс басу ма?»
2. «Сараның атам заманнан келе жатқан дәстүрдің бірі – атастыруға өз өнерімен қарсылық білдіруі әділетсіздікке қарсы күрес пе, әлде бұзақылық па?»
3. «Айтысты тамашалаушы ауыл тұрғындарының айтыскерлердің оларға сілтеген айыптарына наразылық білдірмеуі момындық па, әлде өнер алдында бас июі ме?»
4. Біржан Сараның қандай осал тұсынан ұстайды? Қалай ойлайсыңдар, ол Сараның бойындағы кемшілік пе?
5. Қазіргі айтыстың тәрбиелік мәні бар ма?
6. Айтыстың болашағы туралы болжауың?
Ақпарат (лат. інформатіо — түсіндіру, мазмұндау) ұғымы күнделікті өмірден бастап техникалық салада пайдаланылатын көп мағыналы ұғым. Жалпы алғанда бұл ұғым шектеу, байланыс, бақылау, форма, инструкция, білім, мағына, құрылым, бейнелеу, сезіну тағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты. Көп адам бұл жайлы Білім дәуірі немесе білім қоғамы тудырған Ақпарат дәуірі туралы айта бастады; ақпараттық қоғам, ақпараттық технологиялар, тіпті информатика, ақпарат ғылымы және компьютер ғылымы назарға көп түсуде, ал “ақпарат” сөзі білдіре бастаған мағыналары ұқыпсыз пайдаланылуда.[1]
Сөз таптары — өздеріне тән лексика-семантикалық, морфологиялық және синтаксистік ортақ белгілердің негізінде қалыптасқан категориялары бар сөз топтары. Сөз таптары үш түрлі белгісімен сипатталады:
а) Белгілі топқа жататын сөздердің семантикалық жағынан бірыңғайластығы (мысалы, зат есімге заттық атаулар, етістікке қимылдық атаулар жатады);
ә) Сөз түрлендіруші грамматикалық категорияларының ортақтығы;
б) Синтаксистік қызметінің ұқсастығы. Бірақ бұл үш белгі сөз таптарының бәрінен бірдей табыла бермейді. Мысалы, зат есім, етістіктен үш белгінің үшеуі де табылады, ал одағайға екінші (морфологиялық) белгі тән емес.
Сөз таптарының саны тілдерде бірдей емес. Мысалы, қазіргі орыс тілі грамматикасында 10 сөз табы, ал қазақ тілінде 9 сөз табы көрсетіліп жүр:
Зат есім
Сын есім
Сан есім
Есімдік
Етістік
Үстеу
Еліктеу сөздер
Шылау
Одағай
Сөз таптары толық мағыналы сөздер (зат есім, сын есім, етістік, үстеу) және көмекші сөздер (шылау, демеулік, частицы, артикль т. б.) болып табылады. Типологиялық тұрғыда есімдік пен сан есімді жеке сөзтабы ретінде қарастыру күмәнді деп есептеледі. Олар синтаксистік функциясы мен мағынасы жағынан әр текті және басқа сөз таптарына қатысты болып келеді. Кейбір тілдерде басқа сөз таптарының құрамында қаралады. Мысалы, үш, төрт есептік сан есімдері — зат есім-сан есімдер, үшінші, төртінші реттік сан есімдері сын есім-сан есім түрінде қаралады. Есімдік пен сан есім дәстүр бойынша толық мағыналы сөз таптарына жатқызылып жүр. Сөздерді тапқа бөлу мәселесі өте көне дәуірлерден басталады (Аристотель, т. б. грек ғалымдары, үнді ғалымдары Панини, Яска т. б.). Тіл білімінде сөз таптарын жіктеу мәселесі күні бүгінге дейін талас тудырып келеді. Оған байланысты проблемалар аз емес.[1]