Бұғыбай (туған жылы белгісіз — 1847) — батыр, қолбасы. Ұлы жүздегі шапырашты тайпасының ыстық руынан. [1]
Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күреске белсенді түрде қатысып, ерлігімен көзге түскен. 1847 жылы жазда қырғыздарға жасалған жорық кезінде қоршауда қалып, ерлікпен қаза тапқан. Бұғыбайдың ерлігін Нысанбай жырау “Кенесары — Наурызбай” дастанында, Доскей ақын “Кенесары” дастанында жырға қосқан. М.Әуезовтің “Хан Кене” атты пьесасында Бұғыбай бейнесі негізгі кейіпкердің бірі ретінде берілген