Қазақша ет- қазақ халқының ұлттық тағамы.Қазақша ет-пісірілген ет.Қазақша ет тағамын жылқының,сиырдың,қойдың етінен әзірлейді.Етті пісіреді ,сосын қамырдан жайма жайып пісіріп, табаққа салып,жайманың үстіне пісірілген етті салады Қазақша ет-қазақ халқының ұлттық тағамдарының ішіндегі ең құрметті тағам.Ежелгі қазақ халқы бұл тағамды бес саусағымен жеген.Сондықтан бұл тағамды -бешбармақ деп атап кеткен.Қазақша ет -тағамын сыйлы қонақтарға,әрбір мерекелерге әзірлейді.Қазақша ет-өте дәмді тағам.
Достық туралы мақал – мәтелдер.
- Дос - ажарың, жолдас - базарың.
* * * * *
- Алыстағы досыңа ат берсең де жарасар - үйіне мініп барсын деп.
Жақындағы досыңа хат берсең де жарасар - ұмытса есіне алсын деп.
* * * * *
- Жолдасың көп болса, Жалғызбын деме
* * * * *
- Дос сыртыңнан мақтар, дұшпан көзіңе мақтар
* * * * *
- Жаңа досың жаныңда болса, ескі досың есіңде болсын.
Ол әрқашанда сенімді.
* * * * *
- Досың дос болғанға шаттан, Дұшпанмен дос болудан сақтан
* * * * *
- Дос ы көпті жау алмайды, ақылы көпті дау алмайды
* * * * *
- Жаман жолдастан таяғым артық
* * * * *
- Күлме досыңа – келер басыңа
* * * * *
- Досы көппен сыйлас,
Досы азбен сырлас.
* * * * *
- Заттың жаңасы жақсы,
Достың ескісі жақсы.
* * * * *
- Жақсымен жолдас болсаң – жетерсің мұратқа.
Жаманмен жолдас болсаң - қаларсың ұятқа.
* * * * *
Жаман дос - көлеңке: басыңды күн шалса - қашып құтыла алмайсың, басыңды бұлт алса - іздеп таба алмайсың.
* * * * *
Досы жоқпен - сырлас, досы көппен - сыйлас.
* * * * *
Жауға - жалынба, досқа - тарылма.
* * * * *
Дос таппаған ер азар - басшы бақпаған ел азар.
* * * * *
Адамзатта не тәтті: аста - тұз тәтті, адамда - дос тәтті.