Қыс айлары суық болады.Айнала аппақ қалың қар жатады.Қыс мезгілінде қыстап қалатын құстарға азық табу қиын. Қыста азық табу қиын болғандықтан ,олар адамға жақын жүреді.Қыстап қалатын құстар-торғай,көгершін,қарға ,сауысқан ,сары шымшық,тоқылдақ. Сауысқан ,қарға кез келген тамақты көрек ететін құстар.Олар қардың астынан қазып түрлі тамақ қалдықтармен көректенебереді.Тоқылдақ ағаштың арасындағы бунақденелілерді тауып көректенеді,Ал қар бетіне түскен оның қалдықтарын торғайлар ,сары шымшықтар теріп жейді.Көгершіндер адамаға аса жақын жүреді. Балалар құстарға жем береді,нанның қалдықтарын береді.Құстардың табиғатқа пайдасы зор.Олар ағаштарды ,егінді зиянды құрттардан қорғайды.Сондықтан балалар құстарды қорғап қамқорлап жүреді.
Көктемгі каникулды жақсы көремін. Күн салқында емес, ыстықта емес. Аздаған жаңбыр. Ағаштарда жапырақтар бүр жарып келеді. Көктемгі каникулды атам мен әжемнің үйінде өткіздім. Каникул деген аты болмаса, демалғанымыздан жұмыс істеген уақытымыз көп болды. Атам мен әжемнің қыста бері жиналып қалған қоқыстан ауласын тазалап, есігі алдындағы жерді өңдеп, ағаш отырғыздық. Бұрынғы ағаштардың түбін ақтадық. Бұл ісімізге атам мен әжем қатты риза болды. Олардың риза болғанына біз қуанып, көктемгі каникул босқа өтпегенін түсіндік.