Біз қазбалы отындарға тәуелдіміз. Көмір, мұнай және табиғи газ әлемдік энергияның шамамен 90%-ын құрайды. Ғаламдық қазбалы отынның қолданылуы: көмір – 28%; мұнай – 40%; табиғи газ – 20%. Олар әртүрлі күйде болғанымен, барлық үш отын түрі тарихи кезеңге дейінгі өсімдіктер мен жануарлар қалдықтарынан тұратын көмірсутектер. Бүгінде біз қолданатын отындардың көбі алғашқы динозаврларға дейін миллиондаған жылдар бұрын өмір сүрген тірі организмдерден қалыптасқан. Бірақ бұл қалдықтар қалайша қуатты энергетикалық ресурстарды түзе алады? Өсімдіктер күн энергиясын сіңіріп, оны «фотосинтез» деп аталатын биологиялық процесс арқылы пайдалануға жарамды энергияға айналдырады. Өсімдіктер мен жануарлар өлгеннен кейін, оларды микроорганизмдер шірітіп, ыдыратады. Осы процесс арқылы ежелгі органикалық заттар өзіндегі химиялық энергиясымен бірге қабаттар астында көміледі. Уақыт өте қысым мен жылу материалды қысып, құрамынан су сияқты заттарды шығарып, концентрацияланған көміртегін қалдырады және бүгінде біз білетін қатты, сұйық немесе газ түріндегі қазбалы отындарды қалыптастырады.
МАТИННИН СТИЛЫН ТАБУ КЕРЕК
Ғылыми стиль
Объяснение:
Ғылыми-стиль —зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет ететін стильдің бір түрі. Ал, пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін ғылыми стильге нақтылық, логикалық, мазмұн дәлелділігі қажет.