Біз бүгін Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының әртісі – Досқан Жолжақсыновпен кездесу өткіземіз. Кездесуді біздің сынып ұйымдапстырады. Бір апта бұрын хабарландыру жаздық. Кеше оқушылар кездесу өтетін залды безендерді. Саша екеуміз актер туралы слайд-фильм дайындадық. Көрнекті әртістің өнері мен өмірі жайлы қызықты деректер іздедік. Қызықты суреттер таптық.
Әнел мен Анна кездесудің сценарийін дайындады. Өнерлі балаларды іріктеді. Концертті Ләйла апай жүргізді.
Кездесуде Досқан Жолжақсынов өзі таңдаған өнер саласы, актер мамандығының қыр-сыры туралы сұрақтарға жауап береді. Досқан Жолжақсынов – актер ғана емес, өте шебер әнші ғой. Ол кісі домбырамен ән салады. Кездесуден кейін әртіске еңбек сабағында жасаған сыйлығымызды ұсынамыз. Естелікке суретке түсеміз. Біздің көп тәжірибеміз жоқ. Бірақ кездесудің сәтті өтетініне сенемін.
Әне, әртістің өзі де залға кіріп келе жаты
Жазылым.
1-тапсырма. Мәтіндегі етістіктерді теріп жаз. Олардың қай шақта тұрғанын анықта.
Найдите и запишите глаголы из текста. Определите времена глагола.10б
Объяснение:Менің туған өлкем - Қазақстан Республикасы. Қазақстанның байлығы өте көп және қазынаға толы. Еліміздің табиғаты неткен сұлу десеңші! Мөлдір суын, жайқалған жасыл шөбін, асқар тауларын сүйемін. Сонымен қатар, аңдар, мен құстар, жануарлар өмір сүреді. Осындай өлкеде туғаныма мақтан етемін. Туған жерім күннен күнге көркейіп келеді. Әсем ғимараттар бой көтеруде. Бау-бақшасы, таза ауасы, ақ алтын ақ мақтасы, егінді даласы, малға толы өрісі - біздің мақтанышымыз. «Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас»- деп, ата-бабаларымыз бекер айтпаған екен ғой. Елімнің кең даласындай байтақ дала еш жерде жоқ шығар.
Сондықтан мен үнемі туған елім, жерім, ауылым туралы жырлауға еш ерінбеймін. Сіздерді де осыған шақырамын. Өскенде туған еліме, оның көркеюіне өз үлесімді қосамын. Өз үлесімізді қосқанымыз Отан алдындағы борышымызды атқарғанымыз.Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев:- «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып көркеюіне жан теріңді сығып еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» - демекші, туған жеріміздің көркеюіне атсалысайық. Біз еркін және өркендеген елде өмір сүріп келеміз. Тәуелсіздіктің арқасында біз бақытты ұландармыз. Халқымыз басынан қандай қиын-қыстау күндерді өткізген кезде ата-бабаларымыз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен жерімізді сыртқы жаулардан қорғап қалды. Өз елі үшін жанын да, барын да аямаған. Ерліктері ешкімнің есінен кетпейді. Осындай еңбекпен жеткен жерімізді сақтап аялау, кейінгі ұрпаққа аманат етіп жеткізу бәрімізге үлкен міндет. Әр күнімізді бағалай отырып, еліміздің гүлденуіне, өсіп-өркендеуіне барымызды салайық!