Біз не жеп жүрміз? Еліміздегі көкөніс, жеміс-жидектердің басым бөлігі шет елдерден әкелінетіні бәрімізге аян. Олардың сырт пішіні өзгергені, сақталу мерзімінің ұзақтығы бірден көзге түседі. Күнделікті тұтынып отырған халық сұрамай сатып ала беретін қызанақ үйде де, базарда
да тастай болып қатып жата береді. Бузылмайды. Ал өзіміз өсірген қызанақ екі үш күннен кейін босап, жарамсыз болып қалады. Жүзімнің өзін алсаңыз, әдеттегі табиғи көлемінен екі есе үлкейіп, картоппен бірдей. Тіпті, осы күнгі шұжық, котлет дегендердің құрамында мүлде ет болмайды. Ол кәдімгі шетелдің соясы, еттің дәмін келтіретін түрлі қоспалардан жасалғандықтан жегің келе береді. Мұндай өнімдерді ғылыми теорияда «гендік модификацияланған организмдер» (ГМО) деп атайды. Бүгінде әлемдік нарықты гендік инженерияның жемісі – гендік модификацияланған организмдер мен өнімдер (ГМО) жайлап келеді. Сыртқы саудаға есігі ашық ел ретінде бұдан біздің ел де тысқары қалып отырған жоқ. Мысалы: картоп генінің қатарына сарышаян генін қосу нәтижесінде біз ешқандай жәндік жемейтін картоп түрін аламыз. Немесе күнделікті пайдаланып жүрген томатты алсақ, оған солтүстік камбаласының генін пайдаланған. Енді ол аязға төзімді әрі үсімейді.
Қазір байқап қарасақ, сатылатын жемістер сондай әдемі, көздің жауын алады, біркелкі және ұзақ сақталатын болып келеді. Ыңғайлы! Сонымен, ғалымдар дақылдардың өнімділігін арттыру үшін және олар зиянкестерге төзімді болу үшін аз уақыттың ішінде жаңа сорттар
шығаруда.
ГМО деген атынан үріккеніміз болмаса, оның қандай болатынын, пайда-зияны қаншалық екенін қарапайым халық әлі біле бермейміз. Дұрыс тамақтанбау адам денсаулығына айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін.
Тапсырма
1. Мәтін қай стильге тән? Бір-екі сөйлеммен белгілерін көрсетіңіз.
Вода - бесценное богатство. Все живое на земле зависит от воды.
Как и все народы мира, казахский народ также уделял большое внимание чистоте реки, озера, родника, особенно колодезной воды. Наши предки часто упоминали таинство национальной традиции уважать воду, не портить воду, не портить воду. Родителям сказали детям, что они «разбрасывают воду, обжигают рыбу», «потирают пули и уничтожают птицу». «Если вы видите облака, вы должны открыть глаза». Мы видим, как казахский народ защищает и защищает воду. Узень, озеро прекрасное. В этом районе много птиц и птиц.
Жеміс – жидек пен көкөкністің адам ағзасына пайдасы.
Үнемі жеміс – жидек пен көкөністерді тағамға пайдалану адам өмірін ұзартып, ағзаға оң әсер етеді. Әр жеміс – жидек пен көкөністің құрамында өзіндік ерекше табиғи дәрумендері болады. Пісу маусымына байланысты жылдың әр мезгілінде жеміс – жидек пен көкөністі үстеліңізден үзбей қолданған абзал, әсіресе, маусым арасында мұндай табиғи дәрумендердің маңызы арта түседі.
Ғалымдардың соңғы зерттеулеріне сүйенер болсақ, кейбір көкөністер мен жемістер кей аурулардың алдын алуға да септігін тигізеді. Мысалы, жасыл және сары түсті көкөністер: саумалдық, бұрыш және де шаршыгүлді өсімдіктерді, оның ішінде түсті қырыққабатты пайдалану қатерлі ісіктің алдын алуға үлкен септігін тигізеді. Ал жүрек-қан тамырлары ауруларын алдын алу үшін алма, алмұрт, цитрусты жемістерді көптеп пайдаланып, крестгүлді өсімдіктерден түрлі салаттарды дайындап жеген пайдалы. Сонымен қатар, көкөніс пен жемістерді күнделікті пайдалану ағзадағы холестерин деңгейін төмендетіп, қан қысымын қалыпты нормада ұстап, қан айналым жүйелерін ретке келтіріп және де иммундық жүйені жақсартуға ықпал етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кем дегенде тәулігіне бес мәрте (400 грамм шамасында) кез-келген, тіпті мұздатылған, көкөніс пен жемістерді қабылдауға кеңес береді.