Бағаларды ойланып қою керек. егер баға сатып алушылар бір тауар, қызмет үшін төлеуге дайын бағадан жоғары болса, онда бұл өнімді немесе қызметті пайдалануды қояды. олар үшін құн жоғары. нарықтық жүйесінде сұраныс пен ұсыныс заңы ең басты болып табылады. ұсыныс сұраныстан жоғары болса, өнімнің бағасы төмендетіледі, немесе олар дүкен сөрелерінде жата береді. өнім жатып қалмас үшін баға жеткілікті төмен болса, ( достаточно низки) онда сұраныс пен ұсыныстың арасында сәйкестік орнайды. өнім жеткілікті мөлшерде ұсынылмаған жағдайда баға көтеріледі. мұндай жағдайда, ұсыныс сұраныстан артық емес кезде, сатып алушы өте қажет тауарына қымбат бағаны төлеуге де дайын. онда баға өсуі тоқтайды, немесе тіпті төмендейді. нарық және сұраныс пен ұсыныс заңдары ға өз талаптарына салмақты қарауға үйретеді. ал өндірушілерге қанша мөлшерде шығаруды үйретеді. егер олар өз есептерінен жаңылса, онда күйреуге ұшырайды. бағаның қалыптасуы күрделі, оны аққала соғуды бастаған алақанындағы домалақ қармен салыстыруға болады. ол домалаған сайын оның салмағы да көлемі де өсе береді. өндіріс процесінің әрбір сатысы да осы тәрізді, тауар тұтынуға жеткенше жүргізілген жұмыстарға – шикізатты өңдеуге, орауға ( упаковка) тасымалдауға, дайын өнімді таратуға т. б. бағасы қосыла береді. тауар бағасына жарнамаға кеткен шығын да, тұрмыс техникасына кепілдемелік жөндеу шығыны ( затраты на гарантийный ремонт бытовой техники) да кіреді. сұраныстан ұсыныс жоғары болған жағдайда тауар бағасын белгілеген кезде тауар сапасына қарайды , себебі тауар өндірушілер арасындағы бәсеке заңы жұмыс істей бастайды. ( 206сөз) з. күзекованың оқу құралынан 1. мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз a) бағаның қалыптасуы қандай процес? b) еркін баға дегеніміз? c) ң өзегі не? d) нарық еркін бағасыз бола ма? 2. мәтінге сәйкес ақпаратты таңдаңыз a) бағаны реттеу – реттеудің бір бөлігі b) баға саясатын жүргізу керек c) бағаның өсуі өндіруші мен тұтынушының арасында байланыс жоқ. d) баға –өнімнің өзіндік құны мен тұтынушыға дейінгі шығындардан тұрады 3. мәтіндегі басты тірек сөздерді таңдаңыз a) шикізатты өңдеу, орауға, тасымалдау b) өнім, баға, төмен, жоғары, бағаның қалыптасуы c) баға, көтерілу, сұраныс, ұсыныс заңы, нарық d) шығын, тауар сапасы, тауар бағасы 4. мәтін бойынша толық және нақты ақпаратты табыңыз a) жалақы мен бағаның өсуі нарық талабына сәйкес b) сұраныс пен ұсыныс заңы ең басты болып табылады c) баға мемлекет тарабынан бақылауда болуы шарт d) өйткені бағаны шектеу –ақша айналымының бұзылуына әкеледі 5. мәтін мазмұнына сәйкес жауапты табыңыз қай кезде өнім бағасы төмендетіледі? a) баға нені есепке алуы керек? b) ұсыныс сұраныстан жоғары болған жағдайда c) бағаны реттеу дегеніміз не? d) нарықты ң өзегі не? 6. мәтіндегі негізгі ойды анықтаңыз a) бағаның төмендеуі b) бағаның реттелуі, қалыптасуы c) бағаның көтерілуі d) сұраныс пен ұсыныс 7. мәтінге нақтырақ тақырып таңдаңыз a) бағаның көтерілу, төмендеуі b) баға дегеніміз не? c) бағаның өсуі d) баға саясаты
Ерлікке тағзым.
«Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды» демекші, Ұлы Отан соғысы мәңгі тарих қойнауына енді. Бүгінде бұл сұрапыл соғыстың аяқталғанына 74 жыл болмақ, дегенмен бұл соғыста Қазақстандағы әр отбасынан жүздеген мың адам қолына қару алып, ұрыстарға қатынасып, елін, жерін, туғанын жаудан қорғап, Отаны үшін жанын бергендіктен, соғыс ұмытылмастай ізін қалдырды. Ол аталарымыз бен апаларымыздың жасаған ерліктері тәуелсіз Қазақстанымыздың тарихына алтын әріптермен жазылған, мысалға мен өз басым, Бауыржан Момышұлын мақтан тұтып, ол кісінің жасаған ерлігін, артынан өшпес мұра етіп қалдырып кеткен еңбектерін өте жоғары бағалаймын. «Болмасаң да, ұқсап бақ» дегендей, ата - анам есімімді Бауыржан қойғанын да мақтан тұтамын.
Қазақ халқы үшін біртуар дара тұлға, ерлік пен елдіктің киесіндей танылған даңқты қаһарман, батыр. Сұрапыл Ұлы Отан соғысы басталысымен 316-атқыштар дивизиясының жасақталуына белсене атсалысып, сол дивизия құрамында майданға аттанды. Қапияда ой тауып, қараңғыда жол тауып, ерен ерлiгiмен аты әлемге аңыз болып, батыр қолбасшы атанды. Бауыржан Момышұлы отаншылдығымен, ұлтжандылығымен, қаһармандылығымен, жоғары адамгершілік қасиеттерімен елеулі. ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен, тапқырлығымен және жеке басының ерен ерлігімен көзге түсіп, аты аңызға айналды.
Табан ет, маңдай термен келген осы Ұлы Жеңіске қаруымен де, қаламымен де үлес қосқан, аты аңызға айналған өр тұлғалы азамат, қаһарман жазушыларымыздың бірі де, бірегейі - Бауыржан Момышұлының қаһармандық рухы ұрпақтан - ұрпаққа өнеге болады деп санаймын.