В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
Виктория708
Виктория708
27.11.2022 14:44 •  Қазақ тiлi

Бағалау критерийг Білім алушы
Мазмұнға бағытталған сұрақтарға жауап
жазады
Матін бойынша жоспар құрады
.
Ойлау дағдыларының
деңгейі
Білу және түсіну
Қолдану
Орындау уақыты
15-20 минут
1-тапсырма
Мәтінді 2 рет оқып шығып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Мурат лагерьден келген күннің ертеңіне терезенің жанында бірдеңе
тасырлаған соң Ұлжан сыртқа қараса, баласы бір орында жүгіріп тұр екен.
«Бұнысы несі?,-деп таңданды үлжан. Бір кезде Мұрат жүгіргенін қойды да,
қолын жоғары созып, онан соң қайта төмен түсіріп, осылайша бірнеше рет
қайталады. Бір кезде екі бүйірін таянып, біресе отырып, біресе тұрды. Баласының
бұл қылықтары шешесін әрі таңдандырды, әрі қызықтырды. Тысқа шықты да:
«Мұратжан-ау, бұның не, лагерьден осыны үйреніп кайттың ба?» - деді Ұлжан
шешей. Жаттығу жасап жатырмын», - деді баласы. «Ол не дегенің?», «Лагерьде
бізге күнде ертемен жаттығу жасататын. Үйде де жасап тұрыңдар деген. Апа,
бұның пайдасы зор. Үнемі жаттығу жасап, дене шынықтырумен айналысқан
адамның денсаулығы күшті болады. Ауруға да бой бермейді. Ұлжан дөңгелек
столға шай жасап жатқанда, Мұрат орамал, сабын, тіс порошогын алып тысқа
шығып кетті. Үйдің артында өзен бар еді. Бақшадан келе жатқан Батырбай қарт
бүкіл кеудесін сумен жуып жатқан баласын көрді. «Мұратжан-ау, мынауың не? -
деді. «Шынығып жатырмын», - деп жауап берді Мұрат.
Р/с
Сұрақ
Жауап​

Показать ответ
Ответ:
alyabub
alyabub
13.03.2023 11:22

Күн сәулесі төгілгені – әдемі,

Кемпірқосақ керілгені – әдемі.

Көк шалғында асыр салып жүргенде,

Көк көбелек көрінеді – әдемі.

Жас шыбықтың бүр ашқаны – әдемі,

Алма ағаштың гүл ашқаны – әдемі.

Қариялар жол үстінде кездесіп,

Амандықты сұрасқаны – әдемі.

Бұлбұл құстың сайрағаны – әдемі,

Қозы-лақтың ойнағаны – әдемі.

Ақ боз атын ерттеп мініп атамның,

Қойды өріске айдағаны – әдемі.

Ақ ботаның үріккен кезі – әдемі,

Әжеміздің күлген көзі – әдемі.

Бәрінен де жасқа толған бөпемнің,

Тәй-тәй басып жүрген кезі – әдемі.

Бұлбұл құстың сайрағаны – әдемі,

Қозы-лақтың ойнағаны – әдемі.

Ақ боз атын ерттеп мініп атамның,

Қойды өріске айдағаны – әдемі.

Домбыраны баппен тартсаң – әдемі,

Шарықтата әнге салсаң – әдемі.

Ұлан-сыр думанды-той үстінде,

Құрбылармен ойнап-күлсең – әдемі.

Бұлбұл құстың сайрағаны – әдемі,

Қозы-лақтың ойнағаны – әдемі.

Ақ боз атын ерттеп мініп атамның,

Қойды өріске айдағаны – әдемі.

0,0(0 оценок)
Ответ:
ololsha99
ololsha99
08.02.2021 00:01

Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата,

жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады».

Абай

Адамгершілік — бұл рухани тәрбие. Оқушыларды рухани — адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеу – бүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа — адамгершілік — рухани тәрбие беру. «Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек пен ата — ана үлгісі», — деп Ы. Алтынсарин атамыз айтқандай, құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай а ң туылған кезінен басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз — өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы мен педагогтар шешуші роль атқарады. Рухани — адамгершілік тәрбие — екі жақты процесс. Адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу күнделікті өмірде, үлкендердің қолдан келетін жұмысты ұйымдастыру барысында, ойын және оқу ісінде жоспарлы түрде іске асады.

Адамның адамгершiлiгi — оның жоғары қасиетi, былайша айтсақ, кiсiлiгi. Бұл қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді. Адамгершiлiгi мол адам — басқаларға қашан да үлгi-өнеге. Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады», — дейді. Демек, шәкіртке жан — жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.

Рухани — адамгершілік білім беру – жас ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық, татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы баланың қоғамда өз орнын табуына, қабілет — дарынының ашыла түсуіне, ақыл — парасатын дамытуына, яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет етеді.

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші бала тәрбиелеудегі осындай міндеттерді іске асырушылар – мектеп және отбасы. Осы екі арнада жүргізілетін тәлім — тәрбие сабақтаса, ұштаса өткізілгенде ғана көздеген мақсат нәтижелі болары сөзсіз. Бүгінгі жаңа қоғам мүддесіне лайықты, жан — жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иегері боларлық парасатты азамат тәрбиелеп өсіру – отбасының, ұстаздардың, барша халықтың міндеті.

Адамгершiлiк мәдениеті адамзат қоғамының даму тарихы арқылы қалыптасады, әрбiр дәуiрдiң өзiндiк қайшылықтарымен бiте қайнасып, жетiледi. Әрбiр қоғам өзiнiң даму процесiнде адамгершiлiк категорияларына, оның мазмұнына көптеген өзгерiстер енгiзiп отырған. Адамгершiлiк — адамдардың практикалық өмiрiнен тамыр алып, пайда болған әдет- ғұрыптар мен дәстүрлердi тудырып, солармен сәйкес дамиды. Ал мораль болса, шындыққа қарама- қарсы, терiс қарым- қатынаста пайда болады және адамның өзiне субьективтi түрде мiндет қоя бiлумен туындайды. Адамгершiлiк қасиеттерi отбасында, қоршаған ортада, балалар бақшасында, мектепте, адамдардың iс-әрекетiнiң барысында бiр- бiрiмен араласуы нәтижесiнде, қоғамдық тәжiрибе алуын өмiрмен байланыстыру арқылы қарлыптасады.

Қорыта келгенде, уақыт талабынан туындап, білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер баланы тәрбиелеу осы заман талабына сай үйлесімді деңгейді қайта құруды міндеттейді. Тәрбие мен оқу егіз деген сөз бар. «Тәрбие бар жерде ғана сапалы білім, саналы ұрпақ болады» деген данышпан халқымыздың дана сөздерінен дән іздеу керек.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота