БАҒДАРШАМ Жазғы демалыста атасы Қамбарды қалаға ертіп кетті. Қаланың орталығында ағасы тұрады. «Қамбар, менімен жүре ғой. Әрі қаланы көресің, әрі біраз бойыңды сергітерсің», деді.
– Ата, ағамның қалада тұрғаны қандай жақсы. Қаланы көргім-ақ келеді, шынын айтсам, – деп Қамбар атасының жанынан бір елі шыққан жоқ.
– Қалада жүргенде абай бол. Менің қолымнан ұстап жүр қашан да. Әсіресе ағылып жатқан көліктен сақтанғайсың, – деп атасы алдын ала пысықтап жатты.
Мінеки, қала іші. Ауылдағыдай емес, мұнда адам да, көлік те көп екен. Жолдың арғы бетіне өтейін десе, жүйткіген машиналар легі бір толас табар емес. Бір кезде жол қиылысында жанып тұрған қызыл табақша сөнді де, сары табақша жанды. Сөйтті де лезде жасыл табақша жарқ ете қалды. Жол жиегіндегі адамдар осы сәтті күткендей көшенің арға бетіне қарай аяқтарын асыға басып, өте бастады.
– Ата, анау жанып тұрған не? – деп сұрады Қамбар.
–Бұл бағдаршам, – деді ағасы секілді бейтаныс жігіт атасының қолтығынан демей түсіп.
– Е, е, әліппемізде суреті бар еді.
Бейтаныс жігіт сөзге жомарт, ақ көңіл екен. Әлгінде ғана үн қатқан-ды, және сөйлей жөнелді:
– Бұл бағдаршамның айтар әңгімесі бар. Мәселен, ол «қызыл жанса – тоқтай тұр, сары жанса – сабыр қыл, жасыл жанса – жолың болсын, жолаушы», – деп үн қатады.
– Мұны ұғып ал, – деді жол шетіне дейін атасына көмектескен күйде.
Атасы мен Қамбар бейтаныс жігіттің бағдаршам жөнінде айтқан сөзіне риза боп, артта қалған бағдаршамға көз тіге қарап қалды. Бағдаршам ешбір жаңылыспай қызыл, сары, жасыл түсті табақшаларын рет-ретімен жандырып, сөндіреді. Бірақ үн жоқ. Тек бейтаныс жігіттің сөзі құлаққа қайта естіледі. «Қызыл жанса – тоқтай тұр, сары жанса – сабыр қыл, жасыл жанса – жолың болсын, жолаушы».
Қым-қуыт қала тіршілігі ішіне бейтаныс жігіт әлдеқашан сіңіп кеткен. Ал ауылдың жайбарақат қозғалысын қаланың ағыны қатты тұрмысы еріксіз жаулап алса да, атасы мен Қамбар жан-жағына қарайлап келеді. (273 сөз)
2-тапсырма .
Төменде берілген әр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді берілген сөздермен бастаңыз.
Әр сұрақтың балы жақшада берілген. Тіл сапасына қосымша беріледі.
1. Қым-қуыт қала тіршілігі ішіне бейтаныс жігіт әлдеқашан сіңіп кеткен.
Бейтаныс 1ұпай
2. Ал ауылдың жайбарақат қозғалысын қаланың ағыны қатты тұрмысы еріксіз жаулап алса да, атасы мен Қамбар жан-жағына қарайлап келеді.
Атасы мен Қамбар1ұпай
3. Атасы мен Қамбар бейтаныс жігіттің бағдаршам жөнінде айтқан сөзіне риза боп, артта қалған бағдаршамға көз тіге қарап қалды.
Бағдаршам жөнінде1ұпай
4. Жолдың арғы бетіне өтейін десе, жүйткіген машиналар легі бір толас табар емес.
Жүйткіген машиналар1ұпай
5. Жол жиегіндегі адамдар осы сәтті күткендей көшенің арға бетіне қарай аяқтарын асыға басып, өте бастады.
Адамдар1ұпай
6. Әсіресе ағылып жатқан көліктен сақтанғайсың, – деп атасы алдын ала пысықтап жатты.
Атасы алдын1ұпай
7. атасы алдын
8. Бұл бағдаршам, – деді ағасы секілді бейтаныс жігіт атасының қолтығынан демей түсіп.
Ағасы секілді1ұпай
9. Сөйтті де лезде жасыл табақша жарқ ете қалды.
Жасыл1ұпай
10. Тек бейтаныс жігіттің сөзі құлаққа қайта естіледі.
Құлаққа1ұпай
Мен сіздерге еліміздің батырлары туралы әңгіме уәде еткендей хат жазып отырмын. Біздің елде көп нәрсе бар, бірақ олардың ішіндегі ең әйгілері - Бауыржан Момышұлы, Алия Молдағұлова, Мәншк Маметова, Иван Павлов, Талғат Бегелдинов, Сергей Луганский - бәрі де Екінші дүниежүзілік соғыстың батырлары. Тоқтар Әубәкіров сияқты замандастары да бар; Тағат Мұсабаев және олардың алдында ұлы Юрий Гагарин болған. Бұл біздің еліміздің дамуына айтарлықтай күш-жігер мен үлес қосқан адамдар. Біздің батырларымыздың арқасында біз.
Объяснение:
Қайрош – романның басты кейіпкері. Ол - Кеңес Одағының батыры Қайырғали Смағұлов болып табылатын Қайрош Сарталиев. Ол 1941 – 45 жылдардағы соғысқа бастан-аяқ қатысып, Кеңес Одағының батыры атағына ие болған адам. Романда өзінің батырлығымен, ержүректілігімен, қайтпас қайсар мінезімен ерекшеленеді. Ол тек шыншылдықты, әділдік пен адалдықты қалайтын жауынгерлердің бірі. Ол туған жері есіне түскен сайын қанаттанып, көкке жүзгендей болады. Алайда соғыс оның өмірінде үлкен із қалдырады. Содан бері ол Қайрош Сарталиев алған бетінен қайтпайтын, бірбеткей жан болып қалады.