Бақылау диктанты Тапсырма №1
Тапсырылмаған
keyboard_arrow_down
Бақылау диктанты
Сазда
Аюлар жаз бойы орман ішін кезіп жүреді. Олар піскен тәтті жидектерді тамсана жалайды. Жабайы аралардың балын жейді. Құмырсқалардың үйіліп жатқан илеуін қазады. Кейде үйіліп тұрған сұлыға бас салады. Аңшыларға жаздыгүні аюдың ізіне түсу өте қиын. Аюлар адам ізін сезіп қояды. Кеш алдында аюлар мүгі көп сазды жерді кезеді. Сазды жердегі томарларды иіскелейді. Жейтін бірдеңе табыла ма деп іздейді. (58 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: илеуін, жаздыгүні.
Бірінші сөйлемді сөз таптарына талдаңдар.
Аңшыларға, аюдың деген сөздердің қай септікте тұрғанын анықтаңдар. Септік жалғауының астын сызыңдар.
Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді.
Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ.
Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.
Неменеңе жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, -
деп тебіренген Мұқағали мұңында жұмырбасты пенде үшін теңдессіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр.