•«Бақытсыз Жамал» романы туралы алғаш пікір айтқан Ахмет Байтұрсынұлы: «Қазақта бұрын роман жоқ еді. Біздің арамызда қазақша бірінші роман жазып шығарған М.Дулатов болды. Оның «Бақытсыз Жамал» деген романы 1910 жылы басылып жарыққа шықты. «...Бұл кітабы да елге тез та-
рап кетті, бізге көршілес тыл-
дан келушілер сылтау тауып,
қалап әкететін болды. Жамал-
дың өлеңмен баяндайтын ая-
нышты өмірінен қыз-келін-
шектер өз бастарынан кешкен қайғысын, мұң-зарын көрді. Романды оқығанда олар көз жастарын тыя алмай, ухілеп отыратын. Үлкендер жағы кешкі отырыстарда «Бақытсыз Жамалдың» хикаясын әңгімелесе, ал жастар жиын-тойларда кітаптағы өлең-жырларды әнге қосып айтатын.
Гүлнәр Дулатова
1-тапсырма.Жоғарыда берілген пікірлерге сүйене отырып, сыни пікір жазыңыз..
Арқаның Бетпақ деген даласы бар, Бетпақ шөл, ойлы-қырлы панасы бар. Сол жерде ел жоқ, көл жоқ өсіп-өнген, Жәндіктің киік деген баласы бар...
Киікті қазақ және дейді бөкен, Бетпақты байғұс бөкен қылған мекен. Киікті атып аңшы өлтіргенде, Жазықсыз жан өлді деп ойлай ма екен...
Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім, Басқаға жануарды-ау теңгермедім. Көздері мөлдір қара ақ бөкенді, А кем көрмедім...
Азайды соңғы кезде байғұс бөкен, Мың-мыңдап баяғыда жүреді екен. Бұл күнде келе жатқан жолаушыға, Кездесіп анда-санда саяқ некен.
Кей қазақ әдет қылған киікті атып, Мүйізін пайда қылып, шетке сатып. Сандалған бір киікке ұшырастым, Бір жылы Бетпақ шөлде келе жатып.
Бетпақта келе жатты ақсақ киік, Сандалып қаңғырақтап басын иіп. Пана іздеп шыбын жанға сүйретіліп, Мергеннің кеудесінде оғы тиіп.
Тамады қара жерге аққан қаны, Қиналып ентігеді шыбын жаны. Боялып ақ денесі қызыл қанға, Келеді әлі бітіп, жығылады...
Сандалып келе жатты ақсақ киік, Бір тоқтап, анда-санда әлін жиып. Ақбөкен сахараның бота көзі, Атты екен қандай мерген көзі қиып?..
Бота көз сахарада қына терген, Кім екен жапан түзде сені көрген? Аяныш сезімі жоқ бір қазақ-ау, Дәл көздеп жүрегіңе атқан мерген!..