В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
89508122482
89508122482
23.08.2020 18:39 •  Қазақ тiлi

Бақытсыз Жамал романындағы қазақ қызының тағдыры эссе жазу. қатты керек болып тұр еді көмектесіңдерші?​

Показать ответ
Ответ:
roman20031022
roman20031022
18.01.2021 13:10

Ескі заманның шырмауында қалған қазақтың көзін осындай қазақ қыздарының алдыға суырылып шығып, өз теңдігін сұрауы ашқандай болады. Алайда бұл шығармада тек қана ата ана қарсылығы емес, сонымен қатар қызды адам емес тауар ретінде көретін, оны қалыңмалға айырбастайтын ашкөз, сараң адамдардың бейнесі де ашылады. Мысалға, туған әкесінің билік үшін қызының өмірін күлге айналдыруы; оның сезімдерімен санаспай, бірін бірі жаралған қос ғашықты айырулы мен опасыздыққа жатқызар едім.

Менің ойымша, Міржақып Дулатов өз туындысында Жамал қыздың тағдыры арқылы, тар заманның шынайы бет бейнесін, халықтың сол кездегі жағдайының бәрін ашып көрсеткендей. Себебі, романда Сәрсенбай мен Жамал арасындағы, юай мен кедей деп бөлінген таптық өкілдердің арасында қарама қайшылықтар мен адамдардыңрузани жағынан емес, байлығына қарап бөлінуі, адами қасиеттерді бағаламауы шынайы көрсетіледі. Сонымен қатар, заманының кесірінен өзгерген әке мінезі осыған дәлел болады. Міржақып оны басында; « Момын, мал баққан кісі» деп суреттесе, бірте бірте ол да байлықтың буына масайрап, тіпті өз қызын табан астына салып, тағдырының күл талқанын шығарған еді.

Объяснение:

қате болса кешір

0,0(0 оценок)
Ответ:
ilonasusak77
ilonasusak77
18.01.2021 13:10

Эссе

"Бақытсыз Жамал" романы.

Міржақып Дулатов қаламынан талай белді туындылар жарық көргені белгілі.Сондай аталмыш шығармаларының бірі - "Бақытсыз Жамал" романы.Ол қазақ әдебиетінің тарихында тұңғыш рет роман деген жанрлық анықтама қойылып, жарияланған прозалық көлемді туынды еді.

Прозалық туындының сюжетіне тоқталып өтсем,оқиға Сәрсенбайдың бір перзентке зар болып Шолпанға үйленуінен бастау алады.Одан Жамалдың тууы, Жамалдың молдадан оқып,ұл балаша тәрбиеленеуі, әдемі бойжетуімен жалғасады.Сәрсенбайдың билік үшін көмектеседі деген есеппен Байжан баймен құда болуы еркін өскен Жамалдың жүзіне мұң сыйлайды.Бұған анасы Шолпан да қарсы болған еді.

Мен қайран атам малға сатқанына,

Бір тазды жалпақ елден тапқанына.

Аты өшіп, тумай кеткір Жұман деген

Мал беріп мені өзімсіп жатқанына, -

деп көздің жасын көлдетіп жүргенінде, бір тойда жас, оқыған, сыпайы, сұлу жігіт Ғалимен танысады.

Екі ғашық бір-бірінің тілін тез тауып,хат алмасып жүріп,ақыры қашып кете барады.Байжанның келінінің кетіп қалуына орай жасаған аярлық әрекеттері, өтірік қағаз жасатуы шығармада оның жауыз,дүниқңыз жан екенін аңғартпай қоймайды.Ғали аяқ астынан ауырып қайтыс болып,Жамалдың жан жарасына айналады.Оқиға Жамал еріксіз Байжан босағасына келіп, Жұманнан көрген қорлық-зорлық, ақыры боранда адасып өлуімен аяқталады.

Қортындылай келе айтарым,роман құрылымы жағынан ауыр әрі кейіпкерлері көп болмаса да сол заманның бүкіл елді жайлаған дертін көрсете алды деп білемін.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота