Бабалар көз талдыра көптен күткен,
Далама жандандыра келді көктем.
Мәуелі Бәйтеректің басын шалып,
Күн күлді нұрын шашып көкжиектен.
Ұлы елдер іргемізде,
Бір тілек, бір лебізде.
Жұптасып мәңгі қатар,
Жасаймыз біз де бірге.
Сүйікті айбыны зор Абылайдан,
Билікті мирас етіп қабыл алған,
Ағаны адал ниет арқа тұтып,
Алаштың абыройы артып бағы жанған.
Күмбезін көк тіреген нұрға малып,
Елордам күн-күн сайын тұр жаңарып,
Сауығы тарқамаған әнші-күйші,
Қазағым жаны жарқын мырза халық.
Мәңгілік ертек емес епке келер,
Қозғалсақ қол ұстасып көппен егер.
Тәңірім, бармақтай бақ, таудай талап
Баянды бола берсін деп бере гөр!
Қош айтып ескі өкпе көне есепке,
Қол создық берешекті келешекке.
Барыстай ел боламыз жүрек жұтты,
Ғарышты еншілейміз демесек те.
Ұлы елдер іргемізде,
Бір тілек, бір лебізде.
Жұптасып мәңгі қатар,
Жасаймыз біз де бірге!
1. Мазмұны негізінде өлеңге тақырып қойыңыз.
2. Өлеңнің идеясын анықтап, 1 сөйлеммен жазыңыз.
3. Мәтіннің жанры
1.балалар
2.осы оленде балалар туралы айтылган
3. я не знаю