Жылдың төрт мезгілі: жаз, қыс, көктем және күз. Біз жылдың төрт мезгілінде басымыздан өткіземіз. Ал, кейбір елдерде қысты тіпті білмейді. Жылдың әр мезгілі өз ерекшеліктерімен бізді қуантады. Жаз, жазда жазғы демалыс, суға түсіп, серуендеп, жеміс-жидектер пісіп, мәре-сәре боламыз. Қыста сырғанақ теуіп, қар ойнап, шаңғы тебеміз. Көктем, айнала қыстан кейін қар еріп, күн жылынып, қалың киімдерімізді шешіп бір жеңілдеп қаламыз. Ал, күзде барлық көкөніс піседі, жиын-терін болады, бұл мезгілде қысқа дайындық жасалады.
Сусыз тіршілік жоқ, ол бүкіл тірі жан иесінің бойында бар. Тамақсыз бірнеше күн өмір сүруге болады, ал сусыз сонша уақыт өмір сүру мүмкін емес. Адамның, сондай-ақ көптеген жан-жануарлар денесінің 2/3-і, ал кейбір өсімдіктердің 4/5-і судан тұрады. Жер бетінің тек 1/3-ін құрлық, ал 2/3-ін су алып жатыр. Мұхиттар мен теңіздерді, өзен-көлдерді былай қойғанда, жер астында да, топырақта да су бар. Мұздықтар мен айсбергтер де қатып қалған су болып табылады. Су атмосферада да аз емес, онда ол бұлт, тұман, бу және жаңбыр мен қар түрінде болады.
Адамның, сондай-ақ көптеген жан-жануарлар денесінің 2/3-і, ал кейбір өсімдіктердің 4/5-і судан тұрады.
Жер бетінің тек 1/3-ін құрлық, ал 2/3-ін су алып жатыр. Мұхиттар мен теңіздерді, өзен-көлдерді былай қойғанда, жер астында да, топырақта да су бар. Мұздықтар мен айсбергтер де қатып қалған су болып табылады. Су атмосферада да аз емес, онда ол бұлт, тұман, бу және жаңбыр мен қар түрінде болады.