Бал ашамын деп бәлеге қалган... Дастарқан басында соғыс жайында әңгіме қозғалды. Әркім әртүрлі естіген оқиғаларын айтып жатты. Кенет төрде отырған бір ақсақал: — Мен сендерге бір әңгіме айтайын, – деді. Бәріміз әлгі кісіге қарап елең еттік. – Бұл өзі бұрын-соңды айта қоймаған сырым еді, деп жалғады ол сөзін. Қазір соғыстың аяқталғанына да пәленбай жыл өтті ғой. Сондықтан бізді ешкім тергеп, қудалай қоймас... Бұрынғы Ворошилов колхозынан бес жігіт бірге әскерге аттандық. Алдымен ауданға, сонан соң облысқа апарды. Облыс орталығынан эшелонға отырғызып батыс жакка алып бара жатты. Бүгінгідей бөлек-бөлек жатар орны бар вагон қайда?! Кинода көрсетіп жүргендей агаш вагон. Пойыз да жай жүреді. Әр станцияға токтап, су аламыз. Берген тамагын талғажау Қыламыз. Екі-үш күннен кейін пойыздан кісі жалығады екен. Арамызда бізден ересектеу, әр нәрседен хабары бар. қағылез Әбдібек деген жігіт болды. Iniмiз пысқаны сондай бір кезде әлгі Әбдібекке: - Сен бал ашшы, совет жеңе ме скен, неміс жене ме екен? – дедік, Әбдібек құмалақты шашып кеп жіберіп: — Жаудың беті қатты. Күші басым. Біздің женуіміз киын болады-ау! – деді. Кешке бәрімізді вагон-штабка шақырды. Болған оқиғаны айна-қатесіз біреу жеткізіпті. «Мұны сендерге кім үйретті? Неге совет әскерінің жеңетініне күдік келтіресіңдер? Араларыңда жаудың тыңшысы бар шығар?» - деп, ал тергеудің астына алсын келіп. Орысша да жонді білмейміз гой. Сұрақтың бірін түсінсек бірін түсінбейміз. «Солай құмалақ аштырганымыз рас», - деп мойындаудан басқа амал қалмады. Содан не керек, «Совет елінің неміс фашистерін жеңетініне күмән келтіріп, жауынгерлердің арасына іріткі салып жүр», деген айып тағып, Әбдібекті вагоннан түсіріп алып қалды. Қалғандарымыз да майданға жеткенше козге түрткі болып, қатаң бақылауға алындык. Артынан естідік, Әбдібек байғұсты эскери трибуналдың үкімімен соттап жіберіпті. Сол күйі қайтпады. КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕ 1) 2) 3) АВТОР ОЙЫ: МЕНІҢ КӨЗҚАРАСЫМ:
сезім не істеу керек? Егер сіз қалада және басқа штаттарда серуендейтін болсаңыз, онда феодалдық қатынастар, сенімділік негіз болды