Балаға ат қою Қазақта бала туғаннан кейін ел ішіндегі аса құрметті қарияға . немесе баланың
атасына, әжесіне немересінің атын қойғызады. Адамға ат қоюдың себептері алуан түрлі
тілек-мақсаттарға
байланысты да болып келеді. Бала бай, дәулетті болсын деген
мақсатпен Байбол, Дәулет, Алтынбек, Алтынбай, күшті де батыл болсын деп Арыстан,
Батырбек, Қаһарман, Ербатыр; сұлу да көрікті болсын деп Айсұлу, Әсем, Ботагөз, Ажар;
ақылды да тапқыр болсын деп Ақылбек, Ақылбай, Есбол сияқты есімдерді таңдап қойған.
Көптеген есімдер халықтың әдет-ғұрпына, күн, жыл аттарына да байланысты болып
келген. Мысалы, Наурызбай, Жұмабай, Бейсенбай деген есімдер қойған.
Ақ Орданың этникалық құрамы және қоғамдық құрылысы.
Ақ Орда — Қазақстан жерінде манғолдар шабуылынан соң жергілікті этникалық негізде қалыптасқан алғашқы мемлекеттік құрылым. Бұл жер ерте замандардан түркі тілі мен мәдениетіндегі, сондай-ақ осы тарихи кезеңде жолында тұрған қазақ ұлтының негізін құраған үйсін, қаңлы, қарлық маңғыт сияқты ортағасырлық елдердің, сондай-ақ басым бөлігі Шыңғыс хан шабуылы тұсында Қазақстанға іргелес оңтүстік-шығыс аудандардан және Алтайдан ығысқан жалайыр, найман, керей, арғын, қоңырат және басқа ірі тайпалық одақтардың атамекені болды.
Ақ Орда мемлекетінде феодалдық меншік түрі отырықшы-егіншілік және көшпелі мал шаруашылығы аудандарында кемел қалыптасқан түрінде көрінді. Деректер отырықшы жұрт арасындағы ауқатты топтың інджеу, мильк, сүйірғал сияқты жер иелігі, сондай-ақ салықтың көпчүр, зекет, тағар сияқты түрлері болғандығын айтады. Елдегі билік жүйесінің басында орда Ежен ханның үрім бұтағынан шыққан хан тұрды, оған жергілікті аймақтарды билейтін оғландар мен бек, әмір, батырлар бағынды.
Объяснение:
ответ: это провильно
Объяснение:
Әуе көлігі — әуемен жолаушылар, пошта және жүк таситын көлік түрі. Басқа көлік түрлерінен артықшылығы — жылдамдығында.
Әуекөлігі Америка мен Еуропаның бірқатар елдерінде 1-дүниежүз. соғыстан кейін пайда болды. Франция мен Германияда көліктің бір түрі ретінде 1920 жылдан кейін дами бастады. Ресейде алғашқы әуежолы (Мәскеу—Төм. Новгород) 1923 жылы ашылды.
Қазақстандағы әуе көлігі
Қазақстанға тұңғыш ұшақ 1918 жылы 9 қаңтарда ұшып келді. Ұшқыштар — Н. С. Горбунов пен В. Р. Браунц басқарған “Фарман-30” ұшағы Мартөк (Ақтөбе қаласыныңмаңында) — Новосергеевка бағытымен 1 сағ. 20 минутта 350 км қашықтықты ұшып өтті. Қазақстанда 1923 жылы “Добролет” қоғамы құрылып, ол әуепошта мен жолаушылар тасымалдау ісін ұйымдастыруды қолға алды. 1924 жылы “Ю-13” ұшағымен Ташкент — Алматы, Алматы — Ташкент бағытында бірінші рет ұшу сынағы өткізілді. 1925 жылы Бішкек — Алматы әуе жолымен алғашқы пошта тасымалы жасалды. 1929 жылы Қызылорда — Мәскеу әуежолы ашылды. 1930 жылы Әуекөлігін пайдалану мен дамытуға жағдай жасау мақсатында Қазақ азаматтық авиация басқармасы (ҚААБ) ұйымдастырылды. Сол жылы ҚААБ-тан 27 жігіт Мәскеу ұшқыштар мектебіне оқуға жіберілді. Бұлардың арасында алғашқы Қазақ ұшқыштарының бірі — салық Ахметов те болған.