Ежелгі түркілер тек қана шаруашылығымен ғана айналысып, көшіп-қонып жүре бермеген, елінің еркін өмірін қорғаймын деп, қайқы қылышымен дұшпандарының жүрегін ұшырып, қатыгездігімен, жауынгерлігімен ғана аты шықпаған, сонымен бірге кең далада мәдениет пен ғылымның орталығы болған үлкен-үлкен қалалар салып, әлемдік өркениеттің дамуына өзіндік мол үлесін қосқан екен. Бұрындары түркі халықтары көшпелі өмір сүріп, дамымай қалған жабайы халық делінсе, ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, арасынан әл-Фарабидей ұлылар шыққан, есте жоқ ерте кездерден-ақ білімі, ғылымы, мәдениеті дамыған, бір кездерде қоғамдық дамудың көшін бастап, адамзат қоғамының жетіле түсуіне айтарлықтай үлес қосқандығы жайлы мойындала бастады. Ал а сының рухани жағынан дамуында шешуші рөл атқаратын әдебиет болса, түркі халықтарының ерте кездерде жасаған мәдени мұрасының аса бай болғандығына бүгінгі күні көзіміз жетіп отыр. Әсіресе, түркі халықтарының тұрмыс-тіршілігіне орай жасалынған көшпенділер мәдениеті бұл күндері өзіне теңдесі жоқ қоғамдық-мәдени құбылыс ретінде бағалануда.
Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол - бүкілғаламдық желі - Интернет деп санар едім. Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ - тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі. Бұл мақсатта Лос - Анджелес, Юта және Калифорния штаттарындағы университеттерге және Стэнфорд зерттеу орталығына компьютерлерді бір - бірімен жалғайтын желі жасау тапсырылады. ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады.
Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ - тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан деседі. Бұл мақсатта Лос - Анджелес, Юта және Калифорния штаттарындағы университеттерге және Стэнфорд зерттеу орталығына компьютерлерді бір - бірімен жалғайтын желі жасау тапсырылады. ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады.