Баланы 13 жастан отау иесі болуға дайындаған
Халқымыз 12-15 жасынан бастап, ер баласына алдында өмірдің дайындаған талай қиын-қыстау шақтары мен қуанышты сәттер барын мақал-мәтелдермен ескертіп отырған. "Аты аталмаған жігіттен аты аталған төбе артық", "Айтсаң, үйде туып, түзде өлетін жігіттерді айт", "Өнерлі жігіт өрге озар, өнерсіз жігіт жер соғар" деп шамдандыратын. "Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз" деген.
Қазақ "ер баланы алты жасқа дейін хандай көр, алты жастан құлыңдай жұмса, 16 жастан кейін сырласыңдай көр" деп, жасына қарай тәрбие берген. Сөйтіп ұл баланы 13 жасынан бастап отау иесі болуға дайындаған. Өйткені қазақ салтында ұл бала 13 жасында балиғат жасына жеткен болып саналатын. Сондықтан ата-ана, бауырларының алдында жауапкершілікті санасына сіңіре бастаған.
Үш сөзбен берілген тәрбие
Қазақ баласын үш-ақ ауыз сөзбен тәрбиелеген: Ұят болады. Жаман болады. Обал болады.
Ұят болады дегені – өлімнен ұят күшті, жаным арымның садағасы дегені.
Жаман болады дегені – жақсы сөз жарым ырыс, жамандықтан аулақ жүр, жақсының шарапаты, жаманның кесапаты тиеді дегені.
Обал болады дегені – әр нәрсенің сұрауы бар, саған түкке тұрғысыз болған нәрсе басқа біреуге өте қымбат болуы мүмкін, ешкімге көлеңкең түспесін дегені.
Жас ерекшеліктері
Ер баланың жеті жас пен он жас аралығын "қозы жасы" деп, бұл жастағы балаларға әр түлік мал мен оның төлдерінің бөгенайын, белгі, қасиеттерін жыға тану талабын қойған.
10-нан 20-ға дейінгі жасты "қой жасы", "қотан жасы" деп атап, осы он мен жиырма жас аралығындағы ер балаларға қойдың қырық қайырымын білу, астық жинаудың "ұрық таңдау, айдау, баптау, ору, жию, қамбалау" сияқты алты әдісін, бағбандықтың көшет отырғызу, баптау, жалғау, бұтау, үзу, сақтау, сияқты амалдарын толық меңгеру талабы қойылған.
20 -дан 30-ға дейінгі жасты "жылқышы жасы" деп атап, бұл жастағы азаматтарға ел, жер танып, жылқының жиырма қасиетін біліп, жеті қараңғыда адаспай жол табатын, қауіп қатерге жолыққанда ерлік көрсете алатын қасиеттерді бойына сіңіруді, батыл да батыр болу талабын қояды.
Бұл тәрбие ұл баланың отбасына, балалар мен аналарға, ел-жұртына қамқоршы, қорған болу сезімін жоғарылатады. Сонымен қатар намысқой, батыл, батыр, халықшыл азамат болып қалыптасуына жол ашады деп түсінген.
составить диалог
ответ:Энциклопедиялар мен АКТ материалдарынан ізденіп, төрт түлік малдың жас ерекше
тігіне сəне т.б. қасиеттеріне қарай түрлерін жазыңдар.
Атаулары
Төрт түлік мал
Түйенің өсу жасына қарай
Түйенің күштілігі, төзімділігі сияқты қасиеттеріне қарай
Жылкынын жасына қарай
Сылкынын жүйріктігіне, тағы да баска касиеттеріне қарай
Сылкынын түсіне қарай
Сиырдың жасына қарай
Койын өсу жасына қарай
Ешкінін жасына қарай
Объяснение:ТҮЙЕНІҢ ӨСУ ЖАСЫНА ҚАРАЙ--- БОТА; ТАЙЛАҚ; НАРША; ҚҰНАНША; ЕКІ ТҮСТІ; ТӨРТ ТҮСТІ; ІНГЕН; АТАН ДЕП АТАЙДЫ.
жетема
Жалпы адамзаттық құндылықтар жеке тұлғаның бойында өмірге келген сәтінен бастап бірге дамиды, жасы ұлғайған сайын қоршаған ортасына сәйкес бірге қалыптастады.
Тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағытталған идеалдар құндылықтар деп қарастырылады. Оларға: шындық, қайырымдылық, тұлға, бостандық, махаббат, шығармашылық және т.б. жатады. Құндылықтар идеалдарды қабылдау немесе қабылдамау сезімі арқылы айқындалып, ақыл-ой, сана арқылы қабылданады, құрметтеу, қошаметтеу, қабылдау тәрізді ұмтылысты білдіреді. Бұл сезім мен ақыл-ойдың ұштасуын және сол арқылы адамның іс-әрекетін белгілейді. Құндылықтар сезім арқылы қабылданады, сана арқылы түсінуге болады. Соның нәтижесінде тұлға құндылықты игереді де, іс-әрекет етеді. Осы аталмыш құндылықтардың бастау көзі халықтың мол мұрасында. Ол мұра – халық пайда болғалы онымен бірге жасасып, бірге дамып келе жатқан құнды дүниелер.
Жалпы адамгершілік құндылықтардың мәні мен мазмұндары көне заманнан бүгінге дейін философия, әлеуметтану, мәдениеттану, этика, эстетика, психология, педагогика ғылымдарында кеңінен қарастырылып, қоғам ерекшеліктері мен сұраныстарына орай талданып, жүйеленіп келеді…
Құндылықтар туралы алғашқы түсінік ежелге грек ғалымы Сократтан бастау алады. Сократ үшін құндылық «адамның өмірді бағалауы» екен. Ал Аристотель «жақсылық», «игілік» ұғымдарын жағымды мінез-құлықты, рухани құндылықты бейнелеуде қолданды. Құбылысты, затты жағымды бағалау адам үшін құнды игілікті түсінуге негізделген. «Ізгілік» сөзі салыстырмалы мағынада белгілі бір жағдайдағы адам үшін жақсылық, пайдалы нәрсе деп түсіндіріледі. Рухани-адамгершілікке тәрбиелейтін ғылым ретінде этиканы белгілеген. Аристотельдің пайымдауында «этиканың мақсаты – таным емес, ізгілікке үйрету. Этикалық зерттеулер рухани-адамгершілік дегеннің не екендігін білу үшін емес, осы рухани-адамгершілікке жетудің жолдарын үйрету үшін қажет, олай болмағанда бұл ғылымның пайдасы болмас еді» – дейді.
Философ Т.Қ. Ғабитов «құндылықтар – қасиеттер» дей отырып, бұл қасиеттердің бала кезден, ана сүтімен бірге өзінің ана тілі арқылы мораль негіздері ретінде, өз тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлерін игеру нәтижесінде орнығатындығын ерекше бағалайды. Яғни, философиялық тұрғыдан алсақ, құндылықтар – адам үшін пайдалы мәнге ие болатындардың барлығы, адамзат қоғамының іргелі дамуы мен адамның жеке тұлғасын жетілдіруге тиімді ықпал ететіндерің барлығы құндылық болып табылады. Психологтар құндылықтарды тұлға аралық қатынас тұрғысынан қараудың өзіндік мәні бар екенін айтады. Құндылық ұғымында құндылық қатынастың обьектісі болып табылатын заттардың сыртқы қасиеттерінің сипаттамасы, осы қатынастың субьектісі болып табылатын адамның психологиялық сапалары, құндылықтың жалпы мәнділігін көрсететін адамдардың өзара қарым-қатынасы ұштасады.
жетема