Балықшы мысық
Мысық өзенге балық аулауға барады. Қармағын суға са-
пады. Оған шабақ түседі. «Бұл кішкентай балық қой» деп
ойлайды мысық. Қармағына құртын іліп алып, тағы да суға
тастайды. Бұл жолы қармаққа алабұға түседі. «Алабұға да
онша үлкен емес» деп ойлайды. Қармағын үшінші рет тас-
тайды. Қармаққа үлкен шортан балық түседі. Ол мысықты
суға сүйреп әкетеді.
«Хрестоматиядан»
• Мәтін мазмұны бойынша бір-біріңе сұрақ қой.
• Мәтіндегі негізгі ойды анықта.
• Мәтіннен сын есімдерді және күрделі зат есімді тап.
Объяснение:
Менің таңдаған мамандығым - заңгер. Болашақта атақты адвокат болғым келеді. Адамдардың құқықтарын қорғап, оларды жаңылыс тағылған айыптардан арашалауды көздеймін. Тағы бір таңдау себебім - заңдарды толық білу және қолдану. Өмірде өзінің құқықтарын білетін адам үлкен жетістіктерге жетеді. Сонымен бірге бұл мамандық қоғамға да өте пайдалы. Белгілі бір себептермен өз күшімен заңдарды оқып, олардың анық қанығына жете алмаған адамдарға заңды түсіндіру тұрғысында көмек беру заңгердің міндетіне жатады. Бұл жерде заңгер мамандығы қоғамға құқықтық жағынан өте пайдалы.
1)Менің тандаган жолым _кез келген тандаган мамандық иесі болу. Мен мысалы журналист боламын. Журналист Ол түрлі жаналыктар көрсетеді. Маған осы мамандық қатты ұнайды.
2)Өмірде мамандықтың түрі көп. Әр мамандықтың өзіндік ерекшелігі бар. Дәрігер адамдарды емдесе, мұғалім оларды оқытады, әнші ән айтады, құрылысшы үй салса, тігінші киім тігеді. Тағы басқа да мамандықтар туралы айта беруге болады.
Бала кезімізде «Кім боласың?» деген сұраққа әр түрлі жауап іздейтінбіз.Сонда бала арманында шек бар ма? Балалық қиялмен әнші де, дәрігер де, әртіс те тағы басқа бірнеше мамандықты айтып мәз болатынбыз. Бірақ адамның өзіне ең жақын үлгі тұтатын адамы болады. Сол адам менің - әкем. Әкемнің қолына қара сөмкесін алып мектепке барғаны, үйдегі сабаққа дайындалған кезеңі, ұстаз жолындағы жетістікке жеткендегі қуанышты сәттері маған үлкен әсер етті. Алғашқы ұстазым Зағила Ермекқызының оқу мен жазудың сырларын үйретіп, білімнің әр қырына баулып, еркелігімді ақылға жеңдірген ұстаздық өнері мені тәнті етті. Адамдар мамандықты жүрегінің қалауы бойынша таңдауы керек. Сол арман қиялмен Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттік Қыздар педагогикалық институтына оқуға түстім. Оқуымды бітіріп ең алғашқы ұстаздық еңбек жолымды өзімнің алтын ұя мектебімнен бастадым.
Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарғанда ғана адам өзін бақытты сезінеді екен. Жас ұрпақты білім нәрімен сусындатар, шәкірт жүрегіне гүл егер, бала жанының бағбаны аяулы ұстаздар емес пе? Ұстаз - таудан арқырай аққан тау өзені секілді, айналасына қуат беріп, жолында кездескендерді суымен нәрлендіріп, таудай қиындықтарды тастай домалатып, білімнің сар даласында тыныштық тауып, дамылдайды. Ұстаз - Жер деген әлемнің бетін көркейткен, шәкірттеріне шуақ төккен Күн-Ана. Ұстаз – ақылдың тозбайтұғын асылы. Қасиетті мамандық иелерінің ішіндегі жауһары. Өзге мамандық атаулылары өздерінің түр-сипатын мың құбылтып жатса да, еш өзгеріссіз сол бәз баяғы қалпында жас ұрпаққа адамгершілік қасиеттердің дәнін еккен диқаншы. Менің мамандығым – мұғалім. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты бала күнімнен армандадым .
2012-2013 оқу жылынан бастап Шақаман жалпы орта білім беретін мектебінде ұстаздық жолымды жалғастырып келемін.Ұстаз үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Өмір бір орында тұрмайды, үнемі алға жылжып отырады, осыған орай жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелеу, оқыту үшін үнемі ізденіп, білімін, біліктілігін арттырып отыру керек.Бұл бастаманы осы мектептен үйреніп келемін. Мұндағы ұжыммен жұмыс жасау әр қадамыма шабыт береді. Ал, осы мектептің ұлағатты ұстаздары, атап айтсам: Нұрбике Орынбековна, Мунира Орынбековна, Менсулу Асгатовна сияқты тұлғалардың төзімділігі, қайраттылығы, жан – жақтылығы мен үшін үлгі.
Күнделікті таңертең мектеп ауласына жақындағанда, балалардың сыңғырлай күлген дауыстары мені қуанышқа бөлейді. Мектепке кіргеннен-ақ, өзімді мазалаған сан түрлі ойлардан арылып, оқушыларымның тәтті қылықтарымен әдемі жүздерінен шаттанамын. Балалардың әр күні біздің көз алдымызда өтіп жатыр. Алдымызға келген балалар - біреудің маңдай алды жарығы, енді бірі – жалғызы, бірі – ерке, бірі – қой аузынан шөп алмас момыны. Маңдай алды жарығын Таңшолпандай жарқыратып, жан дегенде жалғызын көпшілікке үйретіп, қой аузынан шөп алмасты ортада жарқылдап сөйлер шешен қылып тәрбиелеу үшін қажымас қайрат пен батырлық қажет. Мектеп — балалардың екінші үйі болса, ал ұстаздар екінші анасы десек те артық етпейді. Әр үйдің еркелерін бір арнаға тоғыстырып, олармен жұмыс жасау оңайға соқпайды. Алайда баланың тілін тауып, тілдесу, жақсы тәрбие берудің өзі бір үлкен ғанибет. Ақ парақ бетіне сызу сызғандай баланың кіршіксіз санасына алғашқы адамгершілік, мейірімділік нұрын сеуіп, білім, өнер нәрімен сусындату мына біз мұғалімдердің еншісінде. Сондықтан да ұстаздың міндеті талап пен еңбекті оқушыдан талап ете отырып, білімнің теңізінен маржан тергізу. Оқушы сабағыңнан ешқашан жалықпау керек.
Менің мамандығым әлемдегі ең қажет мамандықтардың бірі.
Объяснение:
Екеу