В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Х
Химия
Д
Другие предметы
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
М
Музыка
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
У
Українська література
Р
Русский язык
Ф
Французский язык
П
Психология
О
Обществознание
А
Алгебра
М
МХК
Г
География
И
Информатика
П
Право
А
Английский язык
Г
Геометрия
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
vika8914
vika8914
24.08.2020 09:40 •  Қазақ тiлi

Басқа мемлекеттік ахуал қалыптасты. Сол уақыттың шындығы мен бірқатар фактор

бізді өз геосаяси кеңістігімізді қайтадан

қалыптастыруға жаңа көзқараспен қарауға

мәжбүрледі. Астананы көшіру бірқатар өзекті

мәселені шешуге ықпал ететінін, соның

нәтижесінде Қазақстан халқын ұлттық

идеяларға ұйыстыратын жаңа саяси орталық

құруға болатынын, аймақтардың бір-бірімен

ықпалдасуы күшейіп, ел дамуының алтын

діңгегіне айналатын тың қозғаушы күштің

туатынын түсіндім. Солардың ішінде саяси

символикалық идеяның маңызы өте жоғары

болды. Жаңа астана егемен мемлекеттің

өзіндік аңсар-арманы, ұлттық мүдделері мен

қажеттіліктері негізінде құрылатыны белгілі

еді. Осындай жағдайлардың бәрі жан-жақты

ескеріліп, жаңа астана жобасы дәл уақытын

да жүзеге асты. Көп созбай, тәуелсіз

Қазақстанның барыс бітімді, самұрық

серпінді асқақ бейнесін жасау қажет болды.

1998 жылдың 15 желтоқсанында, Тәуелсіздік

күніне орай, жаңа астана да алғаш рет

салтанатты жиын өтті. Сол жиында мен: «Бұл

– ұлы бетбұрыс. Қазақстанның енді ғана бой

көтерген астанасы қайталанбас келбетке ие

болады», – деген едім.

Менің көкейімде: «Астана еуразиялық

өркениет орталықтарының бірі болады.

Есілдің сол жақ жағалауында су жаңа қала –

болашақтың қаласы бой түзеуі тиіс» деген ой

тұрды.

(Нұрсұлтан Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі»

кітабынан)

стилы и авторы и тақырыбы кандай ОТВЕТ БЕРНДЕРШ

Показать ответ
Ответ:
123456uiop
123456uiop
24.01.2023 03:42

Туған жердің қадірін әр адам әрқалай түсінетін шығар. Ал мен үшін Туған жер қадірі дүниедегі ең ұлы деген нәрсемен пара-пар.Менің туып өскен жерім Қарағанды. Барлық керемет кездерім менің әлпештеген анам, аялап өсірген әкем, туған-туысым, аға-әпкелерім, мені білім жолына жетелеген ұстаздарым, сол білімге ұмтылу жолындағы тай-құлындай тебіскен жора-жолдастарым дүниеге келген жер. Бүгінгі таңда Қарағанды шаhары ең ірі қалалардың бірі болып саналады. Себебі, жерінің көлемі жағынан да, жер қойнауындағы қазынасы жағынан да алғашқы орындарды иемденеді.Қарағанды облысы Сарыарқаның оңтүстік жарты бөлігінде орналасқан. Қиыр батысын Торғай қолатының шығысы мен Тұран ойпатының солтүстік-шығысы, солтүстігін Теңіз – Қорғалжын ойысы, Есіл жазығы, Ерейментау, Қызылтау және басқа ұсақ таулар, шығысында Ащысу, Дағанделі өзендерінің аңғары, оңтүстігін Бетпақдала сазды шөлі мен Балқаш көлі алып жатыр. Бедері негізінен ұсақ шоқылы, төбелі-белесті болып келеді. Олардың арасында ерте кездегі өте биік қатпарлы таулардың жұрнақтары – гранитті тау массивтері көптеп кездеседі. Мұндай аласа тауларды тауаралық кең жазықтар, өзен аңғарлары, көл ойыстары бөліп тұрады. Облыстың батыс бөлігін Ұлытау (1131 м), Арғанаты, Желдіадыр, т.б. таулар, ұсақ, орташа Абсолюттік биіктігі 300 – 500 м Сарысу төбелі-белесті жазығы алып жатыр. Қарағанды облысының шығысын көтеріңкі келген Балқаш – Ертіс суайрығын құрайтын таулар тізбегі – Қарқаралы (Жиренсақал тауы, 1403 м), Кент тауы (1469 м), Қу (1356 м), Қарақуыс тауы (1342 м), Қызылтас тауы (Қушоқы, 1283 м), Қызыларай тауы (Ақсораң, 1565 м, Сарыарқаның ең биік нүктесі), Кешубай (Сарыобалы, 1320 м), Қоңыртемірші тауы (Қарасораң, 1368 м), т.б. көптеген таулар алып жатыр. Шығыс бөлігі өзінің биіктігімен (орташа Абсолюттік биіктігі 500 – 1000 м) және жер бетінің қатты тілімденгендігімен ерекшеленеді. Облыстың бұл бөлігі солтүстіктен оңтүстікке қарай бірте-бірте аласарады. Үлкенді-кішілі ойыс пен қазаншұңқырлар бір-бірімен алмасып жатады. Аласа тау массивтерінің салыстырмалы биікт. 500 – 600 м, бұлардың арасында белесті қырат немесе көптеген шашыранды ұсақ шоқылар, дөңесті бұйраттар, адырлар кездеседі. Облыстың солтүстігінде Ерейментаудың оңтүстік сілемдері – Ақдің (899 м), Нияз (833 м), Айыртау (814 м), Желтау, т.б. таулар, Қарасор көлінің ойысы бар. Облыстың оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде Арал маңы Қарақұмы, Мойынқұм, Жетіқоңыр, Қарақойын, Сарықұм сияқты құм массивтері жайғасқан. Сонымен қатар, бұл қала - елімізге еңбегі сіңген көптеген ірі тұлғаларымыздың, ақын-жазушыларымыз бен әншілеріміздің туған өлкесі.Менде өскенде осы аға-апкелеріміздей ұлы тұлға болатыныма сенемін.

0,0(0 оценок)
Ответ:
двоищник3
двоищник3
27.01.2021 12:17

из глины

Адамды Құдай жаратты ма?

Ең әуелгі көзқарас – жоқтан бар қыла­тын Құдайдың құдіреті арқасында пайда болдық әрі еш өзгерместен осы қалпымызда жаратылдық деп санайтын Жаратушылық теориясы. Ғылыми тілде креационизм деп аталады. Бұл көзқарас өте ескіден келе жатқанымен, ғылым мен білімі дамыған қазіргі заманда да өз өзектілігін жойған жоқ. Ғасырлар бойы адамның жүрегінде орнығып, сеніміне айналған бұл көзқарасты мансұқ ету қиынның қиыны. Әрине, адамды Жаратқанның қалай жасағаны турасында да бірізді пікір жоқ. Оның басты себебі адамдардың діни сенімдерінің әртүрлі болуында жатыр. Тіптен өздерінің шығу тегін жануарлармен байланыстыратын халықтар да бар. Мәселен, қытайлар айдаһарды өздерінің арғы ата-бабалары деп есептесе, Африкада өмір сүретін тайпалардың бірі түпкі тегін пілден таратады. Біздің бабаларымыз түркілерде де өзінің шығу тегін қасқырмен байланыстыратын аңыз болған. Бір айырмашылығы тікелей жануардан емес, адам мен қасқырдың некесі арқылы өмірге келген баладан тарағандарына сенген. Қазіргі біздер үшін бұл сенімдердің күлкілі болып көрінетіні рас. Бірақ бұл сол кездегі адамдар үшін талассыз ақиқат болып есептелген. Кейін келе адамдар арасында жаңа әрі жүйеленген діндердің пайда болуына байланысты өздерінің шығу тегін жануарлармен байланыстыратын тотемдік сенімдер ығысып, оның орнын біршама жүйелі әрі күрделенген жаңа сенімдер алмастырды. Енді адамдарды Құдайдың қалай жаратқаны турасында киелі кітаптарға сілтеме жасай отырып дәлелдеуге мүмкіндік туды. Дегенмен әлі де жер бетіндегі діндердің қатары аз емес. Әрбір дін адамның жаратылуын өзінше пайымдап, дінге сенушілерге өз тәсілдері арқылы түсіндіреді. Біз де олардың бәріне тоқталып жатпай, өзіміздің сенімімізге айналған ибраһимдік діндердің пайымдары бойынша талдау жасағанды жөн көрдік

Объяснение:

это правда Нас АЛЛАХ из глины создал

подпишись на меня

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота