Жүк алды Шаян, Шортан, Аққу бір күн, Жегіліп, тартты үшеуі дүркін-дүркін. Тартады Аққу көкке, Шаян кейін, Жұлқиды суға қарай Шортан шіркін. Бұлардың машақаты аз болмады, Жұмысы орнына кеп мәз болмады. Тартса да бар күштерін аямай-ақ, Аслан жүк орнынан қозғалмады. Оншама ол жүк артық ауыр емес, Құр сырттан «пәлен» деу де тәуір емес. Жүк бірақ әлі күнге орнында тұр, Бырыңғай тартпаған соң бәрі тегіс. Жігіттер, мұнан ғибрат алмай болмас, Әуелі бірлік керек, болсаң жолдас. Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей, Істеген ынтымақсыз ісің оңбас.