Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Ана болу - бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды, ол арқылы оның жаны нұрлана, нәрлене түседі. Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрмет тұтып, қастерлеу әрбір баланың борышы. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Ананың мейірімі жан-жағына өз шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейірім алып жүрген барша адамзат аналарды мәңгі ардақтап, аялай білсе, бұдан асқан бақыт жоқ шығар
Жамбыл Жабаев - жүз жасаған ақын. Жүз жыл өмірінің сексен бесін өлеңмен өткізген Жамбыл - екі ғасырдың куәсі ғана болған жоқ. Оның жүз жылғы өмірі екі ғасырға тең еді. Себебі, Жамбыл қайшылыққа толы, күнгейі мен көлеңкесі тепе-тең, жамандығы мен жақсылығы қатарлас екі дәуірді бастан кешті. Ол өзінің көргені мен білгенін бірде жырау, бірде жыршы, бірде ақын болып жырлаған, толғаған, суреттеген. Өнері мен бойына туа біткен дарындылығының арқасында ХХ ғасырың ұлы жырауы атанды. Оның жырларының көпшілігі арнау мен мысқыл өлеңдерден және айтыстардан тұрады. Жамбыл 100 жылғы өмірінде халқына қызмет етіп, елдің қамын ойлады. Отаны үшін жанын пида етуге дайын болды. Ол ел ықыласына бөленіп, поэзиясы өміршеңдігімен, ешкімге ұқсамайтын даралығымен ерекшеленді. Сондықтан, жүз жасаған Жамбылдың есімі ел тарихында алтын әріппен жазылып қалмақ!
Кез келген адамның әдептілігі мен жан-дүниесінің сұлулығы ең алдымен балаға ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген ана жүрегінің жылуынан басталады. Бала бойындағы ең жақсы қасиеттер де ең алдымен анадан тарайды. Әлемдегі ең кешірімді, ең мейірімді жан – ана. Ана баласы қандай қателік жасаса да кешіреді. Оның мейірімділігінде шек жоқ. Ана болу - бүкіл өміріне кететін рухани күш пен ерен еңбек. Өз баласын бағып-қағуда ана өзін-өзі ұмытып, барлық күш-жігерін перзентіне жұмсайды, ол арқылы оның жаны нұрлана, нәрлене түседі. Ал баланың анаға деген махаббаты жеткіліксіз. Оны барынша құрмет тұтып, қастерлеу әрбір баланың борышы. Ана махаббатын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
Ананың мейірімі жан-жағына өз шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл ананың құшағында мейірім алып жүрген барша адамзат аналарды мәңгі ардақтап, аялай білсе, бұдан асқан бақыт жоқ шығар
Жүз жыл өмірінің сексен бесін өлеңмен өткізген Жамбыл - екі ғасырдың куәсі ғана болған жоқ. Оның жүз жылғы өмірі екі ғасырға тең еді. Себебі, Жамбыл қайшылыққа толы, күнгейі мен көлеңкесі тепе-тең, жамандығы мен жақсылығы қатарлас екі дәуірді бастан кешті. Ол өзінің көргені мен білгенін бірде жырау, бірде жыршы, бірде ақын болып жырлаған, толғаған, суреттеген. Өнері мен бойына туа біткен дарындылығының арқасында ХХ ғасырың ұлы жырауы атанды. Оның жырларының көпшілігі арнау мен мысқыл өлеңдерден және айтыстардан тұрады. Жамбыл 100 жылғы өмірінде халқына қызмет етіп, елдің қамын ойлады. Отаны үшін жанын пида етуге дайын болды. Ол ел ықыласына бөленіп, поэзиясы өміршеңдігімен, ешкімге ұқсамайтын даралығымен ерекшеленді. Сондықтан, жүз жасаған Жамбылдың есімі ел тарихында алтын әріппен жазылып қалмақ!