БАСТАУ — Ал, ағайын, тегіс жиналсаң, сөзіме құлақ сал, — деді басқарма. — Өздерің білесіңдер, мен жұмысшы әкелем деп кеттім. Ақыры былай болды. Үкімет біздің Бұлғыртау ауданының тоғыз қалқозына елу төрт бала жіберген екен. Жер аяғы шалғай, мен барғанша ересектерін бөлісіп әкетіпті. Соның өзі жақсы болды. Жетісіп отырған ешкім жоқ, түгел кем-кетікпіз. Төрт-бес жұмысшы қосылғаннан азаматтың орны толмас деп, ең ұсағынан таңдап алдым.
Жұрт дабырлап кетті. Басқарма мен есепші екеуі шүпірлеген бір арба бала әкелді дегенді мана, жұмыс басында естіген. Рас боп шықты.
— Сабыр, ағайын, сабыр, — деді басқарма қолын көтеріп.
— Менің әкелгенім алты-ақ бала. Бәріңе жетпейді. Және, қазір баурыма салдым деп алып, ертең өгейсітіп жүрсек тағы қазақшылыққа жатпайды. Мүмкін, үкімет әлі де жіберер, сонда қалғаныңа тиеді. Әзір қолда барын құдай жолымен бөлем. Ай, бәйбіше, — деді содан соң дауыстап.
— Тамағын ішіп болса балаларды алып шық.
— Қазір, ақсақал, — деген дауыс естілді киіз үй ішінен,
— Ал, былайырақ тұрындар, балаларға орын беріңдер, — деді басқарма.
Жұрт жапырыла шегініп, есік алдың қоралай тұрды. Орталарын ашқанмен, кимелесіп, мүмкіндігінше алға шығуға тырысады. Бірі қызық көрмек, бірі үміт жетегінде.
Ақыры басқарма әйелінің ақ шаршысы көрінді. Бірақ сыртқа шықпай, көтерме киіз есікті жамылған күйі бөгеле берді.
— Жүріңдер, айналайындар, бері жүріңдер.
Аппақ қаздың баурынан тұрған сары үрпек балапандай, сап-сары шашты сап-сары бала көрінді. Жұрттың дабыры пышақ кескендей тыйылды. Артынша бірінің соңынан бірі тізіліп, қара шашты, қоңыр шашты, жирен шашты балалар өріп шыға бастады. Күнге көздері шағылысты ма, әлде жадау киінген жат топтан именді ме, бәрі есік алдыңда ұйлығып қалды.
— Өй, қалқабастар, қорықпаңдар, бері жүріңдер, — деді басқарма. Қолынан бір-бірлеп жетектеп әкеп, киіз үйдің күнес жақ қабырғасына қатарлап тұрғызды.
Жаңа сілтідей тына қалған жұрт бадалардың ішінде қоңырқай өңді, қара көзділері барын аңдаған соң қайтадан күбір-күбір сөйлесіп, гуілдеп кеткен.
— Ал, Дәуренбек, — деді басқарма, екі қолын кеудесіне айқастырып, алдыңғы қатарда сіресіп тұрған қара ғалифе шалбар, әскери гимнастеркалы жігітке қарап. — Дүкіметіңді оқы, балалардың мән–жайын айт.
Дәуренбек салдат етігімен сарт-сұрт басып, екі-үш қадам алға шықты да, бас бармағы мен жарты шынашағы ғана бар сол қолымен қармалап, төс қалтасынан төрт бүктелген бір жапырақ қағаз алды. Бес саусағы да бүтін оң қолымен қағаздың бүктемесін жазып, ернін жыбырлатып, ішінен оқып аз бөгелді. Содан соң молақ қолының кеміс шынашағымен балаларды санап шықты. Қағазына тағы бір қарады да балаларды орнын алмастырып, қайта тұрғызды. Тамағын кенеп екі-үш мәрте жөткірініп алып, қағазды мұқият бүктеді де қайтадан қалтасына салды.
— Басекең дұрыс айтады, баланың саны алтау, — деді содан соң. — Смирна тұрып, внимательна тыңдаңдар. Мен ретімен таныстырып шығайын. Тылдағы еңбекшілерге көмекке жіберілген жолдастар төмендегіше. Стройдың басында тұрған екеу — қазақ балалары, үлкені сегізде, кішісі алтыда, мынаусы — Нартай, анаусы — Ертай, екеуі ағайынды. Бұлардан соңғы — татар баласы, аты Рәшит, жетіде. Көзі сығырайған жалпақ бет, тақырбас қара — әйел бала, қалмақ, я дүңген, жасы алтыда. Қасындағысының аты — Яков, тоғызда, қолағаштай мұрнына қарағанда жойыт тәрізді, бірақ документте орыс деп жазылған; қайдан кеп, қайдан тұрғаны белгісіз, әрі мылқау. Ең соңындағы — жаңа алдымен шыққан қасқа, жетіде. Сіздерден жасыратын не бар, тегі жаман — неміс. Бұл баланың орны детдом
Пишем лецензию на этот повесть
«Отаным – тағдырым»
Отан… Осы бір қасиетті ұғымның біздің халқымыз үшін мағынасы өте тереңде. Еліміздің отан болып қалыптасуы жолында халқымыздың даналығы, ерлігі, қайтпас қайсарлығы жатыр емес пе? Қазақ елі талай қиын қыстау кезеңдерден өтіп, бүгінгі күні әлем таныған, терезесі ешкімге тең келмейтін жеке тәуелсіз мемлекет атанып отыр. Бірақ, бұның барлығы бізге ақ пейілді аналарымыздың көз жасы мен ержүрек батыр азаматтарымыздың бағасына татиды.Менің отаным тәуелсіздігі тұғырлы киелі қазақ жері. Киелі қазақ жерінің түпкіріндегі орны ешнәрсемен сараланбайтын шағын ғана Малтабар атты ауылым. Менің шырылдап дүние есігін ашқан жерім де, өскен жерім де осы шағын ауылмен тікелей байланысты. Менің ауылым – отанымның кішкентай бір бөлшегі. Яғни, әркімге өзінің туып өскен жері, кішкентай отаны. Осы кішкентай отаныммен үлкен отанымның амандығы ,бірлігі мен үшін өте маңызды. Мен үшін Отан – жер бетіндегі жан азығыммен өмір мәнінің түйіскен бұрышы деп білемін.
ол үшін өз ана тілінің қадірін түсініп оның оңайлықпен кеомегеніне көңіл бөл.Туған тілде сөйлегеннің зайыбы жоқ.Керісінше сол тілдің әлемде өз үстемдігін алуына жағдай жаса.Қоғамға өз үлесіңді қос.Ана тілің туралы көп шығармалармен танысып,оқы.Мысалы,біз қазіргі таңда 19ғ.дың ғұламасы Абай Құнанбаевтің бір ғана өлеңін алатын болсақ онда көптеген өзімізге түсініксіз сөздерді байқаймыз.Бірақ ол біздің ана тілде жазылған..неге?неге біз оны түсіне алмаймыз?Міні сөздің жоғалып бара жатқанын осыдан ақ аңғаруға болады.Сондықтан да тіліміздің тазалығын даралығын сақтап қалғымыз келсе өз ұлтымыздың ұлы ғұламаларының шығармаларымен,туындыларымен таныса отырып қазақ тіліне бет бұруымыз керек деп ойлаймын!!