Бастауыш есім сөзі болып, баяндауыш тұйық етістік болса, бастауыштан кейін Сызықша қойылады. Біздің алдымыздағы ең жауапты міндет – қысқы сессияны ойдағыдай әзірлікпен қарсы алу. Бастауыш та, баяндауыш та атау тұлғадағы сан есім болса, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Бес жердегі бес – жиырма бес. Бастауышы тұйық етістік болып, баяндауышы зат есімдерден болғанда, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Егістік жерге қар тоқтату – мол өнім алудың басты шарттарының бірі. Бастауыш сілтеу есімдігінен я жіктеу есімдігінің ІІ жағынан болып, өзінен кейінгі сөздің анықтауышына ұқсап, шатасып кететін жағдайда, баяндауышы қай сөз табынан жасалса да, бастауыштан кейін сызықша қойылады. Қазір бұл – Египеттің ең басты кітапханасы әрі мәдени орталығы ретінде танымал.
ответ: білсең айтшы
Объяснение: 3 күн бұрын деп тұр өте крек