- Бастауыштың жасалу жолдары. Бастауыш қызметінде жеке сөз, сөз тіркесі, тіпті үйірлі мүше ретінде сөйлем де жұмсала алады. Бастауыш қызметінде жұмсалатын сөздер атау септігінің нөлдік, көптік және тәуелдік жалғауымен келеді. Бастауыш қызметінде ең көп жұмсалатын сөз таптары – зат есім мен есімдік. Бастауыш қызметінде жұмсалатын сөз таптары мен сөз топтары мыналар: 1) зат есімдер: Көтібақ, Көкше де аз болған жоқ (М.Ə.); 2) есімдіктер: Асқардың олай еткенін ешкім сезген жоқ (С.М.); 3) субстантивтенген сын есімдер: Жақсы — ісімен жақсы (Абай); 4) сан есімдер: Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, Төртеу түгел болса, төбе- дегi келеді (мақал); 5) түрленбейтін сөз таптары (үстеу, одағай т.б.): Yһілеулер үдей түсті. Қиқулары Тынық ауаны толқытып тұр (Ғ.Мұст.); 6) есімше мен қимыл есімі: Жығылған күреске тоймас (мақал). Сауысқанның тамағы Шоқуменен табылған (Ы.А.); 7) сөз тіркесі мен тұрақты тіркестер: Құлагердей ерен жүйрік Ақаннан басқа бір адамда да болмайды (А.Ж.). Лаж жоқ, кісідегінің кілті аспанда деген осы (Б.Мом.).
Бұл бір ұзақ ертегі. Қарлығаштың құйрығы неге айыр? Қысқаша айтатын болсақ, ертеде жылан патша болады, ол біраз жылдардан соң өз тамағының ерекше болғанын қалап, маса мен шіркейді өзіне шақырады. Оларға дүниеге ең тәтті қан кімдікі екенін біліп келуді тапсырады. Ең тәтті қанды анықтаған маса жылан хабарлауға асығып ұшып келе жатқанда қарлығаш жолығады. Масаны мақтап кімнің қаны тәтті екен, бізбен де бөліссеңші,- дейді, мақтағанға масаттанған маса, ең тәтті қан адам қаны екенің айтады. Қарлығаш оған сондай қанның дәмін татқан, тіліңді көрсетші,- дейді. Сол кезде масаның тілін жұлып алады. Маса жыланның алдын келіп ештеңе айта алмай, ызыңдайды, сонда қарлығаш, ең тәтті топырақ,- деп тұр дейді жыланға. Бірақ, маса еңіреп жылап, қарлығаштан болғанын көрсетеді. Жылан бар бәле сенен болған екен ,- деп тұр ұмтылғанда қарлығаш ұшып кетеді, ал құйрығы жыланда қалады. Содан бері қарлығаштың құйрығы айыр екен.
Қазақ халқы салт-дәстүрге қатты қарайды. Оны барынша сақтауға тырысады. Атадан балаға сан ғасырлары бойы беріліп, жалғасын тауып келеді. Салт-дәстүрлердің түрі көп. Мүмкін оның дұрысы да бұрысы да бар шығар. Сондай дәстүрлердің бірі бала туылысымен, оны өзге сондай нәресте қызбен атастырған. Бұны, әрине қолдай қою қиын. Өсе келе жастар үшін бұл дұрыс шешім болмауы да мүмкін. Ал, шілдехана, бесік той, сүндетке отырғызу, оған сүндет той жасау, бұлар менімше дұрыс салт. Жаңадан көшіп келген көршіге үй көрсетіп, дәм таттыру бұл да біздің жақсы дәстүрлеріміздің бірі.