Басты бет Мәтін бойынша қарапайым жоспар құру
2-тоқсан
«Al-Farabi academialyq mektebi» ЖШС
ШЫМКЕНТ қаласы, Қаратау ауданы, Нұрсат шағын ауданы, 181-үй
6 Г

Жанель
Кенжебаева
Оқушы
BilimLevel 0%
0
Жеке кабинет
Online Mektep
Кесте
Үй тапсырмасы
Мұғаліммен байланыс
Күнделік
Көмек
PISA
BilimLand
Компьютерлер
iTest
Twig-Bilim
iMektep
10 ЖЕЛТОҚСАН
ҚАЗАҚ ТІЛІ - 6 Г
МӘТІН БОЙЫНША ҚАРАПАЙЫМ ЖОСПАР ҚҰРУ
САБАҚ
ВИДЕОКОНФЕРЕНЦИЯ
Чат ашу
Тарихи тұлғалар тағылымы
Мәтіннің жанрын анықта.
Бұқар жырау
Халқымыздың асқан кемеңгер ойшылы, қоғам қайраткері, ақпа-төкпе жыр нөсері Бұқар жырау Қалқаманұлы қазақты билеген тоғыз ханға кеңесші болған. Кемеңгер би билік айтарда өлеңмен сөйлеген.
Атақты шежіреші М.Көпейұлы «Өз заманында Бұқар «Көмекей əулие» деген атқа ие болған деседі. Жырау қара сөз білмеген, сөйлесе тек көмекейі бүлкілдеп жырлай бастайды екен» деп сипаттаған.
Бұқар жырау Тəуке хан тұсындағы ықпалды билердің бірі болған.
Сөз өнерінің ерен жүйрігі атанған Бұқар Тәуке ханның ел басқару ісіне белсене араласады. Ол туралы Үмбетей жырау былай дейді:
Бұлбұл құстай сайрадың,
Тоты көрсең жайнадың.
Көріктей басқан күпілдеп,
Көмекейің бүлкілдеп,
Сөйлер сөзден таймадың.
Тəукенің болып жаршысы,
Халқыңның болып заршысы,
Белді бекем байладың.
Тəуке ханның тұсында Бұқар Қалқаманұлы белді жырау жəне беделді би ретінде өзінен жасы үлкен Қаз дауысты Қазыбек, Төле жəне Əйтеке билермен бірге қазақтың тұңғыш құқықтық құжаты «Жеті жарғыны» жасауға қатысады.
Аңыз бен ақиқаттың шындық шырайындай Асан бабамыздың желмаямен жаһанды кезіп, халқына құт мекен болатын жерұйықты іздеуінде жан тебірентерліктей сыр жатыр емес пе? Ұлытаудан басталар ұлы көшіміздің кеңес дәуірі кезінде Астана қазығын бірде Орынбор, бірде Қызылордаға қадап, одан жасыл желекті, түсті кілем Алматыға тұрақтауы Мәскеудің пәрменімен болған еді. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана елорданың қай жерде болуын таңдау мүмкіншілігіне Елбасымыз ие болды. Астанамыздың Қазақстанның орталығында болуы қай жағынан алып қарасаңда дұрыс шешім еді. Себебі, Сарыарқа талайды көрді, талайға төзді. Бағзы бабаларымыздың ақ найзаларын аспанға атқан айбырлы жеңістерінің куәгері болды.
Енді міне, екі ғасыр тоғысқанда жаңа мыңжылдықтың табалдырығында өшкен жанып, өлген тіріліп, кеткен есе түгенделіп, жығылған ту қайта желбіреп, жоғалған елдік оралып, құлаған орда қайта бой көтергеніне де себепкер болып отыр. Қалай десекте Астана қазақтың бас қаласы болып, өскелең ұрпақтың жарқыраған жұлдыздай келешегіне өз үлесін қосары сөзсіз. Шынына келер болсам өз басым әлі күнге дейін елімнің ақ ордасын өз көзіммен көрген емеспін. Тек көз алдыма оның әсем көрінісі газет-журналдардан оқығаным, теледидардан көргендерім елестейді. Оның қазіргі сәулет өнерінің үлгілеріне сай бой түзеген биік те сұлу ғимараттары бір кездегі қарапайым облыс орталығын адам танымастай өзгерткені анық. Қала сұлулығы қай а болсын тамсандыратынына күмәнім жоқ. Өйткені, кең жазира далада көсіліп жатқан кемел сұлулығымен, күміс көлдерімен Есіл, Нұра секілді қыз бұрымындай тарқатылған өзендерімен өзіне тартады. Сондықтан болар Астана мен үшін әрқашан салтанаттың қаласы, тасы өрге домалап тұрған жандардың мекені болып елестейді. Қазіргі таңда астанамыз әлемдік, іскерлік байланыстың күре тамырына айналып отыр. Оның өзі Елбасының ізгі саясаты, көрегендігі мен кеменгер ойының жемісі, арманы, мақсаты, халқының тарихынан нәр алғандығы шығар. Астанамыздың шаңырағы биікке көтеріліп, уығы нық қадалып, керегесі келісті жайылды деуге болады. Астана қазірдің өзінде азиялық байтақтардың арасындағы ең бір еуропалық қала. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Еуразиялық ел екенін, оның астанасының орасан зор қос құрлықтың, өкпе тұсында орналасқанын, демек келешекте қаланың осынау ұлан-ғайыр кеңістіктің қуатты желілері тоғысқан торабына, 21 ғасырдағы экономикалық, технологиялық, ақпараттар тасқынының арнасына айналатынын атап көрсеткен болатын.
Астана- бүгін өскелең қала. Кемел де келісімді ойлардың, ізгі ниет пен игі тілеудің қаласы. Айталық, қаланы қақ жарған Есіл өзенінің жағалауын кезінде басқан қамыс- құрақ қаба сақалдан арылып, бетон тақтайшалармен төселген. Есілдің мәрмәр жағалауынан зәулім ғимараттар салуға да, қаланың орталық бөлігінде еуропалық үлгідегі шағын орамдар тұрғызуға да орын жетерлік. Ендеше, шаһардың кейбір кең де түзу көшелері дәстүрлі шығыс байтақтарын, мәселен, көргендерге Каир мен Делиді есестететіні сөзсіз.