Байқоңыр» ғарыш алаңы әлемдегі ең ірі ғарыш айлағы. Байқоңыр ғарыш алаңы Қызылорда облысы Қармақшы ауданының аумағында орналасқан. Іргесі 1955 жылы қаланған. Байқоңырдың ұшу трассасы Арал теңізінен Камчатка түбегіне дейін созылып жатыр.
1990 жылы «Байқоңыр» полигоны атауы «Байқоңыр» ғарыш алаңы болып өзгертілді.1957 жылдың 4 қазанда Байқоңыр ғарыш алаңынан тұңғыш ғарыш ракетасы сәтті ұшырылды. Ол дүниежүзіндегі ең бірінші жасанды Жер серігін орбитаға шығарған. Ал, 1961 жылдың 12 сәуірінде айтулы оқиға болды. Ю.А. Гагарин «Восток» ғарыш кемесімен ғарышқа ұшты. 1991 жылдың 2 қазанында тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров көкке ұшты. Ол «Союз Т- 13» ғарыш кемесімен Байқоңырдан ғарышқа көтерілді. Ал, ресейлік ғарышкерлермен Талғат Мұсабаев ғарышта 2 рет (1994, 1998) болды. Ол екінші қазақ ғарышкері ретінде тарихта қалды.
Кейіннен 2015 жылдың 2 қыркүйегінде үшінші қазақ ғарышкері Айдын Айымбетов көкке көтерілді.
«ПОПС» формуласын қолданып, мәтіндегі ақпараттар бойынша өз ойыңды жаз (прочитав текст, докажите своё мнение, используя ПОПС-формулу)
1. «Менің ойымша».
2. «Себебі мен оныдеп түсінемін».
3. «Оны мен деген фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын.
4. «Осыған байланысты мен деген шешімге келдім».
Мен Алматы қаласында тұрамын. Бұл менің сүйікті қалам. Мен осы өлкеде туып өстім. Осы қаламда көптеген достарым бар. Алматы қаласының ескерткіштері де барып көруге тұрарлық көрнекті орындардың біріне жатады. Ескерткіш жанында көптеген үлкен шаралар өткізіліп тұрады. Мереке күндері адамдар көптеп жиналады. Сонымен бірге қаламызда саябақтар көп. Балалар саябақта велосипедтер мен скейтбордтар теуіп ойнайды. Біздің қаланың көшелері кең,үлкен. Үлкен көшелерде субұрқақтар орналасқан. Қаламыздың әдемі болуы үшін көп ағаштар, гүлдер отырғызылған. Өзімнің қалам туралы мына өлеңді арнаймын. Менің қалам – Алматы Тамсанады бәріде Жайнай берді гүлдене Табиғаты ерекше Менің қаламның болашағы қандай жарқын болса, біздің болашағымыз да жақсы болады. Көркейе бер, Алматым!
Құстар да жетер ән салып.
Көктер де шығар,
Көгілдір нұрға тамсанып.
Сулар да тасар,
Кетпесе екен деп тіле,
Мұхиттар көлге қарсы ағып.
(Автор не указан, напечатано ЗДЕСЬ)
Или возьмите отрывок из стихотворения Абая.
Жазғытұры
Жазғытұры қалмайды қыстың сызы,
Масатыдай құлпырар жердің жүзі.
Жан-жануар, адамзат анталаса,
Ата-анадай елжірер күннің көзі.
Жаздың көркі енеді жыл құсымен,
Жайраңдасып жас күлер құрбысымен.
Көрден жаңа тұрғандай кемпір мен шал,
Жалбаңдасар өзінің түрғысымен.