Байқоңыр төңірегінің ғарыштан көрінісі
Байқоңыр — Қазақстан Республикалық маңызы бар қаласы. Байқоңыр қаласы «Байқоңыр космодромы» мен бірге 2050 жылға дейін Ресейге жалға берілуде.
Байқоңыр (1996 жылға дейін Ленинск қаласы) — Қызылорда облысының Қармақшы ауданындағы қала. Бірнеше мың га жерді алып жатқан қала ұзақ жылдар бойына “аса құпия” нысан болып саналды. Жергілікті тұрғындар да, әскери мамандар да қаланы “10-алаң” деп атап келген. Ал қалаға іргелес жатқан “Крайний” әуежайы мен көптеген шаруашылық мекемелері және Төретам темір жол стансасы “9-алаңға” кіреді. Байқоңыр қаласы мен ғарыш алаңына қажетті құрал-жабдық, техника, құрылыс материалдары, т.б. заттар Төретам темір жол стансасы арқылы жеткізіледі. Қалада Мәскеу авиация институтының филиалы, электр техникалық колледжі, ірі есептеу орталығы, әскери аурухана, емхана, әуежай, электр стансасы, сыра зауыттары, түрлі мәдениет ошақтары, көптеген сауда, тұрмыс қажетін өтейтін кәсіпорындар жұмыс істейді.
Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшырылған мыңдаған зымырандардың ұлы даламыздың табиғатына келтіретін зияны аз емес. Ұлытау жері уланып жатыр. Бұрынғы шүйгін шабындықтар, жазира жайлаулар қу тақырға айналып, өсімдіктердің көптеген түрлері мүлдем жойылды.
Мәтіннің жанры
матинин жанры сиппатау
Объяснение: