Қ. Әбдіқадыров. «Қажымұқан» хикаяты, «Қар күреген бала», «Жаяу сүйреген шана» үзінділерінің мазмұндық желісі 1.Он адам қоймада нені қозғалта алмай жатты?
2. Бұл жағдай кімді қызықтырды?
3. 16 жасар бала ол қандай міндетттің атқарып тұрды?
4. Қоймаға кірген бала не істеді?
5. Қажымұқан адамдарды қалай таң қалдырды?
6. Кіреші бай Масликов оған не берді?
7. Қожасы Орлийға қандай ақыл берді?
8. Масликов Қажымұқанды әңгімелесіп, ол туралы не білді?
Әлем елдеріне саяхат жасағым келеді.
Саяхатқа шығуды ұнатпайтын адам жоқ шығар. Мен өз басым саяхат десе, ішкен асымды жерге қоюға дайынмын. Мейлі ауыл болсын, қала болсын, қыдырғанды өте қатты ұнатамын. Сапар шеккен адам ел көреді, жер көреді, ой – өрісі кеңейеді, бой жазып қайтады. Саяхатқа қатысты менің арманым бар, ол – барша әлемді шарлау. Әзірге осы арманыма ата - анамның арқасында бір адым жақындадым десем де болады, себебі біз биыл отбасымызбен жазғы демалысқа Түркия еліне аттандық. Бұл менің алғашқы шетелге саяхатым болды. Бауырлас Түркия елі бәрімізге ұмытылмас әсер қалдырды. Біз Стамбул қаласына дейін ұшақпен жетіп, әрі қарай арнайы автобуспен қонақ үй орналасқан Анталия қаласына келдік. Айта кететін бір жайт, Түркияның жолдары тегіс, әрі автобустың өзінде ұшақтағыдай арнайы адамдар жұмыс істеп, тіске басар мен түрлі сусындар тарататыны ерекше әсер қалдырды. Сонымен біз Жерорта теңізінің жағасында орналасқан бес жұлдызды қонақ үйімізге де келіп жеттік. Бөлмеміз кең әрі жарық, ішінде керекті заттардың барлығы табуға болады. Ішетін тамағымыз тегін болды. Балаларға арналған арнайы бассейн мен алаңдарда армансыз ойнап, теңіз суына түсіп, күнге де біраз күйдік. Демалыс уақыты әп – сәтте өте шыққандай болды. Отбасы мүшелерінің барлығы демалыстан оң әсер алды.
Бұл шетелге шығудың бастамасы ғана деп білемін. Алда әрі сапарларымызкөп болғай!
Қазақ тілін үйрену қажеттігі туралы.
1. "Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте" деген мақалды есте ұстап, әуелі өз ана тілімізді жетік меңгеруден бастайық.
2. "Өз тілің - бірлік үшін, өзге тілің - тірлік үшін" деп аталарымыз айтқандай, қазақ тілімен қатар өзге тілдерді де меңгеру - қазіргі заман талабы.
3. "Ана тілің алпыс тілге татиды" демекші, ана тіліміз - біздің бойымызға ана сүтімен дарыған байлығымыз.
4. "Тілін білмейтіндер емес, тілін білгісі келмейтіндер - мәңгүрт" деген мақалдағыдай мәңгүрт болмай, қазақ тілін үйренейік дегім келеді.
5. "Анам берген туған тілім,
Атам берген құрал тілім" деген мақалда айтылғандай, ана тілімізді дәріптеп, қадір тұтайық.