Берілген 4 сұрақтың қайсысын таңдайтыныңызды көрсетіп, тиісті шаршыға қанат белгісін () қойыңыз. Жазба жұмыстарында ыңғайлас және қарсылықты салалас құрмалас сөйлемдерді; шартты, мезгіл, қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемдерді қолданыңыз. 1. ЭКСПО – 2017 – Қазақстан белесі
2017 жылдың жазында Астана қаласында өткен ЭКСПО көрмесіне барғаныңызды еске түсіріп, көрмеден алған әсеріңіз (не көрдіңіз? Не істедіңіз?) туралы газетке шағын мақала жазыңыз.
2. Биотехнологиялық жаңалықтар
Сіз мектеп телестудиясында жас тілшісіз. Мектебіңізде биотехнология саласындағы ғылыми жобалар сайысы өтіп жатыр. Бұл шараға қонақ ретінде NASA жанындағы университетті бітірген жас ғалым қазақстандық Дәмелі Мектепбаева да келді. Іс-шараның өту барысы туралы шағын репортаж мәтінін жазыңыз.
3. Болашақ энергия көздері
Сізге «Болашақтың энергиясы» қалалық эссе байқауына қатысу мүмкіндігі туды. «Қазақстан үшін жел мен Күн энергиясын өндірудің тиімділігі неде?» тақырыбында шағын эссе жазыңыз.
4. Алаш идеясы мен қайраткерлері
Сабақ тақырыбы: Алаш идеясы мен қайраткерлері. Мұғалім сынып оқушыларына мынадай тапсырма ұсынды: Егер сізде бұрынғы кезеңге өтуге мүмкіндік болса, қай Алаш қайраткерімен кездесіп, сұхбаттасар едіңіз? Ол адамды не үшін таңдайсыз? Кейіпкермен шағын сұхбат мәтінін жазыңыз.
үні,Абай тынысы
Абай лебі,Абай үні,Абай тынысы-заман тынысы ,халық үні.Бүгін ол үн біздің де үнге қосылып ,жаңғырып,жаңа өріс алып тұр.
М.Әуезов
Бүкіл Алаш жұрты,еңбектеген баладан,еңкейген қартқа дейін ұлы Абайды жақсы білсе,ал Абай арқылы қазақ елін төрткүл дүние танитыны хақ.Көзі тірісінде өзінің көрген қайғы-қасіретіне қарамастан ,жұртының сол кездегі хал-жағдайын көріп ,ақ параққа жанынан ақтарыла ойын жазып,халқының шел басқан жанарын тазартуды көздеді.Бүгінде уақыт пен тарих әр нәрсені өз орнына қойды.Халқының қамын жеп ,халқының қамы үшін көп нәрсені құрбан етіп,аяулы армандарынан бас тарта еңбек еткендер тарихта мәңгі қасқайып қалды.Соның бірі,осы күні бүкіл халық оның алдында бас иетін –ұлы Абай.
Байтақ елдің жүрегінде елеулі орын алатын қазақтың бас ақыны Абайға деген құрметпен,Асфендияров атындағы ҚазҰМУ стомотология факультетінің ұйымдастыруымен сәуір айының 22 жұлдызында “Өлмейтұғын артына із қалдырған” атты факультет аралық сайыс өткізілді.Сайыс үш бөлімнен тұрды. “Өлең сөздің патшасы-cөз сарасы ” алғашқы бөлімінде студенттер қалауы бойынша Абайдың өлеңін көркемдеп жатқа оқыса, ал “ Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін” айдарында Абайға өз шығармашылықтарын арнады. “Өлмейтұғын артына із қалдырған” үшінші бөлімінде Абайдың қара сөзін жатқа айтудан жарысқа түсті.Соңғы “Бәйге”атты бөлімде,Абайдың өмір жолына ,шығармашылығына байланысты сұрақтарға жауап беру арқылы студенттердің білімі бағаланды.Сайыста студенттердің көркемдеп оқу шеберлігі,білімі мен шығармашылық қабілеттері сыналды.Жарыстың жалпы қорытындысы бойынша ,Фармацевтика факультетінен қатысқан 1курс студенті Меруерт Манатова “Үздік Абайтанушы”номинациясын жеңіп алды.
Сайыстың барынша жоғары деңгейде және тартысты өткені жөнінде әділқазылар тарапынан пікір айтылды.Бұл сайысқа келген көрермендер де,қатысушылар да Абай шығармашылығынан сусындап қана қоймай, рухани мол қазына,жүректі елжіретерлік үлкен әсермен қайтты.Себебі,бүгінде оның өлеңдері өскелең ұрпақтың бойына рухани,адамдық, ізгілік,парасаттылық,сауаттылық,еңбексүйгіш қасиеттерін қалыптастырады.Осындай тәрбиелік маңызы зор кешті ұйымдастырған Стомотология факультетіне алғыс білдіреміз.
Әлемде әдемі көріністер қанмаша. Оларды тек көзбен көру ұмытылып кететін жағдай. Ал егер де мен суретші болсам, осы көріністері ақ парақ бетіне әдемі етіп салар едім. Табиғат ананың әр бір бояуын канық қылып, әр бір сызығы мен бүрылысын анық қылып салар ма едім? Тіпті әдемі көріністі әлем бұрышынан іздегенше, күннің өзі керемет сурет қой. Күннің батуы. Оның қызғылт-сары түсі көздің жауын алады. Міне суретші болу арманымның мәні осы.
2. Менің ұнататын телебағдарлама.
Қазіргі кезде өмірімізді телевизор, ал онда болатын телебағдарламаларсыз тіпті елестете алмаймыз. Әр түрлі телебағдарламалар бар. Мысалы: бірінде ән салып жарысса, бірінде би билеп жатады. Бірі өз басынан өткерген оқиғаны айтса, бірі телесериалдарды көрсетеді. Әр кімнің өзі сүйіп, уақытысымен күтетін телебағдарламасы болады. Менің сүйікті телебағдарламам - " Такси" бағдарламасы. Ән айтып бақтарын сынап, баратын жерлеріне тегін жетіп, ақша да ұтып алады. Қызықтысы ән айта алмайтындар да өздерін сынағаны.
3. Менің болашақ мамандығым.
Адамдар армандай біледі. Алдарына мақсат қойып, соған жетуге тырысады. Және де белгілі бір мамандық иесі бола алады. Мысалы мен - дәрігер болғым келеді. Дәрігердің міндеттері өте көп. Бірақ менің жаныма жақын осы сияқты. Адам өмірін сақтап қалу, оған көмектесу, міне осындайға талпынамын. Кішкене сәбиге дүние есігін ашуға қол ұшын беру. Шыр еткен дауысы, анасының, отбасы мүшелерінің қуанышын көру, менің армандарымның үлкен бір бөлігі десе де болады. Әр заттың басқа қыры да болады. Дәрігер болудың да қиын бұрылыстары бар. Бірақ мен нық дайынмын.
4. Менің анам
Әлемдегі ең асыл жан, ол - АНА. Көзіңді ашапй тұрып, иісінен-ақ танеисын жан, ол-анамыз. Менің анам асыл жандардың бірі. Маған әрқашан қолдау көрсете біледі. Менің қолдаушым да, қамқоршым. Тұмсықтыға шоқтырмай, қанаттыға қақтырмай өсіріп келеді. Сен кімді суйесін десе, барлығы неше түрлі ойға кетеді. Ал менің ойым анамда. Жақыным менің, асылым менің - алтын анашым.
5. Менің жазғы демалысым.
Жазғы демалыс қызығы, қаладағы балалар ауылға, ауылдағы балалар қалаға ағылады. Міне, мен де әжемнің үйіне келдім. Үлкен сая бақ, жеміс-жидек ағаштары, бақтағы сайраған құстар. Керемет! Таңғажайып ертегі секілді. Жан-жануарлардың да түр-түрін көресің. Маған жылқылар қте қатты ұнайды. Оларға қант берген тіпті қызық. Ал үстіне шығып мінсем, өзімді патшайымдай сезінемін. Суға шомылу да бар. Қызық та, керемет жазғы демалыстардың бірі болды.