Берілген өлең шұмақтарындағы автордың айтпақ ойы қандай? Өрге жүзген өнегелі ісімен,
Таңда адал дос өз теңінің ішінен.
Жүргендер көп достық атын малданып,
Алайда тек қалма оған алданып.
А)Адал достықты сипаттауы
В)Амал достық туралы
С)Бәрін өзіне дос көру
Д) Достықты қадірлеу туралы
Е) Ешкімге сенбеу жайлы
Өсімдікке су керек. Себебі өсімдік сусыз өспейді. Біз оны күнде көріп байқаймыз. Егер топырақ кеуіп қалса, оны жұмсартып су құю керек. Сонда ол әдемі болып жақсы өседі. Су адамға көмекші. Сумен бау бақшаны, егінді суарады. Олар бізге жеміс – жидек береді. Нан өмір, су тірішілік көзі.
Су пайдалы нәрсе. Онымен кемелер, қайықтар жүзеді. Су қатынас жолы. Су тасқыны болса, адамдар оны өз күшімен, ақыл ойымен тоқтатады.
Су өте таза, мөлдір болады. Суды адамдар ауыз суға ішеді, шөлін қандырады, тамаққа пайдаланады. Су тазалық кепілі. Сумен ыдыс аяқ, киім яғни барлық ласты сумен тазалап кетіреміз. Суға шомыламыз. Әр адам судай таза, жақсы болса дені сау, ұзақ өмір сүреді
Қажымұқан шамамен 1871 жылғы 7 сәуірде Ақмола уезі, Қараөткел деген ауылда дүниеге келген. Қажымұқан кедей шаруаның баласы болғандықтан, орыс байларына және дәулетті адамдарға жалданған. Сөйте жүріп, күреске түсіп, той томалақтарда елге көрініп, бала балуан деген атқа ие болған.
Былай басталатын өлең жолдары оның сал-серілігінен де хабардар етеді:
Атандым Мұқан палуан, бала жастан.
Ішінде күштілердің болдым астам.
Талай-талай жерлердің дәмін татып,
Өтті дәурен осылай біздің бастан
Сонда сол циркте жеңген палуан, ең соңында жеңген палуан мен Қажымұқан күреске түседі. Оны жыға алмайды, дегенменен халық арасына танылады. Злобин деген цирктің қожасына ұнайды да, бұл жаңағы барлық зерттеулерде жазады ол «Ваня ағай» деген атақты алғашқы кәсіби Санкт-Петербургдағы мектепті ашқан атақты Лебедевке хат жазып жібереді. Сол арқылы ол сол жаққа барады. Сол жақта үш жылдай дәріс алады. Содан кейінгі өмірі Қажымұқанның үлкен өрісте болады, биіктей түседі жылдан жылға.