Берілген өлең шумақтарынан эпитет пен теңеуді табыңыз.(Қара түске бояңыз) Мөлдіреп тұнып ауа таңғы уақыт,
Дүние демін алып қалды жатып.
Жұлдыздар түнде тұрған қарауылға
Көз ілді ұйқы жеңіп балбыратып.
Келеді алтын сағат көтеріліп,
Бастауға кең әлемнің жұмыс күнін.
(С. Мәуленов «Таңғы тыныштық»)
Қыр мұрының – таулардың сілеміндей,
Нұр-ғұмырың – баулардың тілегіндей.
Қарашы әне, майысқан аппақ гүлді,
Дәл өзіңнің нәп-нәзік білегіндей!
(Ақберен Елгезек «Кешкі ода»
Сонымен қатар аңшылықтың, саятшылықтың ерекше жақсылықтары да бар. Ол кімді болса да салқын сабырға, жан семіртер көңілділікке баулып, ерік күші мен дене күшінің бір-бірімен үйлесім табуына әсер етеді. Сол себептен ата-бабаларымыздың аңшылықты кәсіп ретінде ғана емес, өнер ретінде санауының үлкен мәні бар.
Қазақ арасында аңшылықтың кең тараған танымал түрі - аңды бүркітпен аулау, бүркіт ұстап саятшы болу, аңшылыққа ден қойып, салбурынға шығу.
Халқымыздың арасында жыртқыш құстардың әр түрін қолға үйрету дәстүрі болған. Солардың ішінде ең бір қасиет тұтатын қыраны - бүркіт.
Қазақ аңшылары "Бүркіт" деп жыртқыш құстардың ішіндегі аса тектісін, адам қолына тез үйренуге бейім естісін атаған.