Берілген «Құлпынай жинайтын робот» мәтінінен ашық райлы
етістіктерді теріп жазып, қалай жасалғанын түсіндіру керек.
ҮЛГІ: Қазақтар туралы бұрын-соңды ештеңе естімегенмін.
Естімегенмін – бұрынғы өткен шақ, есімшенің –ген жұрнағы арқылы жасалған. –
мін жіктік жалғаудың І жағы, жекеше түрі
Шыншыл ертегілер
Бұл ертегілер өмір шындығына жақын, ішінде реалдық адам бейнелері басым. Олар кейде өмір шындығынан алынып, бас қаһармандары патша, уәзір хан болып келеді. Мысалы. «Хан мен уәзір», «Өнеге», «Ақылды етікші» ертегілерінің бас қаһармандары күндіз тақта отырса, түнде үстіне жаман киім киіп, шаһар аралап жүретін патша мен оның уәзірлері. Мұндай ертегілерде хан әділ болып көрінеді. Бірақ көп жайда патшалар жауыз адам ретінде суреттеледі. Мысалы, «Ақылды етікші» ертегісінде хан ешкім өз пайдасын ойлап еңбек істемесін деп бүйрық береді. Мүны күндіз-түні етік тігіп, бала-шағасын зорға асырап жүрген етікші енбек адамдарына тиімсіз сол үшін ақылсыз ханның ісі дейді.
Объяснение:
Объяснение:
Абайдың он сегізінші қара сөзі
Абайдың он сегізінші қара сөзі
ОН СЕГІЗІНШІ СӨЗ
А жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек - дұрыс іс. Ләкин өз дәулетінен артық киінбек, не киімі артық болмаса да, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ - кербездің ісі.
Кербездің екі түрлі қылығы болады: бірі бет - пішінін, мұртын, мүшесін, жүрісін, қас - қабағын қолдан түзетіп, шынтағын көтеріп, қолын тарақтап әуре болмақ. Біреуі атын, киімін «айран ішерім» деп, солардың арқасында сыпайы, жұғымды жігіт атанбаққа, өзінен ілгерілерге елеулі болып, өзі қатардағының ішін күйдіріп, өзінен кейіншілерге «әттең, дүние - ай, осылардың атындай ат мініп, киіміндей киім кигеннің не арманы бар екен?!» - дейтұғын болмаққа ойланбақ.
Мұның бәрі - масқаралық, ақымақтық. Мұны адам бір ойламасын, егерде бір ойласа, қайта адам болмағы - қиын іс. Кербез дегенді осындай кер, кердең немеден безіңдер деген сөзге ұқсатамын. Тегінде, а ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақтық.