В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
bogdanpavlovi
bogdanpavlovi
01.12.2021 01:02 •  Қазақ тiлi

Берілген мәтін ішінен оқшау сөздерді тауып жазамыз Толеранттылық – бейбітшілік кепілі.
Біз қазіргі таңда әлемдік аре­надағы түрлі өзгерістерге куә болу­дамыз. Әсіресе, жаһандану үдері­сіндегі адамзаттың қол жеткіз­ген жетістіктері ерекше. Ғылы­ми-техникалық прогресс, эконо­микалық даму, ақпараттық жаңа технологиялардың артық­шылықтары және тағы басқа да игіліктер а мол мүмкіндіктер беруде. Алайда, мұның барлығы адамзаттың тіршілік етуіне қолайлы жағдай туғызып, келешекке деген сенімді нығайта түсетіндей көрінеді. Шын мәнінде солай ма? Нақты жауап беру қиын. Өйткені, әлемде көптеген игілікті істер атқарылып, даму үдерістері жүріп жатқанына, сондай-ақ, адами құндылықтарға баса назар аударылып отырғанына қарамастан, қауіп-қатер де белең алуда. Нақтылай айтқанда, өрке­ниетке қадам басқан бүгінгі әлемнің түкпір-түкпірінде дау-дамай, жанжал, соғыс ошақтары баршылық. Мемлекетаралық, дінаралық дүрдараздықтар, экстремистік, лаңкестік топтар тарапынан болып жатқан қысым, адам құқығын таптау секілді келеңсіздіктер тыйылар емес. Бұл арада әлемдегі экономикалық, әлеуметтік эко­ло­гиялық мәселелердің де біздің болашағымызға, тіпті, бүкіл адамзат өркениетіне қауіп төндіріп тұр­ғанын айтпай өтуге болмайды. Ол өз кезегінде адами, рухани құн­дылықтарға да кері әсерін тигізбей қоймайды. Осынау сын-қатерлерге лай­ық­ты жауап қайтару үшін адамзат толеранттылыққа, төзімділікке, өзара келісімге басымдық беріп, адамгершілікке жүгінуі тиіс. Толеранттылық қай кезеңде болсын ізгілікті іс ретінде саналған. Ол – рухани бірлікке апарар жол. Толеранттылық, төзімділік түр­лі адамдар өмір сүретін ортада өзара сыйластық пен құрметтің ортай­мауына ұйытқы болады. То­ле­ранттылық бар жерде адамдардың құқығы мен бостандығы сақталады. Негізінен, әр адамның татулықты қалауы қоғамның тұтастығын қамтамасыз етудің бір тетігі. Жалпы, толеранттылық үрдіс қалыптаспай, өркениетті қоғам құру мүмкін емес. Ортадағы төзім­сіз­дік, шыдамсыздық түрлі дау-да­майға, тәртіпсіздікке, адам құ­қығының бұзылуына алып келеді. Кейбір қоғамдарда орын алып жатқан нәсілдік кемсітушіліктер, күмәнді таптаурын көзқарастар, дінаралық, ұлтаралық түйткілдер осы төзімсіздіктің салдарлары. Төзбеушілік орын алған жерде оған қарсы күш пайда бола­ды. Бұл өзара жанжалдың ушы­ғуы­на апарып соғады. Жеке адам өз бойындағы төзімсіздікпен күре­суі үшін, алдымен қоғамдағы жағымсыз құбылыстарға, кесірлі топтарға қатысты өзінің байсалды ұстанымын қалыптастыра білуі қажет. Сондай-ақ, әр адам өзіне «Мен өз ортамда төзімділік көрсетіп жүрмін бе?», «Өзімнің көзқарасыммен келіспейтіндерді ұнатпай жүрмін бе?» дегендей мазмұнда сауал қоюы керек. Осы арада француз жазушысы Антуан де Сент-Экзюперидің: «…Егер сен мен сияқты болмасаң, сол үшін сені кемсітпеймін, қайта құрметтеймін», деген сөзін келтіре кетейік. Бұдан біз өзгенің наным-сенімін, өмірлік ұстанымын сыйлау, сондай-ақ, жаратылыстар болмысының әртекті келетініне тү­сі­ністікпен қарау қажеттігін ұғамыз. Әлемнің кереметтілігі – он­дағы тіршіліктердің әртектілігінде екенін де ұмытпағанымыз жөн. Жер бетінде өзіндік ерекше мәдениеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы бар түрлі ұлттар тұра­ды. Жер жүзінің адамдары терең­нен үңілсең, бір-бірімен жіпсіз байланыста. Осы өзара қарым-қатынасты одан әрі нығайта түсу үшін, біріншіден, толеранттылық керек. Адамдар бір-бірінің нәсіліне, ұлтына, жынысына, жас ерекшеліктеріне қарамай, өзара сыйласуға ұмтылуы адамзаттың үлкен жетістігі деп бағалануы тиіс. Толеранттылыққа, төзімділікке, ынтымақтастыққа, өзара келісімге ұмтылу – Жер жүзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, адамдардың бос­тандығы мен құқығын сый­лауға, бақытты өмірге қадам ба­суға мүмкіндік береді. Бүгінде Қазақстан көптеген ұлттар өкілдерінің ортақ үйі, қа­сиетті Отаны болып отыр. Діні, мә­дениеті, тілі, сал-дәстүрі әртүрлі ұлттардың елімізде тату-тәтті өмір сүріп келе жатқаны абыройымызды арттыра түсуде. Бұл мәселеде Қазақстанды әлем үлгі тұтады. Ұлы Даламызда бұрыннан қалып­тасқан толеранттылық, төзім­ділік үрдістері бүгінгі Қазақ­стан қоғамындағы азаматтық тату­лық пен келісімнің, ұлтаралық, дінаралық теңдіктің бастауында тұр. Елбасы Нұрсұлтан Назар­баевтың «Қазақстан-2050» бағдар­ламасында: «Азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім – біздің басты құндылығымыз. Көпұлтты еліміздегі татулық пен келісім, мәдениеттер мен діндердің үндесуі әлемдік эталон ретінде танылған», деп атап көрсеткенін баршамыз бі­леміз. Толеранттылық пен дін еркіндігі еліміздегі дінаралық келісімнің орнауын қамтамасыз етуде. Бұл өз кезегінде Қазақстанның қай салада болсын дамуына тікелей әсерін тигізуде. Мұны қазақстандықтар жақсы түсінеді. Осы орайда Абайдың 34-ші қара сөзінен үзінді келтірсек ар­тық­тық етпес. Абай: «А ң бәрі – дос.

Показать ответ
Ответ:
КнОпОськА8965
КнОпОськА8965
10.11.2022 18:21

Батыс Қазақстан аймағы — Орталық пен Оңтүстік Қазақстан және Орта Азия мемлекеттерінің қақпасы болып табылады. Ол республиканың солтүстік-батысында орналасқан. Бай табиғи ресурстар, қолайлы географиялық мекен, Ресей қалалары мен өзге мемлекеттер арасындағы дамыған экономикалық байланыстар сыртқы экономикалық ынтымақтастықтың дамуына көп септігін тигізеді.

Батыс Қазақстан құрамына Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау және Ақтөбе облыстары кіреді. Бұл аймақ Республиканың ең шалғай батысы мен оңтүстік батысында орналасқан. Оның аумағы солтүстіктен оңтүстікке 1200 км-ге дейін, ал батыстан шығысқа 1300 км-ге дейін созылады.

Үлкен өзендер – Жайық пен Ембі. Үлкен көлдер – Индер, Аралсор, Қамыс-Самарские. Каспий теңізі бұл аймақта ең маңызды рөл атқарады. Мұнай шығару 100 жылдан бері дамып келеді. Атырау қара уылдырықты дайындау және сақтау орталығы болып табылады. Бұл жердің климаты - қатаң континенталды, құрғақ

0,0(0 оценок)
Ответ:
Hеll
Hеll
13.10.2020 12:54
Бұл менің үйім,ал мынау-оның үйі. Мұны өзіңіз жасаңыз. Менде ештеме жоқ. Барлық адамдар көшеде қыдырып жүр. Бұл кім? Қазір ешкім ештеме оқымасын. Бұл сенің орынын ба? Мұнда ешкім отырмасын. Сіз қазақша қалай сөйлейсіз? Мен сізге айтамын! Бұл жаттығуды өздерің орындандар.
Қазір ешкім сені мәжбүрлемейді. Сен мұны өзің біл. Мына кітапты ал, ол өте қызықты. Біреу мұнла келе жатыр. Кәне мен сеннен бірдене сұрайын. Барлық ел қазақ тілің зерттейді. Кәнекей бірдеңе жасайық. Сенің үйің- сенің үйің. Кейбір адамдар қазір жұмыс істеуде. Саған бірдеңе айтайын ба? Өздерің қонаққа барыңдар, менің уақытым жоқ. Өзің баста. Үйде ешкім жоқ. Ешкім жауап бермейді. Барлығы мұнда. 
Біреу балмұздақ алып келсін.
0,0(0 оценок)
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота