Берілген мәтінді оқып, Қажымұқан туралы берілген негізгі ақпараттарды ажыратып жаз. Қазақта «Күш атасы – Қажымұқан» деген сөз кең тарап кеткен. Оның себебі де жоқ емес. 1883 жылы Ақмола облысы Қараөткел ауылында Мұқан (Қажымұқан) атты сәби
дүниеге келеді. Ол жасынан-ақ ерен күшімен әр мезет ауылдастарын таңғалдырып жүреді. Мұқан 18 жасында алғаш рет
Омбы қаласында ашылған циркте орыс балуаны И. Злобинмен
белдеседі. И. Злобин оған Петербургтегі күрес мектебінде оқуға
кеңес береді. Бұл ақылды құп алған Мұқан осы мектепте екі
жыл оқып, үлкен күрес өнеріне жолдама алады. Сөйтіп, Мұқан
Германияның Кельн қаласында неміс балуаны Генрих Веберді
жеңеді, Рига қаласында да бас бәйгеге ие болады. 1910 жылы
Варшава қаласында өткен халықаралық жарыста кіші алтын
медальді, Аргентинаның астанасы Буэнос-Айрес қаласында еркін
күрестен үлкен алтын медальді жеңіп алады.
Все учебники Казахстана на OKULYK.KZ *Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
136
1911 жылы Мұқан Стамбұлда түріктің атақты балуаны Нұрлыны жығады, сол үшін «қажы» атағына ие болып, Қажымұқан атанады. Саратов қаласында ашылған ағайынды Никитиндер циркінде
қазақ батыры бірінші рет осы «Қажымұқан» деген атпен күреске
шықты. Бұдан әрі балуан Тегеран мен Кабулда, Мекке мен Мединеде өткен жарыстарда жеңістерге жетті.
Қажымұқанмын қазақта күшім асқан,
Достарым алып балуан орыстардан.
«Черный Иван» атанып он екі жыл,
Жиырма төрт патшаның жерін басқам, –
деп жырлаған екен балуанның өзі.
1927 жылы ҚазАКСР Орталық Комитетінің Президиумы
Қ. Мұңайтпасовқа «Қазақ даласының батыры» деген атақ берді.
Ұлы Отан соғысы жылдарында жасы қартаң тартып қалған балуан
күш өнерін көрсетіп жүріп жинаған 100 мың сом ақшасына ұшақ
жасатты да, оған Амангелді Имановтың атын беріп, майданға
жіберді. Осы ұшақпен қазақ ұшқышы Қажытай Шалабаев 120 рет
жауынгерлік тапсырма орындады.
Спорт өнері жолында Қажымұқан 148 алтын, күміс, қола медаль алған екен. Алып күш иесі Қажымұқан 1948 жылы 12 тамызда қайтыс болды. Темірланда Қажымұқанға ескерткіш орнатылған.
Астана, Шымкент қалаларындағы стадиондарға балуанның аты
берілген және бірнеше қалаларда Қажымұқан атындағы көше бар.
Өз ұрпағына жеті атасын үйрету атадан балаға жалғасып келе жатқан қазақтың тәрбиелік дәстүрі екені баршаға аян. Мұның қандастық жағынан алғанда үлгі боларлық зор қызметі мен маңызын халқымыз ерте түсінген және оны берік ұстанып келген. Енді осы қағиданың терең тамырына көз жіберіп көрейік. Біріншіден, жеті ата тәртібі туыстық, ағайындық бірлікті, ынтымақты ұстана отырып, бір ауыл, бір бауыр болып өмір сүрген. Бір рудың адамдары осы күнге дейін бір жерде мекендеп келе жатыр.
Екіншіден, жеті атаға дейінгі туыс-туғандардың тұрмыс-тіршілігі де, күнкөрісі де, тұрған жер, суы да, өріс, қоныс, жайлауы да қысы-жазы қатар немесе бірге болады. Қиындықта бір-біріне демеуші, қамқоршы-пана, қуанышты да, реніш-қайғыны да бірге көтеріп бөліседі. «Туысы бірдің – уысы бір» деген сөз осыдан шыққан. Үшіншіден, бір атадан тараған туыстар мен жас ұрпақтар бірін-бірі жақсы таниды. Ағалы-інілі, апалы-сіңілі дегендей, сыйластықта, бауырмалдықта бірге өседі. Мұндай туыс-туған, жақын-жуықтар арасында орынсыз жанжал, ұрлық-қарлық, барымта, зорлық-зомбылық сияқты жат істер болмайды. Өйткені тәртіп бойынша туыстар бір-бірінің малын ұрламайды. Керісінше, сырттай қамқоршы болып, жақын-жуықтарының мал-жанына көз салып жүреді. Әкелер мен аналар бір кіндіктен шыққан перзенттерін ел, ру намысын қорғайтын ержүрек, қайырымды, қаншыл, ұйымшыл, бауырмал етіп тәрбиелейді. «Қанына тартпағанның қары сынсын» деп қатты айтатыны тағы бар. Жеті ата ұғымында ағайын арасындағы үзілмес бірлік, бұзылмас тектік тәрбие-тәлімі өте зор және бұл әдемі, ұтымды тәсілдермен жасалған. Енді осы жеті ата шежіресіне кім жатады? Бұл туралы әртүрлі ойлар мен болжамдар, талас-пікірлер газет-журналдарда да, басқа ортада да туындап отыр. Мұның бір өкініштісі, сол пікірлер арқылы қате ұғымдар мен ой-түйіндердің байыбына терең бойламай айта салушылық пен қателіктер ба өздерден де, оқулықтардан да жиі көрініп қалады. Тура айту керек, бұл – бұрынғы аруақты ата-бабаларымыз бекітіп, айтып, дәлелдеп, нақты тұжырымдап, ғасырдан-ғасырға айқындап салып кеткен сара жол. Бұл – бұлжымайтын тәртіп қағидасы. Жеті ата ұғымы жаңа заң жобасы емес, ежелден қалыптасқан қанатты қағида, санаға сіңген өсиет, өнеге мектебі, ата салтымыз.
Аян мен Тортайдың ата - аналары ерте дүниеден өтеді . Ол екеуіде кітап оқығанды жақсы көреді . Ата - аналарынан ерте айырылғандықтан , оларға еркелей алмады және тәрбие ала алмай қалды . Бірақ олар тәрбиені кітаптан алады . Аянның әкесі майданға кеткенде , екі ай бұрын анасы дүниеден өтеді . Аян әжесімен бірге қалып , әкесінің оралғанын күтеді . Сонан соң әжесі дүниеден өтеді . Оның ешқандай жақыны қалмаған соң , жетім қалады . Сөйтіп оны Бапай атты туысы асырап алады . Тортайға келетін болсақ ол да жетім , ол ауылында өскен . Аян мен Тортайдың өмірлері бір - біріне ұқсас . Себебі ол екеуіде жетім . Екеуіде кітап оқығанды жақсы көреді . Екеуініңде достары көп .Уақыт өтіп бара жатыр , бірақ адамдар соғыс жылдарында , неміс фашизмінің жеңістерін еске түсіреді , тарихта оның маңыздЫЛЫҒЫН жоғары бағалайды , өйткені қазір жауынгерлердің сабақтарын есте сақтай отырып , біз бейбітшіліктің негізі болып табылатынына сенімдіміз . Миллиондаған адамдар Отанның тағдырын өз бетімен бағалайтын өлімді қабылдады . 1945 жылғы соғыс - біздің еліміздің батырлық дәуірінің беті . Оның айрықша ерекшелігі - ұлт . Соғыс көптеген тіршіліктерді жойды . Бірақ оның іздері адамдардың жүрегінде қалады . Қазір біздің құрбандықтарымыз бекер емес екенін түсіндік . Миллиондаған адам өмірі - бұл дәлел . Мүмкін сол себепті біздің тарапымызда жеңіс адамзат үшін тұрақты болып шықты ..