Берілген мәтіндерді мұқият оқып шығыңыз. Оларды тақырыбы, мақсатты аудиториясы (кімдерге арналған?), құрылымы тұрғысынан салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетіңіз. А мәтіні
А ң достық сезімі адаммен бірге жаратылған. Ал бірлігін сақтау жолы, яғни, кілті, ол сүйіспеншілік пен сенімде. Егер осы сенім адам өмірінен алыстай бастаса, қоғам әлсірей түсетіні сөзсіз. Біздегі тыныш та бейбіт өмір әлемнің өзге елдерінде сирек. Бірі ұлтаралық даумен басы қатса, енді бірі лаңкестік арандатушылыққа бой алдырды, тағы бірі тойғанын көтере алмай, енді біреуі түрлі табиғат апатына ұшырауда. Еліміздің мұндай жағдайға ұшырамауының басты себебі, халықтың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен сенімінің молдығы, бірлігіміздің жарастығының арқасында.
Жаратылысымызда мәңгілік ештеңе жоқ. Жер бетіндегі жалпы құбылыс үнемі өзгеріске ұшырап, қозғалысқа түсіп, ол мәңгілік жоғалып кетпесе де, бір күйден, екінші бір күйге ауысып отырады. Осы сияқты жер бетіндегі а ң тыныс-тіршілігі де үнемі қозғалыста. Сол бір қиын-қыстау кезеңде елімізде өмір сүру, дүниені танып білу сезімінде мейірімсіздік пайда болып, бір-біріне деген сүйіспеншілігі кеми бастады. Мәселен, баланың ата-анасына деген сүйіспеншілігінің жоғалуынан, көптеген қариялар балалары бола тұра, қарттар үйін паналады. Ананың іштен шыққан нәрестесіне деген сүйіспеншілігінің жоғалуы салдарынан балалар үйі тастандыларға толды. Халқына, ағайын-жұртына деген сүйіспеншілігінің жоғалуынан кейбір шенеуніктер дүниеқоңыздыққа салынып, елге шығын әкелді. Осының барлығы а ң бір–біріне мейірім шапағатына деген сенім, сезімінің аздығынан болып отыр.
Ә мәтіні
Аңыз кейіпкері Жошы хан - тарихта болған адам, атақты жаһангер Шыңғысханның үлкен ұлы. Мұндай оқиғаның болғандығын тарих растайды. Осыдан үш күн бұрын Шыңғыстың сүйікті ұлы, Қыпшақ даласының билеушісі Жошы аңнан қайтып оралмады. Ол құлан аулауды жақсы көреді екен. Аңға бірге шыққан нөкерлерінің айтуынша, бұлар бір үйір құланға кездесіпті де, ханның оғы солардың бірін жаралапты. Хан ұлының оғы жаралаған ақсақ құлан оны шайнап өлтіреді. Ақыры, күн ұясына қонар шақта, ханның мүрдесі табылады. Ажалы аңнан келгені, я жаудан келгені белгісіз. Ханзада жоғалып кеткеннен кейін хан бір жамандық болғанын сезеді де: «Кім маған балаң өлді деп келсе, соның аузына балқыған қорғасың құямын», - дейді. Ханға баласының қаралы хабарын жеткізуші адамның жазасы - өлім. Ханның сөзін естіп, а туралы шындықты айтуға қорқады. Қара халықты өлім жазасынан құтқару үшін, қаншама қатерлі болса да ханға естіртуді найманнан шыққан ұлы Кетбұғы жырау мойнына алады. Жырау өзі сөйлемей, домбырасын сөйлетеді. Қу тақтай ызынап қоя берді. Домбыраны тартып жатқан Кетбұғы емес сияқты, домбыраның өзі сөйлеп жатқандай көрінді. Күйді тыңдаған хан бәрін түсініп, ашуланады. Күй тартылып біткен соң, қаһарына мінген хан Кетбұғы жырауды жазалауға шешім қабылдады. «Қаралы хабар айтушының жазасы-өлім. Бірақ, Жошының қазасын естірткен мен емес едім ғой! Мына домбыра емес пе еді, саған азалы хабарды жеткізген!»...Жаман хабарды әкелген домбыраға қорғасын құйылсын деген бұйырық береді. Қайғылы хабарды домбыра жеткізгендіктен, оған ыстық қорғасын құяды.Осылайша беткі жағына кішкентай саңылау пайда болыпты-мыс. Ата-бабаларымыздан қалған аңыз осылай толғайды. Найманнан шыққан ұлы жырау Кетбұғы қаһарлы Шыңғысқа, сүйікті ұлы Жошының өлімін осылай естіртіпті деседі.Осылайша «Ақсақ құлан» күйі халықты ханның қаһарынан қорғап қалған екен.
А мәтіні
Ә мәтіні
Мәтіндерде не туралы айтылған?
Мәтіндердің құрылымын ажыратып көрсетіңіз.
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
Қорытынды бөлім
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
Қорытынды бөлім
Мәтіндер кімдерге оқуға арналған? (аудиториясы кімдер?)
Мәтіндердің ұқсас тұстары бар ма?
Мәтіндердің айырмашылығы неде?
ажыратыңдар.
«Елорда», «Ару Астана» — мадақ етіп, жырға қосарлық шынайы тақырып. Сар
даланың төрінде әсем қала бой түзеді. Ия, астанасын жаңғыртқан мемлекеттер
баршылық. Алайда бас-аяғы бес жылда жаңа астанаға қоныс аудару тарихта
болмаған жаңалық екен. Біздің ел жаңа ғасырға, жаңа мыңжылдыққа осындай
ерлікпен енді,
Тәуекел-ердің қадамы, Астананы көшіру туралы сөз қозғалғанда бірі сеніп, бірі
сенбеген. Алайда алғашқы керуен Ақмолаға бет түзеді. Ақмола атауының өзгеруімен
өңірге жаңа леп келді. Астанада зәулім ғимараттар салынды. Сарыарқаға сән кірді.
Астана болашақтың қаласы. Ол саяси, әлеуметтік, қоғамдық диолог, іскерлік пен
озат жетістіктер алаңы,
Сәулетті кешендердің келбеті сан алуан, Ұлттық ұстаным мен бүгінгі заман
өрнектерін астастырған - Ақорда, өмір ағашы-«Бәйтерек», «Астана-Арена» спорт
кешені мен «Хан Шатыр», Тәуелсіздік сарайы мен «Конгресс Холл»-барлығы да бірін-
бірі қайталамайтын туындылар,
Елбасы: «Бұл-ерке Есіл жағасында бой көтерген, ерекше сәулеттік, бірегей мүсіндік
нышандары сап түзеген, жоғары технологиялы болашаққа ұмтылған, көпұлтты және
көпдінді халқы бар әсем де мейірлі Астанамыз», - деген еді. Елін бақытты болашаққа
бастаған, өз ұлтын шын сүйетін перзент - Президенттен артық кім тауып айтар?!
Бағалау критерийі:
Мәтінді оқып, тілдік құралдары арқылы стилін ажыратыңдар
Дескрипторы:
Мәтін мазмұнын түсінеді;
Мәтіннің стилін анықтайды;
Ауа райын болжау – ауа райын алдын ала ғыл. негізде анықтау. Алдымен синоптик. процестер (ауа массалары, антициклон, атмосф. шебі, т.б.) анықталады, соның негізінде атмосф. құбылыстар (жауын-шашын, тұман, боран, т.б.) болжанады. Уақыт ұзақтығына байланысты Ауа райын болжау өте қысқа, қысқа (1 – 2 тәулікке), орта (3 – 10 тәулікке), ұзақ (бірнеше айға дейін) және өте ұзақ (бір жылдан астам) мерзімдік болып бөлінеді. Синоптик. және аэрол. ст-лардан келетін мәліметтердің өңделуі нәтижесінде циклондар мен антициклондардың, т.б. синоптик. нысандардың қозғалысы бақыланады. Ауа райын болжау үшін қысым және топография карталары, ғарыштық түсірімдер, т.б. мәліметтер қолданылады. Синоптик. жағдайларды болжау бірнеше кезеңнен тұрады: 1) циклондар мен антициклондардың пайда болуын, дамуын және қозғалысын болжау; 2) атмосф. шептердің қозғалысын және өзгеруін болжау; 3) атмосферадағы ағындардың бағытын болжау. Гидрометеорология орт-нда ауа райынан басқа ауыл шаруашылығы дақылдардың өсуі, өнімділігі болжанады, сондай-ақ мал ш-на да қатысты болжаулар жасалынады.