Берілген мәтіндерді мұқият оқып шығыңыз. Оларды тақырыбы, мақсатты аудиториясы (кімдерге арналған?), құрылымы тұрғысынан салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсетіңіз. А мәтіні
А ң достық сезімі адаммен бірге жаратылған. Ал бірлігін сақтау жолы, яғни, кілті, ол сүйіспеншілік пен сенімде. Егер осы сенім адам өмірінен алыстай бастаса, қоғам әлсірей түсетіні сөзсіз. Біздегі тыныш та бейбіт өмір әлемнің өзге елдерінде сирек. Бірі ұлтаралық даумен басы қатса, енді бірі лаңкестік арандатушылыққа бой алдырды, тағы бірі тойғанын көтере алмай, енді біреуі түрлі табиғат апатына ұшырауда. Еліміздің мұндай жағдайға ұшырамауының басты себебі, халықтың бір-біріне деген сүйіспеншілігі мен сенімінің молдығы, бірлігіміздің жарастығының арқасында.
Жаратылысымызда мәңгілік ештеңе жоқ. Жер бетіндегі жалпы құбылыс үнемі өзгеріске ұшырап, қозғалысқа түсіп, ол мәңгілік жоғалып кетпесе де, бір күйден, екінші бір күйге ауысып отырады. Осы сияқты жер бетіндегі а ң тыныс-тіршілігі де үнемі қозғалыста. Сол бір қиын-қыстау кезеңде елімізде өмір сүру, дүниені танып білу сезімінде мейірімсіздік пайда болып, бір-біріне деген сүйіспеншілігі кеми бастады. Мәселен, баланың ата-анасына деген сүйіспеншілігінің жоғалуынан, көптеген қариялар балалары бола тұра, қарттар үйін паналады. Ананың іштен шыққан нәрестесіне деген сүйіспеншілігінің жоғалуы салдарынан балалар үйі тастандыларға толды. Халқына, ағайын-жұртына деген сүйіспеншілігінің жоғалуынан кейбір шенеуніктер дүниеқоңыздыққа салынып, елге шығын әкелді. Осының барлығы а ң бір–біріне мейірім шапағатына деген сенім, сезімінің аздығынан болып отыр.
Ә мәтіні
Аңыз кейіпкері Жошы хан - тарихта болған адам, атақты жаһангер Шыңғысханның үлкен ұлы. Мұндай оқиғаның болғандығын тарих растайды. Осыдан үш күн бұрын Шыңғыстың сүйікті ұлы, Қыпшақ даласының билеушісі Жошы аңнан қайтып оралмады. Ол құлан аулауды жақсы көреді екен. Аңға бірге шыққан нөкерлерінің айтуынша, бұлар бір үйір құланға кездесіпті де, ханның оғы солардың бірін жаралапты. Хан ұлының оғы жаралаған ақсақ құлан оны шайнап өлтіреді. Ақыры, күн ұясына қонар шақта, ханның мүрдесі табылады. Ажалы аңнан келгені, я жаудан келгені белгісіз. Ханзада жоғалып кеткеннен кейін хан бір жамандық болғанын сезеді де: «Кім маған балаң өлді деп келсе, соның аузына балқыған қорғасың құямын», - дейді. Ханға баласының қаралы хабарын жеткізуші адамның жазасы - өлім. Ханның сөзін естіп, а туралы шындықты айтуға қорқады. Қара халықты өлім жазасынан құтқару үшін, қаншама қатерлі болса да ханға естіртуді найманнан шыққан ұлы Кетбұғы жырау мойнына алады. Жырау өзі сөйлемей, домбырасын сөйлетеді. Қу тақтай ызынап қоя берді. Домбыраны тартып жатқан Кетбұғы емес сияқты, домбыраның өзі сөйлеп жатқандай көрінді. Күйді тыңдаған хан бәрін түсініп, ашуланады. Күй тартылып біткен соң, қаһарына мінген хан Кетбұғы жырауды жазалауға шешім қабылдады. «Қаралы хабар айтушының жазасы-өлім. Бірақ, Жошының қазасын естірткен мен емес едім ғой! Мына домбыра емес пе еді, саған азалы хабарды жеткізген!»...Жаман хабарды әкелген домбыраға қорғасын құйылсын деген бұйырық береді. Қайғылы хабарды домбыра жеткізгендіктен, оған ыстық қорғасын құяды.Осылайша беткі жағына кішкентай саңылау пайда болыпты-мыс. Ата-бабаларымыздан қалған аңыз осылай толғайды. Найманнан шыққан ұлы жырау Кетбұғы қаһарлы Шыңғысқа, сүйікті ұлы Жошының өлімін осылай естіртіпті деседі.Осылайша «Ақсақ құлан» күйі халықты ханның қаһарынан қорғап қалған екен.
А мәтіні
Ә мәтіні
Мәтіндерде не туралы айтылған?
Мәтіндердің құрылымын ажыратып көрсетіңіз.
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
Қорытынды бөлім
Кіріспе бөлім
Негізгі бөлім
Қорытынды бөлім
Мәтіндер кімдерге оқуға арналған? (аудиториясы кімдер?)
Мәтіндердің ұқсас тұстары бар ма?
Мәтіндердің айырмашылығы неде?
(Поле осенью паши, если осенью не вспашешь, весной сто раз пахать придется. )
Егіндікті күз суар, күз суарсаң, жүз суар.
(Пашню осенью по сто раз поливай. )
Егілмеген жер жетім, елінен айырылған ер жетім.
(Сиротливо смотрится пашня, на которой не сеют, сиротою выглядит джигит без родины. )
Жеріне қарай егін ек, жолына қарай жегін жек.
(Про посевы знает тот, кто их засевает, про телегу знает тот, кто ее запрягает. )
Жастанғаның жапырақ, төсенгенің топырақ.
(Под голову листья стелятся, под тело земля ложится.)
Қазіргі уақытта Қазақстанда “ФудМастер”, “Адал”, “Смак”, “Қайсар”, “Агропродукт”, қымыз және шұбат өнімдерін шығаратын “Саяқ”, т.б. шетелдік және отандық компаниялар сүт өнімдерімен қатар сүтке әр түрлі биоқоспалар қосып, тәтті “БИО-С”, “Пеппи”, т.б. өнімдерді шығарады.
Сүт тағамдарын қазақ халқы бір сөзбен “ақ” дейді. Ақтан тағамдар әзірлеуде бірнеше мыңдаған жылдар бойы халық аса бай тәжірибе жинақтай отырып, одан жүзден астам тамақ түрлері мен дайындау әдістерін жасаған. Сиыр сүтінен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты, ұнтақ түріндегі ұлттық тағамдар жасаса, ешкі сүтін емге қолданған. Бие сүтін ашытып қымыз, түйе сүтінен шұбат жасап, оларды әр түрлі ауруларға ем ретінде де пайдаланған. Сүт тағамдарының құрамы ақуыз, май және көмірсуларға өте бай, олар адам организмінде оңай қорытылады әрі сіңімді болады. Кейбір Сүт тағамдарында түзілетін сүт қышқылы адамның ас қорыту жүйесіндегі шіру процестерінің дамуын тежеп отырады. Ол денсаулыққа пайдалы және қоректік қасиеті мол.