Берілген мәтіннен 5 сұрақ құрап жаз.
«Жарнама». Жұптық жұмыс.
Өздеріңе ұнайтын кітаптың біріне
жарнама жасаңдар. Талаптар:
кітаптың қысқаша мазмұны;
кітаптың маңызы; оқудың пайдасы;
оның бағасы; жеңілдіктер; автордың
тұрақты оқырманы болып сөйлеу;
метафора сөздерді қолдану: өмір
азығы, білім қазығы, жарық ой,
терең мағына, сырлы әлем және т.б.
Ежелгі Қазақстан мәдениеті немесе Ұлы
дала өркениеті — Еуразия өркениетінің басы,
жалпыадамзаттық өркениеттің құрамдас
бөлігі. «Дала» деген ұғымды «шөл» деп
ұғуға болмайды. Бүгінгі Қазақ жерінде
45000 өзен, 85000 көл бар. Алтай, Ұлытау,
Қаратау, Мұғаджар, Алатау, Орал таулары да
ОСЫ далада орналасқан. Алтайдан Дунайға
дейінгі Дешті Қыпшақ жері — әрі далалы,
әрі таулы, әрі өзен-сулы, нулы өлке. Осы Ұлы
далада өркениеттің орнауына себеп болған
бірнеше фактор бар: