Берілген оқшау сөздерді қолданып, мәтін бойынша ойыңды таратып айт.
Үлгі: Меніңше, білімді ұрпақ бұл - тәуелсіздік тірегі.
1. Меніңше, ұлттық қауіпсіздік дегеніміз…
2. Әрине, бұл мәселелер уақтылы шешілмесе…
3. Сірә, білім беру мен мемлекеттің қауіпсіздігі…
4. Апырай, Ә! Білім беружүйесі мынадай болса…
5. Әттеген-ай, бұрыннан бері білім жүйесін…
Тосын сый.
Ауылдаға ең мейірлі де мейрімді Иба әжейдің немересі көп-ақ еді.Бірақ әжей жалғыз ғана тәтті Айаруды ерекше жақсы көретін.Бүгін,міне,сол жақын немересінің туған күні де келіп жетті.Айару жетіге толды.Иба әжей болса туған күн иесіне тосын сый жасамақшы.Айарудың сүйіп жейтін бәлішін пісіріп қойды.Алдын ала зейнетақысына сауда үйінен сатып алған кең етекті көйлегі де дайын тұр.Айару сабақтан келген бойда,үй ішінің барлығы оны туғаны күнімен құттықтады.Әжесінің сыйлығын алып,алғысын айтып,құшақтай алған еді.Немересінің жүзінен қуанышты көрген Иба әжей де мәз.Айару да әжесін қатты жақсы көріп,ерекше құрметпен қарап,сыйласатын.Енді әжесінің бетінен сүйіп,еркелей түсуде.
Күз келді. Айнала алтын түске боялған. Ағаштардың жапырақтары сары, қызыл болып жерге түскен. Құстар жылы жаққа ұшуға дайындалуда.( әңгімелеу м)
Кірпіш
Ежелден адамдар үйді кірпіштен салуды ұнатқан.Себебі, кірпіш суда ерімейді, суықта үгілмейді. Ол күйдірілгендіктен берік болады. Қазір де кірпіш үй құрылысында, өнеркәсіп құрылыстарында пайдаланылады. (пайымд.м)
Аққу
Аққу киелі құс. Аққудың мойны ұзын, тұмсығы қара, ұшы қызыл болып келеді. Аққудың қанаты үзын, мамығы ұлпа болады. Ол ұшқанда жаймен ұшады. Аққулар достықтың, мәңгіліктің белгісі (сипатт)