В
Все
М
Математика
О
ОБЖ
У
Українська мова
Д
Другие предметы
Х
Химия
М
Музыка
Н
Немецкий язык
Б
Беларуская мова
Э
Экономика
Ф
Физика
Б
Биология
О
Окружающий мир
Р
Русский язык
У
Українська література
Ф
Французский язык
П
Психология
А
Алгебра
О
Обществознание
М
МХК
В
Видео-ответы
Г
География
П
Право
Г
Геометрия
А
Английский язык
И
Информатика
Қ
Қазақ тiлi
Л
Литература
И
История
ekozhushkova
ekozhushkova
21.01.2023 16:40 •  Қазақ тiлi

Берілген сөйлемді сабақтас құрмалас сөйлемге айналдырып жаз.
Данные предложение превращайте в сложносочиненные предложение алада өмір сүру адамның денсаулығына ықпал етеді.
Қалада өмір сүру адамның денсаулығына ықпал ет

Показать ответ
Ответ:
fara32
fara32
22.10.2021 09:56

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейі – тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орта Азия аумағына танымал, бірегей әрі көне музейлердің бірі. Оның қоры 300 мыңға жуық материалдық және рухани мәдениет құндылықтарынан тұрады. Қазіргі таңда музейде тұрақты жеті экспозициялық зал жұмыс істейді, түрлі мазмұндағы коллекциялар көрерменге Қазақстанның байырғы палеонтологиясы, ежелгі, ортағасыр, жаңа және қазіргі заманғы тарихы мен мәдени мұрасы жайлы толыққанды мағлұмат алуға мүмкіндік береді. Жалпы музей экспозициясы қазақтардың бүкіл тұрмыс-тіршілігі мен мәдениетінің ежелгі дәуірден бастап қазіргі заманға дейінгі «музейлендірілген» моделі болып табылады.

Музей коллекцияларын құру туралы бастама ХІХ ғасырдың 30-жылдары қолға алынды. Оның негізі Орынбордағы Неплюев әскери училищесінде «Орынбор өлкесіндегі Музеум» деген атпен ұйымдастырылды. Оны ұйымдастырушылардың бірі – белгілі тіл маманы, «Орыс тілінің түсіндірме сөздігінің» авторы Владимир Даль. Әр жылдарда музей қорының құрамы Жетісу облысы (1929 ж.) мен республикалық атеизм музейінің (1941 ж.) коллекцияларымен толығып отырды. Музей 1904-1907 жж. Алматы қаласындағы вернендік белгілі архитектор А.П. Зенковтың жобасы бойынша салынған тамаша архитектуралық кешен – Вознесенский Кафедралды соборына орналасты. 1920 ж. Қазақ автономиялық республикасының басшылық қаулысымен Орталық Қазақ өлкетану музейі құрылды. Осы сәтте Орынбор губерниясы музейіндегі коллекциялардың бір бөлігі жаңадан құрылып жатқан Орталық өлкетану музейіне берілді. Алайда, ҚР МОМ-ның толыққанды қалыптасуы, Орталық өлкетану музейін Қазақ Автономиялық республикасының жаңа астанасы – Алматыға көшіруімен байланысты, 1929 жылы ғана толығымен аяқталды. 1944 жылы музей 1-категорияға жатқызылып, өзінің қазіргі – Қазақстанның Мемлекеттік Орталық музейі атауына ие болды. Бұдан кейінгі жылдары да өзінің қалыптасуы мен дамуында Мемлекеттік орталық музей еліміздің басты мәдени-ағартушы және ғылыми мекемелерінің бірі ретінде республиканың дамуына қомақты үлес қосты. XIX ғасырда өз қызметін бастаған, ХХ ғасырдағы бар қиындықты бастан өткерген Орталық музей еліміздегі өзге де музейлердің ұйымдастырылуы мен дамуына атсалысты. Орынбор, Қызылорда, Алматы кезеңдерін басынан өткерген, өлкеміздің археологиялық, этнографиялық және географиялық байлықтарын зерттеуде белгілі нәтижеге қол жеткізген музей көпшілікті ел тарихымен таныстырды. Орта Азия мен Қазақ өлкесіндегі ең үздік архитектуралық ғимарат болып есептелетін музейдің қазіргі ғимараты 1985 жылы Ю.Ратушный, З.Мұстафина және Б.Рзағалиевтардың жобалары бойынша салынған еді. Мұндағы көрме экспозициясы 7000 шаршы метрді құраса, музейдің жалпы ауданы 20 мың. шаршы метрді құрайды. Музейдің қор коллекциясы тарихи, археологиялық және этнографиялық сипаттағы 300 мыңға жуық сақтам бірліктен тұрады. Музей экспонаттарының қатарында мәдени дәстүр мен ерте дәуірден бастап қазіргі заманға дейінгі Қазақстанның тарихынан көрініс беретін материалдық мәдениеттің тамаша ескерткіштері кездеседі. Музейдің қор жинақтарын қалыптастыруда қазақ мәдениеті, әдебиеті мен өнер қайраткерлері, тарихшы ғалымдар, саясаткерлер, қоғам қайраткерлерінің атқарған қызметтері зор болды. Атап айтсақ, А.Байтұрсынов, Ә.Жиреншин, Ғ.Мұстафин, К.Бадыров, Ә.Марғұлан және т.б. Мемлекеттік Орталық музейді әр жылдары Ә.М. Жиреншин (1942-1951 жж.), С.С.Есова (1956-1973 жж.), Р.И.Қосмамбетова (1974-1995 жж.), Г.Б.Дюсенбинова (1995-1997 жж.), Е.Т.Жангелдин (1997-1999 жж.) сынды іскер басшылар басқарып, еліміздің бас музейінің дамуына өзіндік үлестерін қосты. Республиканың түрлі аймақтарында тарихи-этнографиялық экспедициялар ұйымдастырылып отырды. Соның нәтижесінде қазақ халқының дәстүрі, көпұлтты Қазақстан халықтарының саяси және әлеуметтік тарихи өмірін бейнелейтін үлкен қомақты материалдар жинақталды.

0,0(0 оценок)
Ответ:
olesya3010ozvprt
olesya3010ozvprt
22.10.2021 09:56

Объяснение:

Еуропа Ғарыш Агенттігі алдағы 6 жыл ішінде Айда кен қазу жұмысын жүргізу үшін ғарыш кемесін ұшыратын Ariane Group–пен келісімшартқа отырды.

Еуропа Ғарыш Агенттігі алдағы 6 жылда Айда кен қазу жұмысымен айналыспақ. Бұл мақсатқа жету үшін дүйсенбі күні ғарыш кемесін ұшыратын ArianeGroup (Airbus және Safran бірлескен кәсіпорнымен) келісімшартқа қол қойды. Бір жылға жасалған келісімшарт (Айдың бетіндегі оттегі және су болуы мүмкін топырақ пен жартастарда) кен қазу жұмысын жүргізуге жол ашады. Бұл топырақ пен жартастар Айда салынатын базаны құру үшін пайдаланылуы мүмкін.

Бұл тапсырма үшін Ariane 64 ұшыру құралы қолданылады. Еуропалық ғарыш агенттігі (ESA) ArianeGroup-қа осы ұшу технологиясын әзірлеуді және 2020 жылы әрекет етуге тапсырыс берді.

Ай аспабын немістер бастамасымен PT ғалымдары жасайды. Ғалымдар тобы алғашқы мобильді байланыс желісін құру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр.

Бастама жаман емес

Айта кетейік, Еуропа Айда кен өндіру жоспарын жүзеге асыратын бірінші аймақ емес. Бұл жолда Қытай мен Үндістан да “Гелиум-3” атты аппаратпен қарқынды еңбек етіп жатыр. “Гелиум-3” – айда ядролық энергия шығаруға арналған құрылғы. Болашақта одан ғарыш аппаратының отыны алынуы мүмкін. Қытай алғаш рет өз аппаратын Айдың жерден көрінбейтін бетіне қондырды.

Қытайдың да мақсаты – Айда база қалыптастыру. Әлемдік сауда шиеленістеріне қарамастан, АҚШ (NASA) пен Қытай бұл салада бірге жұмыс істеп жатыр.

0,0(0 оценок)
Популярные вопросы: Қазақ тiлi
Полный доступ
Позволит учиться лучше и быстрее. Неограниченный доступ к базе и ответам от экспертов и ai-bota Оформи подписку
logo
Начни делиться знаниями
Вход Регистрация
Что ты хочешь узнать?
Спроси ai-бота